Авторские архивы: admin

Д.Сатыбалды: “Түркістан өңірін кәсіпкерлік орталығына айналдыруға мүмкіндік мол”

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды шағын, орта және ірі бизнес өкілдерімен кездесті. Мұндай кездесу тұрақты түрде өтеді. Бұл жолы Түркістан қаласында бизнесін дамытуға ниет білдірген Алматы, Қарағанды облыстарынан арнайы келген кәсіпкерлер қатысты. Сондай-ақ туризм, агроөнеркәсіп, өңдеу өнеркәсібі және басқа салалардан 50-ге жуық кәсіпкер жиналды. Мемлекеттік органдардың өкілдері де қатысып, ұсыныстарды тыңдады. Бизнес өкілдері қордаланған мәселелері мен жаңа ұсыныстарын айтты. Кездесу ...

Читать далее »

Сарыағашта «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасымен спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде

Сарыағаш ауданына қарасты Құрама ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында спорт кешенінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Аудан басшысы Арман Абдуллаев аталған құрылыс нысанына жауапты мердігер мекеме өкілдерімен жүздесіп, құрылыс жұмыстарының барысын бақылады. Бүгінде құрылыс жұмыстарына бюджеттен қаржы бөлініп, мердігер компания тарапынан нысанның іргетасын (бетон) құю жұмыстары аяқталып, ендігі кезекте темір арқалықты орнату жұмыстары қолға алынған. Сонымен қатар аудан басшысы жауапты ...

Читать далее »

Сайрам ауданында 11 млрд. теңгеге 9 жоба іске қосылды

Сайрам ауданында жыл басынан бері жалпы соммасы 11 млрд. теңгеге 9 жоба іске қосылды. Нәтижесінде 279 жұмыс орны құрылды. Атап айтсақ, күнбағыс майын шығаратын цех, газоблок және темірбетон зауыты, алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт, сондай-ақ жылыжай құрылысы. Іске қосылған жобалардың ішінде – «Туран Агро ет-сүт» өндірістік кооперативі. 450 млн. теңгені құрайтын сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорында 20 жұмыс орны ашылады. Бұдан басқа ...

Читать далее »

Несиесін төлеу үшін алаяқтық жасаған

Арыс полициясына арызданып келген жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғандығын жеткізді. Яғни өзінің танысы «теміржолшы етіп жұмысқа тұрғызып беремін» деп сеніміне кіріп, 1.700.000 теңгесін алған. Аталған фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді. Тәртіп сақшылары қылмысты ашу мақсатында іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде полиция қызметкерлері күдікті ретінде Арыс ауданының тұрғынын анықтады. Белгілі болғандай, ер адам алған ақшаның бір бөлігін несие жабуға, ...

Читать далее »

Арыс қаласының оқушысын әлемнің 21 университеті оқуға шақырып жатыр

Түркістан облысы, Арыс қаласы, Владимир Комаров атындағы №8 мектептің 11-сынып оқушысы Шапағат Сейілханға әлемдік университеттер назарын аударып отыр. Яғни, Case Western University, Chicago State University, Clark University, Colarado State University, California State University секілді оқу орындары арнайы шақыртулар жіберіп, білім гранттарын ұсынған. Ал оның таңдауы Чикаго университетіне түскен. Себебі ондағы рейтинг әлемдік деңгейде жоғары бағаланады. Әлемдік жоғарғы оқу орындарының назарын ...

Читать далее »

Д.Сатыбалды әкімдерге инвестициялық ахуалды жақсартуды тапсырды

Түркістан облысының аудан әкімдері мен кәсіпкерлерінің Қытай Халық Республикасына іссапарынан кейін өңірде бірнеше зауыт — фабрика ашу қолға алынды. Ынтымақтастық, экономикалық, сауда және ауыл шаруашылығын арттыру бойынша бірқатар меморандумдарға қол қойылды. Облысқа инвесторлар тартып, өндірістік кәсіпорындарды аралап, кәсіпкерлермен тәжірибие алмасу мақсатында ұйымдастырылған шара нәтижесі Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен басқосуда баяндалды. Облыс басшысы бұл бағыттарды жүзеге асыру бойынша ...

Читать далее »

Түркістанда медицина өкілдерінің халқаралық ғылыми-практикалық конференциясы басталды

Түркістанда Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының 155 жылдық мерейтойына арналған «Ғасырлық дәстүрлер мен жаңа технологиялар – пациенттердің денсаулығы мен сеніміне апаратын жол» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы басталды. Конференцияның ашылу салтанатында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев көпшілікті құттықтады. – Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының 155 жылдық мерекесіне арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қош келдіңіздер! Бұл аурухананың тарихы тереңде. 1868 жылы Шымкент қаласында әскери ...

Читать далее »

Түркістанда халықтың бірлігін бейнелейтін киіз үй тігілді

Түркістан қаласындағы «Этноауыл» кешенінде Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихи-ағартушылық «Бір ел» жастар жобасы аясында киіз үй тігу шарасы өтті. Салтанатты іс-шараға «Қоғамдық келісім» РММ басшылығы, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшылығы мен қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің, «Ассамблея жастары» РҚБ республикалық жастар ұйымдарының өкілдері, ҚХА мүшелері, блогерлер, еріктілер, шалғайдағы ауылда тұратын әр түрлі санаттағы жастар қатысты. Игі шарада «Қоғамдық келісім» ...

