«Бақытты отбасы» бағыты арқылы 130-ға жуық азамат баспаналы болды

Шымкент қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бақытты отбасы» бағыты арқылы несиелік негізде 127 азамат баспаналы болды. «Бақытты отбасы» бағытының шарттары мен талаптарына сәйкес азаматтар пәтерді жаңа және екінші нарықтан өздері іздеп тапқан. Бұдан бөлек, бүгінде аталған бағыт бойынша конкурстан өткен 203 қатысушы өздерінің төлем қабілеттіліктеріне сәйкес тұрғын үй іздеу үстінде.

«Бақытты отбасы» бағытының негізгі қатысушалары – тұрғын үй кезегіндегі «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, толық емес отбасылар, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар.

Айта кету керек, жыл соңына дейін «Бақытты отбасы» бағыты арқылы жалпы саны 589 отбасы баспалы болу жоспарланған болатын. Бағдарлама еліміздегі аз қамтылған отбасылардың жылдық 2 %-дық мөлшерлемемен тұрғын үй алуға мүмкіндік беруде.

Шымкент қаласы бойынша 2021 жылға бөлінген лимиттің аяқталуына байланысты азаматтар «Бақытты отбасы» бағдарламасына келер жылы «Отбасы банк» арқылы қатыса алады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*