Балуан қалай Қажымұқан атанды?

“Күш атасы, қазақтың тұңғыш кәсіпқой балуаны Қажымұқан 12-13 жасында 20 жастағы жігіттей алып тұлғалы болған балуан – шынымен де қажылығын өтеген қазақтың бірі. Әлем чемпионы атанған спортшы дінге жақын, иманды жан болған. Қажымұқанның бірінші әйелі – орыс қызы Надежда Чепковская. Мұқан өзге қазақ зиялылары тәрізді некесін мұсылманша қидырып, әйелі Надеждаға Ислам дінін қабылдатады. Есімін өзгертіп, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүйікті қызы Фатиманың атын бергізеді. Кейін халық оны «Бәтима» атап кетеді.

Ыстамбұлда атақты түрік палуаны Нұрланы жеңген соң, Шәкір паша мен Имам Баюр Мұқанды құрметтеп қажылыққа шақырады. Сөйтіп үш аптаға созылған керуен Орталық Таврдан, Тигр өзенінің бойымен Бағдатқа, одан әрі Үлкен Нефуз шөлімен Меккеге жетеді. Меккеде құлшылық жасап, Мұқан құдықтан зәмзәм су ішеді, Арафат тауының етегінде үш күн шатырда түнейді. Қысқасы, ол қажылықтың шарттарын түгелімен орындайды. Содан бастап Мұқан деген есімі ұмытылып, Қажымұқан аталып кетеді. Балуан ауылдасы Дүйсенбай Елібаевқа: «Балам, мені халық бірінен-бірі естіп қана біліп жүр. Атымды да толық білмеген жұрт Әжімұқан деп атап жүр. Менің атым – Қажымұқан. Меккеден келе жатқанымда «Қажы» деген сөзді түріктер қосып, «Қажы Мұқан» атандым», – деп айтқан екен.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

«Ауылым — Арыс жағасында» атты өнер мен руханият тоғысқан фестивальдің финалы өтті

Ауданымызда дәстүрге айналған «Ауылым — Арыс жағасында» өнер фестивалі биыл жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көпшіліктің көңілінен шықты. Бүгінгі финалдық Гала-концертке жиналған ...

Түркістанда «Бабалар рухына 100 хатым» атты тағылымды іс-шара өтті

2025 жылдың 1 қазанында рухани астана Түркістан төрінде, қасиетті Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти ...