Хамитовтің келесі қарсыласы белгілі. Бірақ оның жекпе-жегі кейінге қалдырылып отыр

Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Қуат Хамитов (20-6-1) октоганға 2021 жылы ғана оралады. Бұл туралы спортшының өзі Instagram парақшасында хабарлады. 

Хамитов келесі кездесуін 7-қаңтар күні Магнитогорск қаласында өтетін Fight Nights турнирінде өткізеді. Оның қарсыласы ресейлік Магомед Магомедов (12-3) болады. 

Негізі Хамитов алдағы айқасын желтоқсан айында осы Магнитагорск қаласында өткізетінін мәлімдеген еді. Бірақ бұл жекпе-жек кеші кейінге шегеріліпті. 

Айта кетейік, отандасымыз өзінің соңы кездесуін қыркүйек айында, Fight Nights Global турнирінде өткізді. Хамитов бұл кеште ресейлік Ахмад-Хан Боковты жеңді.

Дереккөз: Vesti.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Шымкентте садақ атудан жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты басталды

Бүгін садақ атудан жабық кешендегі ҚР чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің өңірлерінен 300-ден астам спортшы қатысуда. Жарыста Астана, Алматы, Шымкент ...

Шымкент спортшылары Азия кубогында жеңіс тұғырынан көрінді

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден Азия Кубогында ел спортшылары үздік нәтижелерге қол жеткізді. Қазіргі таңда спортшыларымыз 17 медаль ...