Ақ босаға

Түркістанда Шаңырақ күні мұқтаж отбасы баспаналы болды

Түркістанда «Харекет» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен «SEN» форумы өткен болатын. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында әрі қасиетті Рамазан айында өткізіліп жатқан форум отбасы құндылығына бағытталған. Жиынға түрлі саладағы елге танымал, іскер әйелдер қатысып, өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Форум аясында жалғызбасты ана Мунира Пазылбековаға баспана кілті табысталды. Бүгінде ол мүмкіндігі шектеулі екі қыз тәрбиелеп отыр. Шаңырақ күні әрі Рамазан айында жаңа баспанаға ие болған ...

Читать далее »

Түркістан облысында жыл соңына дейін 3 мыңнан астам отбасы баспаналы болады

Түркістан облысында құрылыс саласы қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін қосымша 199 мың шаршы метрді құрайтын 59 көпқабатты үйді тапсыру жоспарлануда. Нәтижесінде 3 341 отбасының баспаналы болмақ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп беру барысында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлім етті. – Биылғы 10 айда құрылыс жұмыстарының көлемі 250 млрд. теңгені құрап, 783,7 мың ...

Читать далее »

Шардарада кәсіпкерлердің есебінен 96 пәтер салынып жатыр

Биыл Шардара ауданында кәсіпкерлердің есебінен 96 пәтерлі 6 үйдің қабырғасы қалануда. Құрылыста қолданылып жатқан материалдар түгелдей дерлік отандық өнім. Сапасы да тиісті мамандар мен жергілікті әкімдік тарапынан қатаң бақылауда. Өйткені аталмыш 6 үйдің құрылысы аяқталған соң 96 пәтер жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, халықтың осал тобынан жасақталғандар, бюджеттік немесе мемлекеттік қызметшілер, көпбалалы отбасылар тізімі бойынша тұрғын үй кезегінде тұрғандарға ...

Читать далее »

Түркістан облысында 525,6 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылды

Түркістан облысында 5 жылда тұрғын үй саласы бойынша құрылыс қарқыны артқаны белгілі. Алайда өзекті мәселелер де аз емес. Үйлерді уақтылы тапсырмау, абаттандыру жұмыстарын талапқа сай жүргізбеу және өзге де түйткілдері бар. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат отырысында тұрғын үй саласындағы жұмыстар сараланып, кемшіліктер талқыланды. – Үйлерді маусым айына дейін тапсыру керектігін айтқан болатынмын. Себебі, күзге қарай тапсырылған үйлерді ...

Читать далее »

Түркістан: баспана мәселесін шешудің тиімді жолы табылды

Түркістан облысындағы барлық аудандарда жаңа жобадағы қолжетімді тұрғын үйлер салына бастайды. Баспана мәселесін шешу үшін жүзеге асатын бастама жайлы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Төлеби ауданы тұрғындарымен есепті кездесуде мәлімдеді. Жылдар бойы баспана тауқыметін тартқан аудан тұрғынының сұрағына жауап берген облыс әкімі баспана мәселесін шешудің тиімді жолын түсіндіріп берді. Бұл бастама Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекенінде жүзеге аса бастаған. Жеке ...

Читать далее »

Түркістанда Д.Сатыбалды үй кезегінде тұрған отбасыларға баспана кілтін табыстады

Түркістан қаласында биыл баспана кезегінде тұрған 700-ге жуық отбасына әлеуметтік баспана беріледі. Шаһардың жаңа ауданында бой көтерген 9 қабатты бес тұрғын үйге 5 мыңға жуық адам көшіп келеді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды 20 отбасына пәтер кілтін тапсырып, қуаныштарымен бөлісті. – Тәуелсіздіктің арқасында мемлекетіміз тұрақты даму жолына түсті. Рухани астанамыз Түркістан қаласы облыс орталығы ...

