2025 жылы Қазақстандағы ауылдарда 176,4 млрд теңгенің мың жаңа жобасы іске асырылуда — Xnews — ақпарат агенттігі

2025 жылы Қазақстандағы ауылдарда 176,4 млрд теңгенің мың жаңа жобасы іске асырылуда

Биыл еліміздегі 500 ауылдық елді мекенде «Ауыл – ел бесігі»бағдарламасы шеңберінде мыңға жуық жоба іске асырылмақ. Осы мақсатта 2025 жылға арналған бюджеттен 176,4 млрд теңге қарастырылып отыр.

Жоба 2019 жылдан бері жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысының тапсырмасымен ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға — инженерлік, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, негізгі қызметтерге қол жеткізуді арттыру, өмір сүруге қолайлы орта құруға арналып отыр.

2019-2024 жылдары ауылды дамытуға 524 млрд теңге бөлінді. 2,6 мың тірек және спутниктік ауылда 6,6 мыңнан астам жоба орындалды. Осының арқасында, 772 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысаны, мектеп, медициналық пункт пен мәдениет үйі сияқты 2,1 мың әлеуметтік нысан, 3 мыңнан аса кентішілік жол салынып, жөнделген.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

x

Check Also

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...

Шымкент: «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол инфрақұрылымымен қамтылды

Шымкент қаласындағы «Жұлдыз» индустриалды аймағында орналасқан өнеркәсіптік кәсіпорындарға қызмет көрсетуге арналған тұйықталған теміржол желісінің құрылысы аяқталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков ...