Авторские архивы: editor

ТҮРКІСТАНҒА МИЛЛИОННАН АСА ТУРИСТ КЕЛГЕН

Түркістан қаласына келушілер саны жыл сайын артуда. Облыс орталығының туризм саласында жүйелі жобалар жүзеге асырылуда. Тарихи-мәдени мұраны сақтау мақсатында шаһардағы Күлтөбе қалашығының тарихи нысандары қайта жөндеуден өткізілуде. «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің аумағына абаттандыру жүргізіліп, «Қожа Ахмет Яссауи», «Жұма мешіті», «Есім Хан» және «Рабия Сұлтан Бегім» кесенелері мен қақпалары қайта қалпына келтірілуде. Соңғы көрсеткіштерге сәйкес, шаһарға жыл басынан бері 1257,7 мың турист ...

Читать далее »

3986 БАЛА КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК ТОПТАМА АЛДЫ

Жыл басынан бері, Түркістан қаласында 3986 балаға кепілдендірілген әлеуметтік топтама берілген. Жалпы, КӘТ — елімізде аз қамтылған отбасындағы балаларды әлеуметтік қорғау бағытында жүзеге асқан жобалардың бірі. Кепілдендірілген әлеуметтік пакет – бұл Қазақстан Республикасы Үкіметі 1 жастан 18 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасының әрбір баласына белгіленген көмек түрі. Көмек пакеті шартсыз немесе шартты ақшалай көмек алатын тұрмысы төмен отбасыларға ...

Читать далее »

ҚОҚЫС ТӨГІП, АЙЫППҰЛ АРҚАЛАДЫ!

Түркістан қаласында тазалық мәселесі қатаң қадағалануда. Қала аумағындағы 787 көшеге санитарлық тазалық жүргізіледі. Оның 136 көшесі — механикалық жолмен, 651 көшесі қолмен тазаланады. Орталық маңызы бар 39 көшенің қоқысы күніне екі мезгіл алынады. Бұл жұмыс секторлар тарапынан да күнделікті бақылануда. Нәтижесінде, тазалық талаптарын бұзған 4570 азаматқа айыппұл салынды: “Отырар” секторында – 37 , “Сауран” секторында – 106, Бірлік тұрғын алабында ...

Читать далее »

ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ КҮНДЕЛІКТІ НАЗАРДА

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов айтты. Департамент басшысының айтуынша, қазанның 6-9 күндері аралығында Кентау қаласындағы қоғамдық тамақтану орындарының бірінде 168 адам зардап шеккен топтық тамақтан уланудың 1 жағдайы тіркелген. Аталған кезеңде осы нысанда фаст-фуд өнімдеріне (суши, пицца, фри, чикен) тапсырыс берілген. Кентау қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы қалалық полиция бөлімімен ...

Читать далее »

«DIGITAL TURKISTAN» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

Бүгінгі таңда Түркістан қаласында «Digital Turkistan» тұжырымдамасы нәтижелі іске асырылып келеді. Жоба аясында бірнеше қосымша жұмыс істейді. Атап айтсақ, «109» бірыңғай байланыс орталығы тәулік бойы тұрғындардың қоңырауын қабылдап, мәселелердің шұғыл шешілуіне ықпал етуде. Орталыққа жыл басынан бері 90 587 мың өтінім келіп түскен. Сонымен қатар, 55 мектеп 1164 бейнебақылау камераларымен қамтылған. Ал, қала бойынша 812 бейнебақылау камералары жедел басқару орталығына ...

Читать далее »

6912 ТҰРҒЫН МЕМЛЕКЕТТІК ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ

Қала басшысы Нұрбол Тұрашбеков «Халықты жұмыспен қамту орталығының» тоғыз айда атқарылған жұмыстары бойынша есебін тыңдады. Орталық директоры Ақмарал Пернебекқызының мәлімдеуінше, жыл басынан бері жұмыспен қамту шараларымен 6912 тұрғын қамтылған. Қоғамдық жұмыс орындарына — 843 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына — 125 азамат , жастар практикасы бойынша — 501 тұрғын жұмысқа жолданды. Тұрақты жұмыс орындарына — 3271 азамат, алғашқы жұмыс орнына — ...