Читать далее »

«Бақытты отбасы» бағыты арқылы 130-ға жуық азамат баспаналы болды

Шымкент қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бақытты отбасы» бағыты арқылы несиелік негізде 127 азамат баспаналы болды. «Бақытты отбасы» бағытының шарттары мен талаптарына сәйкес азаматтар пәтерді жаңа және екінші нарықтан өздері іздеп тапқан. Бұдан бөлек, бүгінде аталған бағыт бойынша конкурстан өткен 203 қатысушы өздерінің төлем қабілеттіліктеріне сәйкес тұрғын үй іздеу үстінде. «Бақытты отбасы» бағытының негізгі қатысушалары – тұрғын үй кезегіндегі ...

Читать далее »

«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 186 азамат төлем қабілеттігін растаған

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Бақытты отбасы» бағыты бойынша 186 шымкенттік төлем қабілеттігін растаған. Оның ішінде 68 азаматқа (сертификат шартына сәйкес келген) бастапқы жарнасын төлеуге миллион теңгелік сертификат берілді. Биылғы жоспар бойынша жыл соңына дейін аталған бағытта 589 азамат несиелік баспанаға қол жеткізбек. «Отбасы банк» жариялаған ақпараттарға сәйкес, 2021 жылдың 12 сәуір мен 25 мамыр аралығында Отбасы банктің www.hcsbk.kz сайтында өтінім ...

Читать далее »

Сара Назарбаева бүгін 79 жасқа толды

Сара Назарбаева 30 жылда алғаш рет туған күнін бірінші ханым мәртебесінен тыс атап өтуде, деп хабарлайды Xnews. Сара Алпысқызы Назарбаева (қыз кезінде Қонақаева) 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысындағы Қызылжар ауылында туған. 21 жастағы Сара қарапайым жұмысшы болған Нұрсұлтан Назарбаевқа 1962 жылы тұрмысқа шыққан. Елбасының өзі жарымен кездескен күнді махаббатпен еске алады. Сол жылдардағы ең есте қалатын күн болашақ жарым ...

Читать далее »

Жарамсыз тауарлар

Парламент Сенатының депутаттары тұтынушылардың құқығы туралы заңға өзгерістер енгізгені туралы бұған дейін хабарлаған едік. Енді мәселені нақтылай түссек, алдағы уақытта сапасыз тауарды сатып алған жеріне екі аптадан кейін емес, жарты жылдан кейін де қайтаруға болады. Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев тұтынушылардың бірнеше мәрте жасаған шағымдарынан кейін осындай шешім қабылданғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, бұл заңның тез бұзылатын тағам өнімдеріне қатысы жоқтығын, оларды ...

Читать далее »

Ыдыс жуғыш сұйық

Мектеп оқушысы осындай зат ойлап тапты Атыраудағы Назарбаев зияткерлік метебінде оқитын 10-сынып оқушысы Кемелхан Қалиолла ыдыс жуғыш сұйық зат ойлап тапты. Ол мұны кәдуілгі қарбыз суының құрамындағы белсенді натрий тұздарының эфир майларын ыдырата алатынын анықтау арқылы шешіпті. Дегенмен, жоба әлі де тереңдетіле зерттеліп жатыр. Шалымды шәкірт қарбыз суының қасиетін зерттеуді былтыр бастаған екен. Содан бері ол ғылыми жетекшісімен бірге уақытының ...

Читать далее »

Алғашқы қызғалдақ

Оңтүстік өңірінде қауыз ашты Оңтүстік Қазақстанда Қызыл кітапқа енген қырдың қызыл қызғалдағы гүлдеді. Әдетте, бұл гүлдер сәуір айында қауыз жарып, көздің жауын алатындай болып жайқалатын. Биыл оңтүстік өңірде көк­тем ерте шықты. Өсімдіктер де ерте оянып, мерзімінен бұрын гүлдей бастады. Осының бір дәлелі қырдың алқызыл қыз­ғалдағы қауыз жарып, даланы гүлге бөледі. Статистикалық мәлімет­терге сүйенсек, әлемде қыз­ғал­дақтың 83 түрі ерекше қорғалатын өсімдіктер ...

Читать далее »