Қазақстан бокс федерациясы World Boxing ұйымына кіруге өтінім берді

Қазақстан бокс федерациясы ұзақ талқылаулар мен сараптаманың нәтижесінде маңызды шешім қабылдады. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан World Boxing ұйымының қатарына қосылу үшін ресми өтініш берді.

Бұл шешім бірінші кезекте отандық боксшылардың Олимпиадалық болашағымен тікелей байланысты.

«Қазір бокстың Олимпиада бағдарламасында қалу мәселесі ХОК деңгейінде талқыланып жатыр. Боксты Олимпиада ойындарының бағдарламасында сақтап қалу мақсатында барлық елдермен ортақ жұмыс жасауға дайынбыз. Бұл шешім боксты одан әрі дамытуға мүмкіндік береді деп санаймыз. World Boxing Олимпиадалық Комиссиясының төрағасы, Ұлттық Олимпиадалық Комитет президенті Геннадий Головкинмен кездесу барысында Отандық бокстың даму жолдарын талқыладық» — федерация басшысы Шахмұрат Мүтәліп.

World Boxing – Халықаралық бокс федерациясы. Бұл ұйым 2023 жылдың сәуір айында құрылған. Қазіргі уақытта оның құрамына 44 елдің ұлттық федерациясы енген.

x

Check Also

Қазақстан мен Ислам даму банкі инфрақұрылымдық жобалар бойынша ниеттер туралы хаттамаға қол қойды

Джидда қаласында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі – ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі Нұрлан Байбазаровтың Ислам даму банкінің (ИДБ) президенті Мұхаммед Сүлейман әл-Джассермен ...

ЕАЭС расширяет маркировку

8 июля на очередном заседании Совета Евразийской экономической комиссии (ЕЭК), прошедшем в онлайн-формате, был принят ряд важных решений. Казахстанскую делегацию ...