Түркістанда өткен жалпықалалық сенбілікте 100 тоннадан астам қоқыс жиналды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда өткен жалпықалалық сенбілікте 100 тоннадан астам қоқыс жиналды

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Түркістан қаласында кезекті жалпықалалық сенбілік өтті.

Тазалық шарасына Түркістан қаласына қарасты дербес бөлімдер мен 6 сектордың қызметкерлері, сондай-ақ облыстық басқармалар мен департаменттердің өкілдері белсене атсалысты. Жалпы саны 800-ге жуық адам қатысып, қала тазалығына өз үлестерін қосты. Сонымен қатар, сенбілікке 15 арнайы техника жұмылдырылды.

Сенбілік барысында алдын ала белгіленген аумақтарда шөптер шабылып, ағаш түптері әктеліп, жаяу жүргіншілер жолдары сыпырылып, тұрмыстық және табиғи қоқыс қалдықтары жиналды.

Нәтижесінде 100 тоннадан астам қоқыс шығарылып, арнайы полигондарға жеткізілді.

Тазалық жұмыстары Түркістан қаласы аумағында экологиялық тұрғыдан маңызды деп танылған 18 учаскеде жүргізілді. Аталған аумақтарда санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру шаралары атқарылды.

Түркістан қаласы әкімдігі мен тиісті мекемелер қоршаған ортаны қорғау, өңірдің экологиялық ахуалын жақсарту және қала аумағында санитарлық тазалықты сақтау бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастыратын болады.

Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз-қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысында ахуалдық орталыққа 800-ден астам бейнекамера қосылған

Түркістан облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының «Цифрлық даму орталығы» мекемесінің мемлекеттік-жекешелік әріптестікті бақылау бөлімі — өңірдегі бейнекамералардың ...

Шымкент қаласы полиция департаментінде «Сергек» жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды

Шымкент қаласы полиция департаментінде «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында департамент бастығының орынбасары Даулеткелді Абдрамановтың төрағалығымен жұмыс кеңесі өтті. Жиын барысында ...