Түркістан облысы

Түркістанда бокстан республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды

Түркістан қаласында бокстан жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті. Жарыс — «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» деген ұранмен Ауған соғысының ардагері Аппаз Мамраймовты еске алуға арналған. Додада Қызылорда, Ақтөбе, Жетісу, Жамбыл, Алматы, Маңғыстау, Қызылорда облыстарымен қатар, Шымкент, Түркістан қалаларынан 11-12 жас аралығындағы 300-ге жуық спортшы бақ сынады. Жарыс қорытындысында 30 және 36 келі салмақтарда Арыс қаласының өрендері Нұрзат Серік пен Рамазан Наурызбай алтын ...

Читать далее »

Түркістан облысында су тасқынына қарсы дайындық жұмыстары қарқынды

Түркістан облысында тасқынға қарсы қазіргі таңда 125 мың дана қап, 8 мың тонна жанар-жағармай, азық-түлік қоры мен 300-ге жуық инженерлік техника әзірленген. Сонымен қатар, Төтенше жағдайлар департаментінің 175 жеке құрамы, «Тұран су» мекемесінің 40 бірлік инженерлік техникасы дайындыққа келтірілген. Бұл жайында облыстың ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Нұрлыбек Рахымбердиев мәлімдеді. «Бұған дейін күрделі жағдайда тұрған Қапшағай, Ырмақ өзені, Майдантал ...

Читать далее »

Қоғамдық кеңес түркістан облысы әкімінің жұмысын оң бағалады

Түркістанда облыстық Қоғамдық кеңестің жиырма тоғызыншы отырысы өтті. Жиынға облыс әкімі Дархан Сатыбалды, мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов қатысты. Сонымен бірге отырысқа әкім орынбасарлары, аппарат, басқарма басшылары, саяси партиялардың облыстық филиалдарының басшылары да болды. Жиынды Қоғамдық кеңестің төрағасы Байділдә Жылқышиев жүргізіп отырды. Түркістан облысының 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы облыс әкімінің есебі тыңдалды. Өңір басшысы атқарылған жұмыстар мен жаңа бастамаларға, ...

Читать далее »

Түркістандық қариялар мен ерекше жандарға арнайы орталық қызмет көрсетеді

Түркістан қаласындағы «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында» қариялар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жақсартуға барлық жағдай жасалған. Орталық жылына 2000 зейнеткерге, 700-ден астам ерекше қажеттілігі бар азаматқа қызмет көрсетеді. Онда арнайы «Белсенді ұзақ өмір сүру», «Тең қоғам» сынды бөлімдері мен кәсіби мамандар бар. Орталықта — еңбек терапиясы, компьютерлік сауаттылықты арттыру бойынша арнайы курстар, әнмен емдеу, психотренингтер, әлеуметтік мәселелер бойынша заңды кеңестер ...

Читать далее »

Саурандық тұрғын қайтарымсыз грантпен жеке тігін цехын ашқан

Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылының тұрғыны Лайло Нарметова тоғыз жылдан бері тігіншілікпен айналысып келеді. Кәсібін дамыту мақсатында мемлекеттен 1 млн 380 мың теңге қайтарымсыз грант алып, тігін машиналары мен үтік сатып алған. Бүгінде Лайлоның шағын тігін цехы бар. Сондай-ақ, шебер жиі Түркістан облысындағы киім көрмелеріне қатысып тұрады. «Мен үшін киімдердің сапасы маңызды. Оны халық үшін сапалы әрі қолжетімді етіп тігемін. ...

Читать далее »

Сайрам ауданында өңірдің таланттары төрге шықты

«Түркістан таланттары» жобасы бастау алғалы облыс орталығында, содан соң аудан, қалаларда қаламгерлердің кеші өткізіліп, оқырман қауымның ерекше ықыласына бөленіп жүр. Тәрбиелік маңызы бар жоба бүгін Сайрам ауданында жалғасты. Кеш кейіпкер ретінде ауданның тумасы, қарымды қаламгер Нұрғиса Төремұратовпен және белгілі жас ақын Мұқағали Кенжетайұлымен кездесу өтті. Кеште ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Айдар Сейдазым модераторлық етіп, кейіпкерлер шығармашылығын ...

Читать далее »

Түркістан облысында «Үлгілі ауыл» байқауы өтеді

Түркістан облысында өңір басшысы Д.Сатыбалдының қолдауымен елді мекендерде адам өмiрi мен денсаулығы үшiн қолайлы ортаны қалыптастыру, ауыл тұрғындарының бірлігі мен ынтымағын арттыру және өскелең ұрпақтың тәрбиесіне оң әсер ету мақсатында «Үлгілі ауыл» байқауы өтпек. Екі кезеңнен тұратын тәлімі мен тағлымы мол сайыстың бірінші кезеңі — 1 наурыз бен 1 шілде аралағында аудан көлемінде ұйымдастырылады. Ал екінші кезең — облыстық деңгейде ...

