Түркістан облысы

Жолдау Жаңа Қазақстанның басты бағыты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы жариялаған Жолдауында су мәселесі бірнеше рет көтереліп, су сапасы мен қолжетімділігі баса айтылды. Су ресурсы – еліміздегі өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе, судың сапасы және оның халыққа қолжетімді болуы аса маңызды болып тұрғандығын, жыл өткен сайын халқымыздың саны да, экономикамыз да өседі. Бұл – қалыпты құбылыс. Сол себепті 2040 жылдарға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 12-15 миллиард текше ...

Читать далее »

Түркістанда еңбек адамдарына құрмет көрсетілді

Бүгін Түркістанда Еңбек күні мерекесіне арналған «Адал азамат – Адал еңбек» мерекелік шарасы өтті. Салтанатты шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев қатысып, еңбек адамдарын құттықтады. – Еңбек адамына деген құрмет қай кезде де ерекше. Барлық жерде еңбек адамының орны бірінші болуы керек. Қазіргі таңда еңбек адамының қоғамдағы өнегесі, бәсі биік. Қазақта «Адам еңбегімен абыройлы, мінезімен қадірлі» деген сөз бар. ...

Читать далее »

37 пәтер кері қайтарылып, 40 азаматқа ескерту берілді

Түркістан облысында баспана мәселесін шешу облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тікелей бақылауында. Қзаіргі таңда облыс орталығының инфрақұрылымы айтарлықтай дамып келеді. Бұл ретте Түркістан қаласы әкімдігінің атқарып жатқан жұмыстары маңызды. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өткен жиында қалалық Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Талғат Үсенбаев атқарылған жұмыстар туралы баяндамасында 37 пәтер кері қайтарылып, 40 азаматқа ескерту берілгенін жеткізді. ...

Читать далее »

Түркістанда Tүркі әлемі математиктерінің VII Дүниежүзілік Конгресі басталды

Бүгін облыс орталығында Түркі әлемі математиктерінің VII Дүниежүзілік Конгресінің ашылу салтанаты өтті. Шараға Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. Мемлекет басшысын құттықтауында бұл шараның мән-мағынасы зор екені, матемиканың адамға берер пайдасы, Қазақстанда математиканың мықты мектебі қалыптасқаны, Конгрестің математика ғылымының дамуына тың серпін беретіні баяндалған. Сонымен қатар өңір басшысы қатысушыларға сәттілік тіледі. ...

Читать далее »

Келес ауданында «Ауыл — Eл бесігі» бағдарламасы аясында 28 көшеге асфальт төселеді

Келес ауданына қарасты елді мекендердің ішкі көшелеріне 2023 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жалпы ұзындығы 34 шақырымды құрайтын 28 ішкі көшеге асфальт төсеу жұмыстары жоспарланған. Оның ішінде, 7 көшеге мемлекеттік сатып алу конкурсы аяқталып, жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Ақтөбе ауылдық округі Бозсу елді мекенінің Жаңағасыр-1, Жаңағасыр-2, Жаңалық, Денсаулық көшелеріне, Алпамыс батыр ауылдық округі Қауыншы елді мекенінің ...

Читать далее »

Оқушылар арасында тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты басталды

21-24 қыркүйекте Алматы қаласында «ADD» үстел теннисі орталығында тоғызқұмалақтан оқушылар арасында (U-15, U-17) Әлем чемпионаты басталды. Сайысқа Өзбекстан, Түркия, Румыния, Венгрия, Испания, Қырғызстан, Польша, Моңғолия, Түркменстан, Латвия, Чехия сынды 16 елден ойыншылар қатысады. Әлем чемпионаты рапид және блиц түрлері бойынша өтеді. Жүлденің жалпы қоры – 8 млн теңге. Чемпионаттың ресми ашылуы бүгін Алматы қаласында өтіп жатыр. Алдағы төрт күн бойы ...

Читать далее »

Сайрамдық азамат теріскейде 400 сиыр бағып шаруасын дөңгелетіп отыр

Павлодар облысы, Константиновка ауылында Зорёд Мавланов есімді сайрамдық азамат тұрады. Ол теріскейге 2019 жылы көшіп келген. Жас кәсіпкердің бүгінде «Карим» фермерлік қожалығында 3,5 гектар картоп алқабы бар. Биыл алқаптан 100 тонна өнім алуды жоспарлап отыр. Одан бөлек, шаруаның 400-ге жуық ірі қара малы да бар. Кәсіпкер бүгінде ірі қара малын жалға алған жайылым жерінде бағып өсіруде. — Өзім үйренген атақоныстан ...

