Шымкенттік журналистер мақтааралдық балаларға теледидар сыйлады

Қазақстан Журналистер Одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Уәли Қыдыр бастаған бір топ журналистер бүгін арнайы Мақтаарал ауданына барды. Сапар барысында БАҚ өкілдері қашықтан білім алып жатқан балаларға теледидар тарту етті.

Сондай-ақ ауыл балаларына 5 мың дана балмұздақ үлестірді. Оған қоса көпбалалы аналарға қаржылай да қолдау білдірді. С.Жанәбіл, Ғ.Зиябек, Ә.Әссанди, Б.Тайжан, Е.Әмірбек, Б.Түйетаев, А.Сүлеева, Қ.Ботабеков, Т.Фазылбек, Д.Әбдіраманов, Т.Балтабаев сынды қаламы қарымды журналистер арнайы барып, қиналған жұрттың жағдайын білді. Журналистер қауымы ұйытқы болған игі шараға белгілі меценат Б.Әшіров атсалысты.

Қазақстан Журналистер Одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, «ONTUSTIK» телеарнасының директоры Уәли Сағындықұлы жұртты түрлі арандатушылықтардан аулақ болуға шақырды. Оған қоса тосыннан келген апатқа қарсы ел болып күресіп жатқанын айтып, Қазақстанның төрт бұрышынан мақтааралдықтарға қолдау көрсетіп жатқанын жеткізді. Елдіктің жағдайы сынға түскен сағатта бірлікте болуды айтты.

Еске сала кетейік, Өзбекстанның Сардоба су қоймасын бұзып аққан су Мақтаарал ауданының 5 ауылындағы 1033 үйді басып қалды. Оның 989 тұруға жарамсыз болып қалған. Атап айтқанда Жеңіс, Өргебас, Достық, Жаңатұрмыс және Фердауси ауылдары су астында қалды. Аудандағы 7639 гектар егіндікті су басты.

Елдің еңсе тіктеуіне жұрт қолдан келген көмегін жасауда. Бүгінде Мырзакенттен шығаберісте 505 үй салынып жатыр. Ол жерге Жеңіс, Жаңатұрмыс және Достық ауылының тұрғындары көшірілмек.

Ауыл балаларын сауықтыру мақсатында Мақтаарал ауданындағы тасқын судан зардап шеккен Жеңіс, Нұрлы жол, Жантақсай, Жаңа тұрмыс, Өргебас, Фердауси ауылдарының дәрігерлік есепте тұрған және көпбалалы отбасыдан шыққан 152 оқушысы «Сарыағаш» емдік сауықтыру шипажайына демалысқа аттанды. Олар сонда 14 күн дем алып, сабағын оқиды. Қосымша 47 қария «Біркөлік» сауықтыру орталығына демалысқа жіберілген. Бұл игілікті іске Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасы ұйытқы болып отыр.

Үйлері су астында қалған ауыл тұрғындары қашан да игі істің алдында жүретін журналистердің қайрымдылығына ризашылығын білдіріп, алғыстарын айтты.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...