Түркістан облысы

Түркістан: Этнос өкілдері арасында «Бірлік» спорттық сайыстары өтті

Түркістандағы «Яссы» спорт кешенінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай облыстағы этнос өкілдері арасында «Бірлік» спорттық сайыстары өтті. Достық пен салауатты өмірді насихаттаған спорт додасы Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен ұйымдастырылды. Сайысқа жалпы 11 команда қатысты. Атап айтсақ, Кентау, Арыс қалалары және Сауран, Сайрам, Түлкібас, Төлеби, Жетісай, ...

Читать далее »

Түркістандағы Шығыс моншасы бір шаммен жылытылғаны рас па

Тарихи нысан XVI ғасырдан бастап 1975 жылға дейін халыққа қызмет көрсетіп келді,-деп хабарлайды Қазақпарат. Шығыс моншасы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің оңтүстік-шығысында орналасқан. Зерттеушілердің пікірінше, монша 1580-1590 жылдары салынған. Кесенеге келуші зияратшылар мұнда арнайы дәрет, ғұсыл алып, ішке кіретін болған.  Архитектуралық құрылыс ерекшелігі мен ортағасырлық сәулет өнері шеберлерінің озық тәжірибесін көрсететін бұл монша жартылай жер астында орналасқан көп күмбезді құрылыс. Негізі ...

Читать далее »

Түркістанда өткен жалпықалалық сенбілікте 100 тоннадан астам қоқыс жиналды

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Түркістан қаласында кезекті жалпықалалық сенбілік өтті. Тазалық шарасына Түркістан қаласына қарасты дербес бөлімдер мен 6 сектордың қызметкерлері, сондай-ақ облыстық басқармалар мен департаменттердің өкілдері белсене атсалысты. Жалпы саны 800-ге жуық адам қатысып, қала тазалығына өз үлестерін қосты. Сонымен қатар, сенбілікке 15 арнайы техника жұмылдырылды. Сенбілік барысында алдын ала белгіленген аумақтарда шөптер шабылып, ағаш түптері әктеліп, ...

Читать далее »

Түркістандық 10 оқушы Дәулет Серікбаев атындағы ШҚТУ ректорының білім грантын жеңіп алды

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен, Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті ректорының гранты үшін «EKTU QUIZ» зияткерлік сайысы өтті. Аталған шараның мақсаты – дарынды жастарды анықтап, олардың білім деңгейін көтеру және жұмысшы мамандықтарына қызығушылықты арттыру. Жарысқа Түркістан облысына қарасты 330 мектептен 1650 оқушы қатысып, 17 аудан мен қалада іріктеу кезеңдері өткізілді. Қатысушылар бірнеше ...

Читать далее »

Түркістан: Сайрам ауданында жаңа шағынауданының құрылысы басталды

Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарасу ауылында жаңа шағынауданның капсуласын салу рәсімі өтті. Жалпы аумағы 60 гектарға жететін жаңа қалашықта жалпы 2300-ге жуық пәтерлі 47 көпқабатты тұрғын үй салынып, 12 мыңдай ауыл халқы қоныстанады. Құрылыс жоспарымен танысқан Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров тарихи сәттің куәгері болған жергілікті тұрғындармен кездесті. – Бүгін біз Сайрам ауданының дамуы жолындағы аса маңызды бастаманың куәсі болып ...

Читать далее »

Түркістан: Арыста шіркейге қарсы дезинсекциялық жұмыстар қарқынды жүргізілуде

Арыста көктем басталғалы бері шіркейге қарсы дезинсекциялық жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Биыл бұл шаралар наурыз айынан басталып, жоспарға сәйкес шілде айына дейін жалғасатын болады. Арыс қаласына қарасты елді мекендер үш секторға бөлініп, әрқайсысында нақты жоспар негізінде жұмыстар ұйымдастырылған. Атап айтқанда, №7 секторға Байтоғай, Қожатоғай, Шөгірлі, Ақын-Жақып елді мекендері, №8 секторға Байырқұм, Көкжиде, Жиделі, ал №9 секторға Аққала мен Жосалы елді ...