Читать далее »

Теріскейге көшкен Төлебилік азамат 6 жылда бірнеше кәсіп түрін ашқан

Түркістан облысы Төлеби ауданындағы Көксәйек елді мекенінде туған Нұрсұлтан Қаппаров осыдан 6 жыл бұрын 2017 жылы Павлодар облысы Шарбақты ауылына көшіп барған. Суық жер деп жатсынбай бара салып еңбекке кіріскен. Әуелі ауылға қажетті кәсіп түрлерінен бастаған. Мемлекеттік грант есебінде төмен пайызбен несие алып, ауылда шаштараз ашып, бірнеше тұрғынды жұмыспен қамтыған. Кейін самса пісіріп, сататын орын дайындайды. Қос кәсіптен жақсы пайда ...

Читать далее »

«Ұлы Дала Жорығы-2023» марафон-бәйгесінің жеңімпаздары белгілі болды

Бүгін, 19 қыркүйекте «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің 14-кезеңі аяқталды. Соңғы меже – Түркістан қаласына дейін ең қысқа уақыт ішінде жеткен Жетісу облысының командасы 1-орын – 18 000 000 теңге көлеміндегі жүлдемен марапатталады. Ақтөбе облысы командасы 2-орын үшін – 16 000 000 теңге, ал 3-орын иегері Алматы қаласының командасы 9 000 000 теңгені қанжығасына байлайды. Төрешілер шешімімен мәреге төртінші болып келген ...

Читать далее »

Түркістандық делегация теріскейде

Биыл 8 айдың ішінде Түркістан өңірінен 238 отбасы, оның ішінде 885 адам солтүстік өңірлерге қоныс аударған. Бүгінде олардың бірі кәсіпкер, бірі ауыл әкімі болып үлгерді. Күнгей өңірден теріскейге барған көштің қазіргі жағдайымен танысу мақсатында Түркістан облысынан аттанған арнайы топ Павлодар, Абай облыстарын аралауда. Делегация құрамында жауапты басқарма мамандары мен БАҚ өкілдері, депутаттар, әлеуметтік желі белсенділері бар. Қоныс аударғандардың жағдайымен танысып, ...

Читать далее »

Түркістан облысында 525,6 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылды

Түркістан облысында 5 жылда тұрғын үй саласы бойынша құрылыс қарқыны артқаны белгілі. Алайда өзекті мәселелер де аз емес. Үйлерді уақтылы тапсырмау, абаттандыру жұмыстарын талапқа сай жүргізбеу және өзге де түйткілдері бар. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат отырысында тұрғын үй саласындағы жұмыстар сараланып, кемшіліктер талқыланды. – Үйлерді маусым айына дейін тапсыру керектігін айтқан болатынмын. Себебі, күзге қарай тапсырылған үйлерді ...

Читать далее »

Сауран ауданында жаңа емхана тәулігіне 500 адамды қабылдай алады

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Жолдасов Зұлпыхар Сауран ауданына қарасты Ескі Иқан ауыл округіндегі бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Соның бірі жаңадан салынған «AVICENNA-A» емханасы. Жобаға 2 млрд. 400 млн теңге инвестиция тартылған. Құрылтайшысы Әділбек Ұсманқұлов. Емханада науқастарға барлық жағдай жасалынған. Онда ота жасау бөлмелері де бар. Сондай-ақ, заман талабына сай соңғы үлгідегі аппараттар қойылған. Жан сақтау бөлімі бір мезетте 4 адамды ...

Читать далее »

Бокстан қыздар арасында II халықаралық «Шардара кубогы» өтті

Шардара қаласында бокстан 2005-2006 жылы туған жастар және 2007-2008 жылы туылған жасөспірім қыздар арасында ІІ-халықаралық «Шардара кубогы» жарысы өтті. Байрақты бәсекеге Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстанмен қатар, еліміздің түкпір-түкпірінен келген былғары қолғап шеберлері қатысты. Дүбірлі доданың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев қатысты. Қыркүйек айының 14-17 аралығында өткен былғары қолғап шеберлерінің айқасы өз мәресіне жетіп, жарыста 57 келі салмақ дәрежесінде шардаралық ...

Читать далее »

Ордабасыда веломарафоннан жарыс өтті

Ордабасы ауданының орталығы Темірланда «Денсаулық фестивалі» мерекесіне орай мемлекеттік қызметшілер мен ауыл тұрғындары арасында веломарафон өтті. Орталық алаңнан басталған марафонның ашылуына аудан әкімі Азат Оралбаев қатысып, бұқаралық спортты дамытуға арналған шараға сәттілік тіледі. Сайысқа 18-35 жас аралығындағы 100-ге жуық адам қатысып бақтарын сынады. Марафонның мәресіне жастар арасында бірінші болып Бағжан Орынбеков топ жарып, екінші орынды Елжан Оспанов иеленді. Ал жүлделі ...