Читать далее »

Түркістан облысына Орталық сайлау комиссиясының төрағасы іссапармен келді

ҚР Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді. Сапар аясында Түркістан қаласы мен Отырар, Сауран аудандарына барды. Алғашқы күні Отырар ауданының жас сайлаушыларымен кездесіп, ауданның аумақтық сайлау комиссияларының жұмысын тексерді. Сонымен қатар, Түркістан қаласында облыстық аумақтық комиссия мүшелерімен кеңес өткізді. Екінші күні облыстың жас сайлаушыларымен, депутаттарымен, үкіметтік емес ұйымдар мен саяси партиялардың өкілдерімен жүздесті. Шаралар аясында ...

Читать далее »

Арыста маңызды жобаларды жүзеге асыру үшін шетелдік инвестормен келіссөз жүргізілді

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды шетелдік «Longshuntai» компаниясының өкілімен кездесті. Кездесу барысында әріптестік орнату, жаңажобаларды жүзеге асыру мәселесі қаралды. Инвестор Арыс қаласында тамшылатып суару әдісі арқылы жеміс пен көкөніс өнімдерін өндіруді көздеп отыр. Дәлірек айтсақ, қызанақ кластерін дамытуды қолға алмақ. Ол инфақұрлымы дайын, бірақ қазір жұмысы тоқтап тұрған шаруашылықтардың бірін қаржыландыруға дайын. Сонымен бірге жүгері өсіруге де ниетті. Кездесуде Арыс ...

Читать далее »

Түркістан облысында 3 жылда ауыз су, газ және электр қуатымен қамту бойынша 500-ден астам жоба жүзеге асырылады

Түркістан облысында елді мекендерді инфрақұрылыммен қамту критерийлері жасалды. Ең алдымен мүлдем су, газ құбыры жоқ ауылдардың мәселесін шешуге басымдық беріледі. Сонымен бірге су көздерін барлау жұмыстары назарға алынады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін реттеу жөніндегі жиналыста облыс әкімі Дархан Сатыбалды жауаптыларға нақты тапсырмалар берді. – Жоспарсыз әзірленген жобалар көп. Бірқатарының жобалық-сметалық құжаттары ескірген. Қаржы көлемі өзгерген. Оларды басынан сараптап, нақты елдің ...

Читать далее »

Нұрлан Әбдіров Түркістан облысына барды

15-16 ақпанда ҚР ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды. Ортсайлаукомның басшысы Отырар ауданында болып, жас сайлаушылармен кездесу өткізіп, облыс пен ауданның аумақтық сайлау комиссияларының жұмысын тексерді, сондай-ақ 2024 жылғы 31 наурызға тағайындалған шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттарын сайлауын өткізуге дайындық барысын тексерді. Сапарға ОСК хатшысы Мұхтар Ерман және Орталық сайлау комиссиясы аппаратының жауапты қызметкерлері қатысты. Сапардың бірінші ...

Читать далее »

Депутаттар Арыс қаласының халқымен кездесті

Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының аудан, қалалардағы халық алдында есеп беру кездесулері жалғасын табуда. Бүгін облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов және облыстық мәслихат депутаты Е.Қосмамбетов теміржолшылар мекені атанған, тоғыз жолдың торабында орналасқан Арыс қаласының тұрғындарымен кездесті. Кездесуге қалалық мәслихат депутаттары, қала әкімдігінің салалық бөлім басшылары, қоғамдық ұйымдар басшылары, қала халқы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Кездесуді Арыс қаласының әкімі Г.Құрманбекова жүргізіп ...

Читать далее »

Антикор Еріктілер болашақ қаржыгерлерге мемлекет қаржысын үнемдеу тәсілдерін үйретті

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Еріктілері мемлекеттік сатып алу порталында мониторинг жүргізу барысында 16 млн теңге бюджет қаржысының негізсіз жұмсалуының алдын алды. Еріктілер ашық платформалар арқылы мемлекеттік сатып алуларға мониторинг жүргізу барысында Қазығұрт аудандық «Жарық-жол және саябақтары» мекемесі шөп шабатын машинаның (бензокоса) 1 данасына 845 535,71 теңге тым жоғары баға ұсынғанын, ал Кентау қалалық білім бөлімі жанар-жағар майдың ...

