Түркістан облысы

Ө.Шөкеев: «Кездесуде айтылған сөздер жерде қалмайды»

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданына барып, халықпен кезекті кездесуін өткізді. Ашық әрі еркін форматта өткен жүздесуде мырзашөлдіктер көкейде жүрген сауалдарын қойып, өзекті мәселелерді қозғады. Облыс әкімі Мақтаарал ауданын дамыту назарда тұрғанын айта келе атқарылған жұмыстарды баяндады. – Бүгін өздеріңізбен тағы да жүздесіп тұрмыз. Басты мақсат – елдің өзекті мәселелерін талқылау, шешу жолын жоспарлау. Жалпы Мақтаарал ауданының мәселелері маған ...

Читать далее »

Түркістандық құрылысшылар өз мерекелерінде 4 отбасына баспана сыйлады

Түркістан қаласында құрылыс жүргізуші мердігер компаниялар Құрылысшылар күні мерекесін өте мағыналы іспен өрнектеді. Олар төрт отбасына бақыт сыйлады. Дәлірек айтсақ, әлеуметтік қолдауға мұқтаж 4 отбасына баспана салып берді. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков қиын жағдайда күн кешіп жүрген жандарды үймен қамтамасыз ету бастамасын көтеріп, құрылысшыларға ұсыныс жолдаған болатын. Ұсыныс қабылданып, бүгін құрылысшылардың кәсіби мерекесінде осы отбасылардың қуанышы еселенді. – Бүгін біз ...

Читать далее »

Ирандықтар Түркістан өңірімен іскерлік байланысты нығайтуға мүдделі (видео)

Түркістанға Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Маджид Самадзаде Сабер жұмыс сапарымен келді. Азиядағы ірі мемлекеттің өкілімен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сабитов кездесіп, экономикалық және мәдени байланыстарды нығайту жөнінде пікір алмасты. Алдымен елшіге Түркістан өңірінің инвестициялық әлеуеті, экономикалық көрсеткіштері мен мүмкіндіктері таныстырылды. – Бүгінгі кездесу Қазақстан мен Иран арасындағы байланысты одан сайын нығайтады деп сенемін. 2018 жылы ...

Читать далее »

Шардаралық қожалық 1600 тонна өнім жинады (видео)

Шардаралық шаруалар ішкі нарықтағы бағаның тұрақтануына да өз үлестерін қосып келеді. Аудандағы Юри Ан басқаратын «Тұрар» шаруа қожалығы егіс басынан жуаның келісін 120 теңгеден беріп жатыр екен. Енді сәбізі мен картобын термек. Қожалық егін егуде заманауи техника көмегімен тиімді тәсілді қолданады екен. Соның арқасында жыл басынан бері 1600 тонна өнім жинаған. 18 ауыл азаматы тұрақты жұмыспен қамтылса маусымында 100 адамға ...

Читать далее »

Түркістанда этнос өкілдері тарихи-мемориалдық мұражайлардың құнды жәдігерлерімен танысты

Бүгін Түркістан облысындағы этнос өкілдері «Қазақтану» мәдени-ағарту жобасы аясында Түркістан қаласындағы тарихи-мемориалдық мұражайлармен танысты, — деп хабарлайды «Xnews» Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Іс-шараға өңірдегі этномәдени бірлестік өкілдері, «Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облыстық өкілдігінің мүшелері және облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшылығы мен қызметкерлері қатысты. Шара барысында қатысушылар Н.Оңдасынов атындағы музейі мен Н.Төреқұлов атындағы музейіне экскурсия ...

Читать далее »

Түркістанда төрт жолақты көшелердің саны артады

Түркістан қаласындағы Ә.Жангелдин атындағы көше 3,8 шақырымға созылған. Мұнда қазіргі таңда төрт жолақты даңғыл жол құрылысы қарқынды жүруде. Мердігер мекеме «Отау строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Құрылысты техникалық қадағалаушы — «КазСтройИнжиниринг» ЖШС, авторлық бақылаушы мекеме — «СК РАОЛ» ЖШС. Бүгін қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков нысанға барып, құрылыс барысын тексерді. Жол құрылысы өндірістік кестеге сәйкес жүзеге асуда. Техникалық қадағалаушы мекеме өкілі жұмыс ...

