Түркістанда төрт жолақты көшелердің саны артады

Түркістан қаласындағы Ә.Жангелдин атындағы көше 3,8 шақырымға созылған. Мұнда қазіргі таңда төрт жолақты даңғыл жол құрылысы қарқынды жүруде.

Мердігер мекеме «Отау строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Құрылысты техникалық қадағалаушы — «КазСтройИнжиниринг» ЖШС, авторлық бақылаушы мекеме — «СК РАОЛ» ЖШС.

Бүгін қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков нысанға барып, құрылыс барысын тексерді. Жол құрылысы өндірістік кестеге сәйкес жүзеге асуда. Техникалық қадағалаушы мекеме өкілі жұмыс талапқа сай атқарылып келетінін жеткізді.

Төрт жолақты даңғыл жол пайдалануға берілгенде О.Жандосов, С.Ерубаев және Төлеби көшелерінде көлік жүктемесі азаяды деп күтілуде.

Сондай-ақ, қала басшысы Б.Майлин көшесіндегі жаяу жүргіншілерге арналған жол құрылысына аялдап, жауапты мамандарға бірқатар тапсырмалар жүктеді.