Читать далее »

Тайқазанның Түркістанға оралғанына 34 жыл!

1989 жылы 18 қыркүйек күні дәл осыдан 34 жыл бұрын еліміздің тарихи жәдігерлерінің жауһарына айналған тайқазан Түркістан қаласындағы Ясауи кесенесіне қайта оралған болатын. 1935 жылы тайқазанды Санкт-Петербургтегі Эрмитажға Иран шеберлерінің III халықаралық конференциясына алып кетеді. Жарты ғасырдан астам уақыт сонда тұрып, 1989 жылы қыркүйектің 18 жұлдызында ғана тарихи отанына оралады. Бұл істе мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің ...

Читать далее »

Келес ауданында жаңа ипподром салынады

Келес ауданында ат спортын дамыту мақсатында жаңа ипподромның құрылысы басталады. Аудан басшысы Жәнібек Ағыбаев Бірінші Мамыр елді мекенінде болып, ипподромның құрылысы жүретін жер телімдерін аралап көрді. Жауапты мамандарға тапсырма жүктеп, ипподромның жобалық-сметалық құжаттамасы дайындауды тапсырды. — Келес ауданында ипподром салу бастамасы бірнеше жылдан бері қозғалып келеді. Ат – қазақтың жанына жақын киелі жануар. Ат спортын дамыту арқылы біз ата дәстүрді, ...

Читать далее »

Түркістан облысында “World Cleanup Day” дүниежүзілік акциясы өтті

Дүниежүзілік тазалық күніне орай Түркістан облысында «World Cleanup Day 2023» жыл сайынғы экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Аталған акцияның мақсаты — қоршаған ортаны тазалай отырып, табиғатқа жанашырлық таныту және әр адам бойындағы экологиялық жауапкершілікті қалыптастыру. Сенбілікке облыс аумағындағы барлық аумақтық департаменттер мен басқармалар, аудан, қала әкімдіктері сондай-ақ, барлық бюджеттік мекемелер мен тұрғындар қатысты. Жалпы 13 мыңға жуық адам атсалысты. Жоспар бойынша сенбілікке ...

Читать далее »

«Түркістан аруы — 2023» байқауының жеңімпазы анықталды

«Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық байқауына іріктеу аясында Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен «Түркістан аруы» конкурсы өтті. Биыл ұлттық байқаудың ресми сайтына облыстың түкпір-түкпірінен 100-ге жуық өтінім келген. Үміткерлермен 3 бірдей кастинг өткізіліп, ақтық сайысқа 9 ару жолдама алған. Сайыста арулар өзін таныстыру, шығармашылық бағыттағы өнер, қазақша ұлттық көйлектермен дефиле көрсету бойынша сайысқа түсті. Әділ-қазылар алқасының шешімімен Ербосын Диана «Түркістан аруы-2023» атанды. ...

Читать далее »

Д.Сатыбалды отандық инвесторлармен кездесті

Түркістан облысының өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға мүмкіндік беретін бірнеше маңызды ірі жобаны іске асырылуда. Мемлекет тарапынан қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. Бұл бағытта отандық инветсорлардың үлесі артып келеді. Өңдеу саласында облыста «Саутс Ойл» компаниясының «Созақ Фосфат» фосфорит өндіру және «Састөбе инновациялық кешені» каустикалық сода, «Стандарт Петролюм» мұнай өңдеу зауыты сияқты инвестициялық жобалар іске асқан жағдайда, өңірдің өнеркәсіп саласындағы шығарылатын өнім көлемінің өсуіне ...

Читать далее »

Ордабасыдағы машина жасау кәсіпорны өнімдерін Түркия және Үндістанға экспорттауда

«KARLSKRONA LC AB» ЖШС – Ордабасы ауданындағы Индустриалды аймақта орналасқан машина жасау кәсіпорны. Компания сорғыларды, электротехникалар, блокты-модульдік, стандартты емес жабдықтарды, түрлі темір қорытпаларынан құймаларды жасау, әзірлеу, сату, монтаж және сервистік қызмет көрсетумен айналысады. Өнімдер Түркия мен Үндістанға және Қазақстан қалаларына жіберіледі. Аталған компания арқылы 150-200 адам жұмыс орнымен қамтылған. Қазіргі уақытта зауыт мұнай, тау-кен және атом өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығы және ...

Читать далее »