Читать далее »

Ордабасы ауданында 40 мың басқа арналған мал бордақылау кешені ашылады

Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақовтың төрағалығымен ауыл шаруашылық саласын дамытуға арналған семинар өтті. Семинарға ауданға қарасты ауыл округ әкімдері, шаруалар, сондай-ақ Сайрам, Сарығаш аудандарындағы ірі мал бордақылау алаңдарының меншік иелері қатысты. Мал шаруашылығы саласындағы өз тәжірибелерімен бөліскен жеке кәсіпкерлер жиын қатысушыларына мал басын арттыру, бордақылау, нарыққа шығарудың қыр-сырын үйретті. Жиында аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаев Шұбар ауыл округі аумағында ірі ...

Читать далее »

Күн тәртібіндегі күрмеулі мәселелер сараланды

Түркістан қаласы әкімдігінің кезекті апталық мәжілісі өтті. Мәжілісте күн тәртібіне сәйкес, бюджеттің игерілуі, «Amanat» партиясының сайлау алды бағдарламасының орындалуы, халықпен кездесудегі облыс және қала әкімі тарапынан берілген тапсырмалардың орындалу барысы мен 109 — Бірыңғай байланыс орталығына соңғы екі аптада түскен өтініштері сараланды. Алғаш болып, қала әкімінің секторлардағы кездесуінде көтерілген мәселелердің орындалу барысы бақыланып, көрсеткіштері тыңдалды. Қазіргі таңда алты сектордағы соңғы ...

Читать далее »

Түркістан обысында «Мектепке жол» акциясы басталды

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Н.Нұрлыбаев хабарлады. «Бүгін жыл сайынғы «Мектепке жол» облыстық акциясы басталды. Басты мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушылардың және жетім балалардың, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік себептер бойынша мектепке келмеуінің алдын алуға бағытталады. Яғни оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау ...

Читать далее »

Биыл Түркістанда 1 трлн. теңгенің өнімі өндіріледі

Түркістан облысында биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 850 мың гектарға егілді. Егіс көлемі өткен жылдан 14,4 мың гектарға ұлғайды. Елімізде алғашқы болып егін орағы басталған Түркістан облысында гектар түсімділігі 18,7 центнерге жетті. 500 мың тоннаға жуық дән жинау күтіліп отыр. Бүгінгі күнге жоспарланған егіс көлемінің 200 мың гектары орылып (75 %), 350 мың тоннаға жуық астық қамбаға құйылған. Жалпы биыл Түркістан ...

Читать далее »

Түркістанда күн көзінен қуат алатын мектептер саны артады

Қазақстандағы «Шелл» концернінің қолдауымен Түркістан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде күннен қуат алатын электр қондырғысы орнатылмақ. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Solar for Schools жобасының жетекшілері мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ басқарма төрағасы Күләш Шамшидиновамен кездесіп, маңызды мәселені талқылады. Түркістан облысы әкімдігі жаңа жобаны жан-жақты қолдау әзір. Ол туралы Сәкен Қалқаманов баяндап, жоба жетекшілерімен тығыз байланыс орнатылатынын жеткізді. Бұл жоба ...

Читать далее »

Келестіктер «Avtopicnik» атты көлік құрап шықты

Аталған көлік жобасы Келес ауданындағы №13 колледж мұғалімдері мен оқушыларының шығармашылық жұмысының нәтижесінде жүзеге асты. — Бұл көлікті бірнеше мақсатта жасап шығардық. Қазір бұл көлік табиғат аясындағы демалысқа пайдалануға өте қолайлы. Шағын және ыңғайлы, жүк және адам тасымалдауға болады. Сондай-ақ жүк салуға арналған бортына лайықталған үлкен үстелі мен орындықтары, тіпті шатыры да бар. Оларды қажет кезде құрып, кейіннен қайта жинақтап ...

Читать далее »

Түркістанда Мемлекеттік қызметшілер күні аталып өтті

Бүгін Түркістандағы «Ақжайық» музыка мектебінде 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған мерекелік жиын өтті. Салтанатты іс-шарада Түркістан облысы әкімінің міндетін атқарушы Арман Жетпісбай өңірдің мемлекеттік қызметшілерін кәсіби мерекемен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі. Мемлекеттік қызметшілерге артылған жүк ауыр екеніне тоқталған Арман Шәріпбайұлы Түркістанды дамытуға үлес қосып жүрген әріптестерінің еңбегін жоғары бағалап, сый-құрмет көрсетті. Екі азаматқа ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ...

