Шымкенттегі ауруханада 274 адам карантинде жатыр — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкенттегі ауруханада 274 адам карантинде жатыр

Шымкенттің Денсаулық сақтау басқармасы 274 адам ауруханада карантинде жатқанын мәлімеді.

«Тіркелген 14 науқаспен байланыста болған 327 адам анықталды, оның 177-сі жақын араласқан. Стациоарларда карантинде 274 адам, үй карантинінде 53 адам жатыр. Стационарда жатқандардың денсаулығы қанағаттанарлық», — деді Шымкенттің қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әбдіманап Түлебаев.

Айта кетейік, бүгін Шымкент қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. Науқас 1964 жылы дүниеге келген. Бұл — Қазақстандағы коронавирус індетінен болған алтыншы өлім жағдайы. Ал жалпы COVID-19 жұқтырғандардың саны — 569.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 219 адам, Алматы қаласында — 115 адам, Қарағанды облысында — 31 адам, Ақмола облысында — 23 адам, Атырау облысы — 23 адам, Жамбыл облысында — 28 адам, Шымкент қаласында — 13 адам, Шығыс Қазақстан облысында — 5 адам, Алматы облысында — 10 адам, Ақтөбе облысында — 10 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 25 адам, Павлодар облысында — 1 адам, Маңғыстау облысында — 3 адам, Қызылорда облысында — 31 адам, Батыс Қазақстан облысында — 2 адам, Түркістан облысында — 29 адам, Қостанай облысында — 1 адам анықталды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

В Туркестанской области строится неимеющий аналогов в стране откормочный комплекс

В Сауранском районе динамично ведется строительство одного из крупнейших инвестиционных проектов в сфере агропромышленного комплекса — откормочного комплекса, не имеющего ...

Түркістан облысында елімізде теңдесі жоқ мал бордақылау кешені салынып жатыр

Түркістан облысы Сауран ауданында агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытындағы ірі инвестициялық жобалардың бірі – елімізде баламасы жоқ мал бордақылау кешенінің құрылысы ...