Читать далее »

Жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесетін азаматтар мемлекеттің қорғауында болады

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік жобасының Еріктілері «Ашық есік күні» науқанында заң көмегіне жүгінген тұрғындарға насихаттады. Науқанға келген 100-ден аса тұрғындарға Антикор еріктісі еңбек қатынастары, жерді ресімдеу, тұрғын үй алу тәртібі, әлеуметтік салаға қатысты сұрақтар бойынша және жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесетін азаматтарға мемлекет тарапынан көрсетілетін көтермелеулер, берілетін сыйақы мөлшері туралы құқықтық кеңестер берді. Айта кетсек, жобаның Pro bono еріктілік ...

Читать далее »

Халық қалаулылары Түлкібас ауданының халқымен кездесті

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н.Әбішов, облыстық мәслихат депутаттары Д.Егамбердиева, Н.Шақимергенқызы облыстық мәслихаттың өткен жылы атқарған жұмыстары туралы есеп беру және тұрғындардың мәселелерін тыңдау мақсатында Түлкібас ауданының халқымен кездесті. Кездесуді Түлкібас ауданының әкімі Н.Ізтілеуов жүргізіп отырды. Кездесуге аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің салалық бөлім басшылары, қоғамдық ұйымдар басшылары, аудан халқы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Облыстық мәслихат ...

Читать далее »

Сауранда «Ауыл аманаты» жобасымен 200-ге жуық жоба қаржыландырылған

Сауран ауданында ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыруға арналған «Ауыл аманаты» пилоттық жобасымен 191 жоба 1 млрд 267 млн.теңгеге қаржыландырылған. Бұл жайында Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров брифингте мәлімдеді. Сонымен қатар, өңірде ауыл шаруашылығы саласында өткен жылы 101,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Сондай-ақ, 44 082 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, 2022 жылмен салыстырғанда 1 945 гектарға артқан. Бұдан бөлек, 14 830 ...

Читать далее »

Халық қалаулыларының Келестегі кездесулері

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н.Әбішов, облыстық мәслихат депутаттары Ж.Ағабеков, Б.Басымбек облыстық мәслихаттың өткен жылы атқарған жұмыстары туралы есеп беру және тұрғындардың мәселелерін тыңдау мақсатында Келес ауданының халқымен кездесті. Кездесуді Келес ауданының әкімі Ж.Ағыбаев жүргізіп отырды. Кездесуге аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің салалық бөлім басшылары, қоғамдық ұйымдар басшылары, аудан халқы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Облыстық мәслихат ...

Читать далее »

Депутаттар Шардара ауданының халқымен кездесті

Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары аудан, қалаларда халық алдында мәслихаттың өткен жылы атқарған жұмыстары туралы есеп беруде. Осы мақсатта, облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов және облыстық мәслихат депутаты Б.Серманизов Шардара ауданының халқымен кездесті. Кездесуді Шардара ауданы әкімінің міндетін атқарушы Н.Сапаров жүргізіп отырды. Кездесуге аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің салалық бөлім басшылары, қоғамдық ұйымдар басшылары, аудан халқы және бұқаралық ақпарат ...

Читать далее »

Д.Сатыбалды Tүркістанда кәсіп ашуға ниетті инвесторлармен кездесті

Жеке инвесторлар Түркістан қаласында бизнес ашып, кәсібін дөңгелетуге ниетті. Олардың қатары күн санап артып келеді. Еліміздің түкпір-түкпірінен қызығушылық танытып отырған азаматтар облыста кәсіп ашуға жасалған жағдайдың қолайлы екенін алға тартады. Кәсіпкерлер автосалон, жекеменшік емхана, сауықтыру кешендері мен спорт кешендерін салуға қызығушылық танытып отыр. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиналыста облыс орталығында жаңадан салынатын жобалар таныстырылып, құрылысы жүріп жатқан ...

Читать далее »

Түркістанда «Ата-баба дәстүрі – тәрбиенің бастауы» атты облыстық байқау өтті

Бүгін Түркістан қаласындағы «Farab» кітапханасында «Ата-баба дәстүрі – тәрбиенің бастауы» атты байқауы өтті. Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев арнайы қатысып, үміткерлерге сәттілік тіледі. – Түркістан – Түркі әлемінің бойтұмары, Қазақ халқының мақтанышы. Түркістан – қазақылықтың қаймағы сақталған өңір. Салт-дәстүр – әр ұлттың байлығы. Ал қазақ халқының ұлттық болмысы, рухани мұралары – біздің баға жетпес қазынамыз! Ал бүгінгі байқау ...

Читать далее »