Читать далее »

Түркістан және Маңғыстау облыстары ҚХА жанындағы аналар кеңестері тәжірибе алмасты

Түркістанда Маңғыстау облысының «Маңғыстаудан мың сәлем, Түркі төрі!» атты мәдени күндері өтті. Салтанатты шара аясында бүгін «Ұлы Дала елі» орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының Маңғыстау және Түркістан облыстары бойынша Аналар кеңестері бірлесіп, рухани құндылығы мол игі шара ұйымдастырды. Жиынға Түркістан облысы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Тоққұлова модераторлық етті. Тағылымы мол шараға Түркістан және Маңғыстау облыстары ҚХА Аналар кеңестерінің мүшелері, ...

Читать далее »

Өмірзақ Шөкеев: Кентау әкімінің қылмысы дәлелденсе, отставкаға кетуге дайынмын

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Кентау қаласын басқарған Дәурен Махажановтың қылмысы дәлелденсе, отставкаға кетуге дайын екендігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қылмысы дәлелденсе, мен оставкаға кетуге дайынмын. Соттың шешімі болса болды», — дейді Өмірзақ Шөкеев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Айта кетейік, биыл ақпан айында Кентау қаласының әкімі аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталған болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ...

Читать далее »

Түркістан облысында алып сәби дүниеге келді

Түркістан облысындағы №2 перинаталдық орталықта салмағы 6 келі болатын қыз бала дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Мамандардың сөзінше, бұл салмақ қалыпты жағдайдан екі есе үлкен екен. Дәрігерлер 30 жастағы келіншекті 13 маусым күні кесір тілігі арқылы босандырып алған. Қазір ана мен балаға тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Нәресте мен анасының жағдайы қалыпты. Алтыншы перзентін өмірге әкелген Нұрила Бөрікбаева қызының есімін ...

Читать далее »

Түркістанда үкіметтік емес ұйымдарға ғимарат берілдІ

Түркістан қаласында игі бастама жалғасын тапты. Былтыр Жеңіс саябағында Ынтымақ үйі пайдалануға берілген болатын. Енді соның екінші қабаты этномәдени орталықтар мен үкіметтік емес ұйымдардың кеңсесі болады. Бұл жұмыстар қала әкімінің ұйымдастыруымен жүзеге асты, деп хабарлайды «Ońtústik» телеарнасы. Ынтымақ үйі ғимаратын салуға қала әкімдігінің қаржысы жұмсалмаған. Бұл ғимарат демеушілер тарапынан сыйға берілген. Былтыр мұнда Ақсақалдар мен билер алқасы , аналар кеңесі ...

Читать далее »

Желкенді спортынан Түркістан облысының спортшылары топ жарды

Қонаев қаласындағы «Қапшағай» су қоймасында желкенді спорттан Қазақстан чемпионаты өтті. Оған еліміздің ең үздік 60 спортшысы қатысты. Айтулы сында Түркістан облыстық ССТ ОРМБЖСМ 14 жүлдеге қол жеткізді. Атап айтсақ, 7 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль еншіледі. Ел чемпионатында өз сайыстары бойынша А.Вакуленко, Ш.Эргашханов, А.Чуриков (2 алтын), А.Қалдарбек, Б.Рожанский, Б.Шакизада топ жарды. Ал З.Әбдірахман, Р.Дубовской, Н.Малахов пен Д. Петриченко ...

Читать далее »

Ө.Шөкеев: Жақын елді мекендерде оқушыларды автобуспен тасымалдауға басымдық беру керек

2023-2025 жылдар аралығында Түркістан облысында 89 мектеп салынады. Ол білім ұяларында 72 мыңға жуық оқушы білім алады. Бүгінде өңірде білім ұяларының жобалары, жер телімдері, құжаттарын әзірлеу жұмысы басталуда. Бұл туралы бүгін Түркістан облысы әкімі аппараты отырысында айтылды. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жақын елді мекендерге оқушыларды тасымалдау, автобуспен қамту ісін жандандыру керектігін жеткізді. – Мектеп салу – бюджетке үлкен салмақ. Сондықтан ...

Читать далее »

Түркістан облысында мал азығы жеткілікті

Биыл Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дақылдарын 851 мың гектарға егу жоспарланып, ол жұмыс толығымен аяқталды. Егіс алқаптарын әртараптандыру шеңберінде малазықтық дақылдардың көлемі 5,5 мың гектарға артып, 227,5 мың гектарға орналастырылды. Сондай-ақ дәнді дақылдар – 298,2 мың гектарға, дәндік жүгері – 44,5 мың гектарға, бидай –201,2 мың гектарға егілді. Түркістан облысы әкімі аппаратының отырысында өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев малазықтық дақылдың 2 ...

Читать далее »