Түркістанда дін қызметкерлері арасында спартакиада басталды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда дін қызметкерлері арасында спартакиада басталды

Түркістанда 18 қазан – Рухани келісім күніне орай дін қызметкерлері арасында спартакиада басталды.

Дүбірлі доданың ашылу салтанатына арнайы қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев көпшілікті айтулы мерекемен құттықтап, командаларға сәттілік, төрешілерге әділдік тіледі.

– Бұл – спорттық сайыс қана емес, достық пен ынтымақтың, бірліктің айғағы. Себебі спорт та, рухани келісім де адамдарды біріктіреді, әділдікке, табандылыққа және жеңіске жетуге тәрбиелейді. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев спортшылармен жүздесуінде: «Мемлекет спорт саласын дамытуға баса мән береді. Сіздерге қарап жастарымыз спортпен шұғылдануға және салауатты өмір салтын ұстануға ұмтылады. Сіздердің жетістіктеріңіз мемлекеттің беделін арттыруға септігін тигізеді» деген болатын. Сондықтан спорттың бұқаралық сипатын дамыту – мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі. Елімізде халықты бұқаралық спортқа тарту көзделген. Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала, – деді Ертай Кенжебекұлы.

Діни конфессиялар арасындағы өзара түсіністік пен достықты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жарыста қатысушылар шағын футбол, арқан тартыс, кір тасын (гир) көтеру мен қол күрес (армрестлинг) сынды спорт түрлері бойынша бақ сынайды.

«Астана» спорт кешеніндегі сайысқа облыс аумағындағы діни конфессия өкілдері және дін саласындағы мемлекеттік мекеме қызметкерлерінен құралған 8 команда қатысуда. Ә дегеннен өздерінің жеңіске деген жігерлерін көрсетіп, үлкен дайындықпен келген діни қызметкерлерінен құрылған командалар өздерін дін ісінің төңірегінде ғана емес, салауатты өмір салтын ұстанған кәнігі спортшы екендіктерін дәлелдеп бақты.

Жарыс жеңімпаздарына арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы Сауран ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына жұмыс сапарымен барып, Шорнақ ауылында бой көтерген жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты. ...

В Туркестанской области строится неимеющий аналогов в стране откормочный комплекс

В Сауранском районе динамично ведется строительство одного из крупнейших инвестиционных проектов в сфере агропромышленного комплекса — откормочного комплекса, не имеющего ...