Читать далее »

Түркістан өңірі мақта-тоқыма кластерінің жаңа дәуірін қалыптастыруда

Түркістан облысында 2025–2026 жылдары толық циклді мақта-тоқыма кластері құрылады. Қазақстанда теңдесі жоқ инвестициялық жоба аясында 4 мақта өңдеу зауыты мен толыққанды тоқыма кешені іске қосылады. Атап айтқанда, егіс алқабынан бастап иіру өндірісі, мата шығару мен бояу, өңдеу және дайын өнімге дейінгі барлық кезеңді қамтиды. 30 000 гектардан астам алқапта заманауи су үнемдеу технологиялары енгізіліп, мақта өсіріледі. Бұл ірі жоба – ...

Читать далее »

Түркістан облысы: Ұлттық жоба аясында коммуналдық секторларды жаңғырту жұмыстары жүреді

Түркістан облысында «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі» Ұлттық жобасы аясында 2025-2029 жылдар аралығында жалпы сомасы 163 млрд 850 млн теңгені құрайтын ауқымды жұмыстар атқарылмақ. Оның қатарында өңірдегі жылумен, электрмен, сумен жабдықтау және су бұру салаларында айтарлықтай оң өзгерістер орын алады деп күтілуде. Бұл жайында Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Ақтілеу Бекмұратов брифингте ...

Читать далее »

Түркістан төрінде күй күмбірлеп, ұлттық құндылықтар насихатталды

Түркістандағы «Конгресс Холл» кешенінде күй мен би үндескен ерекше музыкалық кеш өтті. Кешке еліміздің белгілі өнер майталмандары – Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық әртісі, күйші-композитор Секен Тұрысбек, республикалық конкурстардың жүлдегері Айғаным Шұғай және ҚР Мәдениет саласының үздігі Бибігүл Қилымхан қатысты. Сахна төрінде Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының «Ақжауын» камералық оркестрі мен «Алтынай» мемлекеттік халық би ансамблі өнер көрсетті. Кеш барысында ...

Читать далее »

Бірлік пен келісімді нығайтқан 30 жыл

Бүгін Астана қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясы өтті. Президент сессия жиынында өзекті мәселелерді айтты. Сонымен қатар, бірлік пен ынтымақ басты құндылығымыз әрі мемлекеттік саясаттың бұлжымас бағдары болып қала беретінін тілге тиек етті. — Бүгінгі басқосудың тарихи мән-маңызы айрықша. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Баршаңызға құтты болсын! Бұл — бүкіл Қазақстан ...

Читать далее »

Президент бастамалары еліміздің жастарын біріктіре түседі

Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясы өтті. Аталған сессияға Түркістан облысынан бір топ «Ассамблея жастары» қатыстық. «Ассамблея жастары» РҚБ-нің Түркістан облыстық өкілдігінің төрағасы ретінде өзіммен бірге белсенді әріптестерім Түркістан облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, «Жастар рухы» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы Жансерік Жұман және ұйымның белсенді мүшелері Фаез Файзидинов, Интизора Насратуллаева қатысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сессияда алмағайып ...

Читать далее »

Елдің қуаты — бірлігінде

Бүгін Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясы өтті. Сессия аясында қатысушылар ел бірлігін нығайту, этносаралық келісімді сақтау және Ассамблеяның қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етудегі маңызын талқылады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сессияда ҚХА бүгінде қоғамдық келісімнің бірегей инфрақұрылымын қалыптастырған қуатты тармақтары бар институтқа айналғанын атап өтті. — Ассамблея қоғамда кәсібилік және еңбекқорлық құндылықтарын дәріптеуге белсене атсалысып келеді. Александр Папп Ассамблеяның ...

Читать далее »

Бірлігі бекем елдің берекесі бар

Бүгін Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы жұмысын бастады. Еліміздегі бірлік пен теңдіктің, тұрақтылық пен тыныштықтың символына айналған, этносаралық қатынас саласындағы теңдессіз қоғамдық институт болып қалыптасқан Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы – бүкіл Қазақстан үшін тарихи мән-маңызы айрықша айтулы оқиға екені айтылды. Елімізде соңғы жылдары атқарылған ауқымды өзгерістердің арқасында Ассамблея қызметі жасампаздықтың жаңа сипатына көтерілгеніне баса мән ...

Читать далее »

Түркістан: Сарыағаштық жас ұстаз кітап оқуға арналған «Оян, қазақ» жобасын іске асырды

Сарыағаш аудандық білім бөліміне қарасты №74 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дәуренбек Нұрқұлов оқушыларға арналған сайт ашты. «Оян, қазақ» деп аталатын жоба бүгінгінің білімпаз балаларын оқуға баулу, білімге құштар ету мақсатында қолға алынған. Сарыағаштық жас ұстаз «Оян, қазақ» жобасының тиімділігін аудандық «Дарынды оқушыларға – талантты ұстаз» байқауында қорғап, іс-жүзінде дәлелдеп шықты. Оның айтуынша, оқушылар білім ...