Читать далее »

Ерекше қажеттілігі бар 3585 азаматқа медициналық құралдар берілді

Түркістан қаласында ерекше қажеттілігі бар 9523 азамат бар. Соңғы көрсеткіштерге сәйкес, ерекше қажеттілі қажеттілігі бар 3585 тұрғынға қажетті медициналық құралдар берілген. Аталған азаматтарға мемлекет тарапынан жан-жақты жәрдем түрлері қарастырылған. Оның ішінде, 380 азамат протез ортопедиялық құралдар, 270 тұрғын сурдо техникалық құралдармен 117 азамат, тифло техникалық құралдармен 283 адам қамтамасыз етілген. Одан бөлек, мүгедектігі бар 401 азамат жеке көмекші қызметіне жүгінсе, ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНДА ЖАҢА МАУСЫМНЫҢ ШЫМЫЛДЫҒЫ ТҮРІЛДІ

Түркістан музыкалық драма театрында ІІ маусымның шымылдығы түріліп, «Қорқыт туралы аңыз» пластикалық қойылымы сахналанды. Маусымашарға Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы Ә.Қойлыбаев, қала қонақтары мен тұрғындары қатысты. Қоюшы-режиссері – К. Семенов. Композиторы – Х. Шанғалиев. Көркемдік жетекшісі – А Көпбасарова. Жазушы-драматург Е. Аманшаевтың либреттосы бойынша сахналанған спектакльде бас кейіпкер көрген түсінен шошып, өлімнен қашады. Жерұйық мекенді іздейді. «Қайда барса да, Қорқыттың ...

Читать далее »

КӨНЕ ШАҺАРДЫ КӨГАЛДАНДЫРУ-БАСТЫ НАЗАРДА

Түркістан қаласында 45 саябақ, 34 сквер, гүлзар және 9 жасыл алаңдары бар. Атап айтсақ, 380 га аумақта ағаштарды дәріленіп, тыңайтқыштармен қоректендірілді. 11 245 дана ағашқа санитарлық және авариялық кесу жұмыстары жасалды. 45 саябақ, сквер,гүлзарда кіші сәулет мүсіндері мен саябақ құрылыстарында (орындық, жарықшамдар, мүсіндер т.б), аяқжолдар мен балалар ойын алаңдары сырланып, қайта қалыпқа келтірілді. Жыл басынан бастап 12,2 га аумақта 15 ...

Читать далее »

«ТҮРКІЛЕР ТӨРІ ТҮРКІСТАННАН – ҰЛТ ҰЛЫСЫ ҰЛЫТАУҒА» ЭКСПЕДИЦИЯСЫ ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Бүгін Түркістан қаласынан зиялы қауым өкілдері Ұлытау облысына тарихи-танымдық сапарға аттанды. Ардагерлерге ақ жол тілеген қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков ақ жол тілеп, салтанатты түрде шығарып салды. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанды атажұртымыздың алтын қазығы десе, Ұлытауға ұлттың ұясы деп баға берген-ді. Ата-бабалар салған сара жол – бірлік, береке, ынтымақ жолынан бүгінгі ұрпақ та адаспай келеді. Өткенді үлгі тұтар ұрпақ ...

Читать далее »

“AMAZING TURKISTAN” АРҚЫЛЫ ӘУЕ РЕЙСТЕРІ МЕН ПОЙЫЗ КЕСТЕСІН БІЛУГЕ БОЛАДЫ

  “Amazing Turkistan” қосымшасы жаңа бөлімдермен толығып жатыр. Қосымша арқылы қолданушылар әуе рейстері мен пойыз кестесін біле алады. Сонымен қатар, қосымша енді түрік тілінде де ақпарат береді. Бұған дейін қазақ, орыс және ағылшын тілінде ақпарат беріп келген жүйені бүгінгі күнге дейін 80 мыңға жуық адам жүктеп алған. Мұнда келушілер үшін онлайн гид, такси, дүкен, дәріхана, Халық қатысатын бюджет, мейрамханалар, қонақ ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРІП ЖАТЫР

Түркістан қаласының жылу жүйелері 2022-2023 күзгі-қысқы кезеңге дайындық бойынша кешендік іс-шаралар өткізіп жатыр. Бұл туралы «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Е.Рысбеков мәлім етті. Жауапты сала басшысының айтуынша, жылыту маусымы аяқталғаннан кейін бірден жылу аралық кезеңде Кәсіпорын келесі жылыту маусымына дайындық жүргізеді. Қалалық жылу трассаларында алдағы 2022-2023 жылыту маусымына дайындық шеңберінде жылумен жабдықтау жүйесін жөндеу және жаңғырту бойынша жоспарлы жұмыстар басталады. ...

Читать далее »

Балаңыздың мектепте қандай сусын немесе тағам тұтынғанын білгіңіз келеме?

Түркістан қаласында «Е-Асхана» пилоттық жүйесі іске қосылмақ. Осы орайда, Төле би атындағы №19 жалпы орта мектебі мен №28 мектеп-лицейі таңдалып алынған. Жобаның тиімділігі – балаңыздың мектепте қандай сусын немесе тағам тұтынғанын ұялы телефоныңыздағы қосымша арқылы көре аласыз. Пилоттық жобаны егжей-тегжейлі түсіндіру мақсатында аталған мектептерде кездесу өтті. Жиынға мектеп директорлары мен ата-аналар қатысты. Көпшілігі жүйенің тиімділігі жоғары екендігіне сенімді. Солардың бірі ...

