Сара Назарбаева бүгін 79 жасқа толды

Сара Назарбаева 30 жылда алғаш рет туған күнін бірінші ханым мәртебесінен тыс атап өтуде, деп хабарлайды Xnews.

Сара Алпысқызы Назарбаева (қыз кезінде Қонақаева) 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысындағы Қызылжар ауылында туған. 21 жастағы Сара қарапайым жұмысшы болған Нұрсұлтан Назарбаевқа 1962 жылы тұрмысқа шыққан.

Елбасының өзі жарымен кездескен күнді махаббатпен еске алады.

  • Сол жылдардағы ең есте қалатын күн болашақ жарым Сарамен кездескен күн еді… Кездесу апаттан кейін домна пешінің жанында болған…Үстімнің барлығы ыс, күйе, тек көзім мен тісім көрініп тұр. Сол түні шағын электр станциясына кезекшілікке түскен қыз біздің пеште не болып жатқанын тексеруге келді. Солай кездестік. Кейіннен бізге комсомол-жастар тойын жасап берді, — деді Назарбаев.

Президенттің отбасы үш қыз өсірді: Дариға, Динара және Әлия.

https://www.instagram.com/p/B8czNcfHJ4S/?utm_source=ig_embed

1992 жылдың ақпанында Сара Алпысқызы Назарбаева республикалық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын құрып, оның президенті болған.

1994 жылдың шілдесінде Сара Назарбаева – «SOS – детские деревни Казахстана» қорының президенті. 1999 наурызынан бастап «Демография» қайырымдылық қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*