Читать далее »

Түркістанда «Aspara Fashion Week» жобасының мерейтойлық маусымы өтеді

Түркістан қаласында 23-25 сәуір күндері аралығында «ASPARA FASHION WEEK» жобасының 15-мерейтойлық маусымы өтеді. 2017 жылдан бері дәстүрлі түрлі өткізіліп келе жатқан бағдарлама әлемдік сән индустриясында өзіндік орнын қалыптастырып, дүниежүзілік сән апталықтарының ресми күнтізбесіне енген. Бұған дейінгі 14-маусым кезінде 55-тен астам елдің 700-ден астам дизайнері қатысып, Қазақстанды, оның бай мәдениетін, дәстүрін және туризм әлеуетін жақыннан тануға мүмкіндік алған. Бұл жайында «ASPARA ...

Читать далее »

Түркістанда бір мезгілде 500-ден аса оқырман кітап оқыды

Түркістандағы «Фараб» кітапханасында Ұлттық кітап күніне арналған мерекелік іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз жалғасын табуда. Мерекелік бағдарламаның бірегей бөлігі – «Жаппай кітап оқу» флешмобы. Бұл ерекше форматтағы шараға 500-ден астам оқырман қамтылды. Ұйымдастырылған ауқымды оқырман қозғалысына жергілікті мектеп оқушылары, студент жастар, сондай-ақ «Ұлттық Ұлан» әскери бөлімінің сарбаздары белсене атсалысты. Флешмоб барысында қатысушылар қазақ әдебиетінің жауһарларынан үзінділер оқып, түрлі жанрдағы кітаптармен ...

Читать далее »

Түркістан облысында ашық жағажайлар саны артады

Түркістан облысында шомылу маусымы басталмағанына қарамастан 2025 жылдың басынан түрлі жағдайларда 16 адам тілсіз жаудың құрбаны болған. Оның 6-ы жас балалар. Бұл туралы өткен брифингте облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы Оразгелді Дүйсен мәлімдеді. «Жалпы облысымыздағы ең басты мәселелердің бірі — арнайы шомылу орындарының аздығы. 2024 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қосымша 14 шомылатын арнайы жағажайлар жұмыс істеді. Бұл облыстың 2 ...

Читать далее »

Түркістанда Ұлттық кітап күніне орай «Weekend.Book.Vibes» мәдени шараcы өтті

Түркістанда облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы мен Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының бірлесуімен «Ұлттық кітап күніне» орай шара өтті. Салтанатты жиында облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Әділ Нұржанұлы арнайы сөз сөйлеп, мерекенің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, жиынға қатысқан журналист Тельман Бейсен, тарихшы-ұстаз Баян Адырбек, мәдениет қайраткері, Түркістан қаласындағы «Әйелдер алқасының» төрайымы — Ұлжан Мұстафаева, ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі — Сайлаухан ...

Читать далее »

Түркістан облысында еуропалық иммундау апталығы өтеді

Түркістан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұйымдастыруымен 27-сәуір мен 3-мамыр күндері аралығында еуропалық иммундау апталығы өтеді. Қазіргі таңда 2005 жылдан бастап Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының ұсынысы бойынша қолға алынған шараға дайындық жұмыстары күшейтілген. Бұл жайында Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Инфекциялық және паразиттік ауруларды бақылау бөлімінің басшысы Азамат Тілес БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді. «Апталық жыл сайын сәуірдің ...

Читать далее »

Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында тарихи мұра маңайы тазартылды

Түркістандық жастар «Таза Қазақстан» аясында тарихи-мәдени және киелі нысандар аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Киелі жерлердің тазалығын сақтау, тарихи-мәдени мұраларға деген құрметті арттыру, сондай-ақ жастардың экологиялық сана-сезімін нығайту мақсатында 300-ден астам белсенді жас, еріктілер, музей қызметкерлері және қала тұрғындары тазалық жұмыстарына өз үлестерін қосты. Іс-шара барысында қатысушылар аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазалап, абаттандыру жұмыстарына атсалысты. Нәтижесінде 2 тоннаға жуық қоқыс жиналып, арнайы ...

Читать далее »