Читать далее »

КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркияның Изник қаласында өткен IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін қабылдады. Дүбірлі додада ел намысын қорғаған жүлдегерлердің жеңісін жоғары бағалаған аймақ басшысы оңтүстік өңірінің спортшыларына қаржылай сертификат пен облыс құрама командасының бірыңғай формасын табыстады. – Сіздер Түркістан облысының ғана емес, күллі Қазақ елінің атын шығарып жүрсіздер. Көкпардан бірінші орын алғандарыңызды естіп, еңсеміз көтеріліп қалды. ...

Читать далее »

ОРДАБАСЫДА ЕКІ АУЫЛ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Бөржар ауылдық округіне қарасты 600-ден астам тұрғыны бар Теспе және 1000-нан астам тұрғыны бар Ықыластемір ауылдарына табиғи газ берілді. Қос ауылдың көптен күткен қуанышына ортақтасуға Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақов арнайы қатысып, тұрғындарды құттықтады. Теспе ауылына газ тарту жұмысын «Texprom» ЖШС мердігер мекемесі жүргізген. Тиісті жұмыстарға қаралған қаржының көлемі – 150 млн 726 мың теңге. Абонент ...

Читать далее »

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНА — 67 ЖЫЛ!

Кентау қаласының тұрғындары Қала күнін жоғары деңгейде атап өтті. «Ынтымақ» алаңында өткен дүбірлі мерекеге жиналған тұрғындардың қарасы қалың. Мерекелік іс-шарада елге еңбегі сіңген азаматтарға «Кентау қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді. Қаланың дамуына үлес қосқан азаматтар «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісі мен қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Шаһар басшысы көпшілікті құттықтады. – Облыс орталығы – Түркістанның Кентауға шекаралас болуы үлкен ...

Читать далее »

ЕСЕПШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Түркістан калалық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Нышанбай Құдайбергенов ұжымдағы есепшілерді бухгалтерлер мерекесімен құттықтады. Нұржамал және Гүлнар Абдуллаеваларға гүл шоқтарын ұсынған мекеме басшысы әріптестерімізге еселі еңбегі үшін ұжым атынан алғыс білдірді.

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫ АБСОЛЮТТІ ЧЕМПИОН АТАНДЫ

Талдықорғанда жүзуден Қазақстан Кубогы жолындағы жарыс өтті. Айтулы бәсекеде Түркістан облысы су спорты түрлері мектебінің спортшысы Адалаида Пчелинцева өте сәтті өнер көрсетті. Адалаида 50, 100 және 200 метрге жүзуден, яғни, үш қашықтықта чемпион атанды. Сонымен бірге 2,148 ұпай жинап сайыстың абсолютті жеңімпазы болып танылды. С.Осинский мен Ж.Шалдарбековтың шәкірті енді Түркияға оқу-жаттығу жиынына аттанады. Одан кейін Германияның Берлин қаласында өтетін Әлем ...

Читать далее »

КЕНТАУДА «KENTAU KIDS MARATHON 2022» БАЛАЛАР МАРАФОНЫ ӨТТІ

Балалар жылында Түркістан облысы, Кентау қаласында «KENTAU KIDS MARATHON 2022» республикалық марафоны өтті. Жарысқа екі мыңға жуық жас спортшы қатысып, өз бақтарын сынады. Оқушы марафоншыларға Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов сәттілік жолдады. – Қаламызда алғаш рет өткелі тұрғын республикалық марафонға қош келіпсіздер! ҚР Президентінің жарлығымен 2022 жылды «Балалар жылы» деп атауының өзінде үлкен мән бар. Себебі біздің жарқын болашағымыз мына ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА «ҚОҚЫССЫЗ ТАЗА ТАБИҒАТ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

Бүгін Мемлекет басшысы жариялаған «Қоқыссыз таза табиғат» жалпыұлттық акциясына орай Түркістан қаласында экологиялық сенбілік өтті. Акцияға бірқатар мекеме ұжымдары, қоғамдық ұйымдар өкілдері, белсенді жастар және еріктілер қатысып, қала тазалығына өз үлестерін қосты. Сенбілікке қатысушылар “Жеңіс саябағы” мен шаһардың бірқатар көшелеріне тазалық жұмыстарын жүргізді. Түркістан облысы Жастар ресурстық орталығы КММ басшысының орынбасары Ернар Бектаев акцияның мақсаты қоршаған орта мен өз айналамызды ...

Читать далее »