Читать далее »

Қазақстан мен Ресей әуе қатынасын өзара кеңейтуге және екі ел арасындағы транзиттік тасымалдауды арттыруға келісті

Түркістан қаласында үкіметтер басшыларының орынбасарлары Серік Жұманғарин мен Алексей Оверчуктың төрағалығымен Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 24-ші отырысы өтті. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары өз сөзінде екі ел арасындағы сындарлы диалогты құрудағы үкіметаралық комиссияның тиімділігін атап өтті. Серік Жұманғарин Ресей Қазақстанның ірі сауда серіктесі екенін, өткен жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 9,5%-ға өсіп, $27 млрд-қа жеткенін ...

Читать далее »

Төлебиде 80 орынға арналған оқушылар үйі салынуда

Төлеби ауданында жаңадан салынып жатқан оқушылар үйінің құрылыс жұмыстары қызу қарқынмен жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда екі қабатты еңселі ғимараттың ішкі әрлеу, қабырғасын қаптау жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс нысанына тапсырыс беруші – Түркістан облыстық құрылыс басқармасы. Мердігер мекеме – «Авторемстрой ЛТД» ЖШС. 80 орындық оқушылар үйінің құрылысын жобаға сәйкес жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Заманауи ғимаратта мүмкіндігі шектеулі балаларға жедел саты ...

Читать далее »

«Сарыағаш-Мақтаарал» бағытында темір жол салынады

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев айтты. – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Сарыағаш-Дарбаза-Мақтаарал» бағытындағы темір жол құрылысын жүргізу мақсатында Үкімет тарапынан арнайы жұмысшы топ құрылған. Олар қазіргі таңда өңірде тиісті жұмыстарын атқаруда. Біздің тарапымыздан теміржолдың жүретін жері белгіленіп, жерді рәсімдеу жұмыстары жүріп жатыр, — деді Арман Айдарұлы. Аудан басшысының айтуынша, биыл 9 айдың ...

Читать далее »

Түркістан облысының ұстаздары Жапонияның білім беру жүйесін меңгеруде

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды білім сапасын күшейтуде озық тәжірибелерді сараптап енгізу мен облыста салынатын «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасына мазмұн тұрғысынан дайындығын қамтамасыз ету тапсырмасына сәйкес жұмыстар жүргізіліп келеді. Осы ретте Түркістан облысының делегациясы Жапония еліне іссапармен барды. І кезеңдегі іссапарда облыстың 15 қызметкері жұмыс жүргізуде. Оқыту семинары жапон білім беру сарапшыларының шебер сыныптарына қатысып, мектептеріне барып сабақты зерттеуді бақылау ...

Читать далее »

Сайрам ауданына 9 айда 39 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылған

Сайрам ауданына биылғы жылдың 9 айында 38,9 млрд. теңге инвестиция тартылған. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 18,3%-ға өсіп отыр. Бұл жайында аудан әкімі Арман Сәбитов брифингте мәлімдеді. Сонымен қатар, аудан басшысы аймақта жалпы өңірлік өнім көлемінің де едәуір артқандығын жеткізді. Дәлірек айтар болсақ, 2023 жылдың 9 айында бұл көрсеткіш 185 млрд. теңгеге жетіп, өсім 103,3 %-ды құраған. — Ауданда өнеркәсіп саласында ...

Читать далее »

Жетісайда тоқыма фабрикасы салынады

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов айтты. Оның сөзінше, биыл 9 айда ауданның негізгі капиталына 16,6 млрд теңге инвестиция салынған. Сондай-ақ, шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 21 мыңнан асып, олардың өндірген өнім көлемі 26,5 млрд теңгеге жеткен. – Ауданда жаңа өндірістік кәсіпорындарды ашу мақсатында индустриалды аймақ пен шағын өндірістік парк құру үшін ...

Читать далее »

Шахмат керуені Сауран ауданына аялдады

Сауран ауданы Оранғай ауылдық округінде шахмат керуенінің ашылу салтанаты өтті. Жиынға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров қатысып, өскелең ұрпақтың интеллектуалды деңгейін көтеруге бағытталған жобалар алдағы уақытта да ұдайы ұйымдастырылып тұратындығын айтты. — Шахмат — ақыл-ой спорты. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған еліміздегі шахматты қолдау мақсатында өткізіліп жатқан шара жоғары деңгейде өтуіне тілектеспін. Ұйымдастырушыларға ауыл балалары мен азаматтарын зияткерлік ойынға тарту ...

Читать далее »

Түркістанда Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Бір ел» жастар жобасы басталды

Түркістан қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихи-ағартушылық бағыттағы «Бір ел» атты жастарға арналған шара өтті. Аталған жоба екінші жыл қатарынан ұйымдастырылуда. Жобаға еліміздің барлық өңірінен 100-ге жуық жас келген. Шараның ашылуында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы бастаманың жастарды ұлттық құндылықтармен тәрбиелеуге зор септігін тигізетінін айтты. Сондай-ақ, шараға ҚР Парламенті депутаттары Алишер Сатвалдиев, Геннадий ...

Читать далее »

Түркістан облысында 4 мың тонна көкөніс сақтайтын заманауи қойманың құрылысы басталды

Түркістан қаласына кіреберіс тұстағы өндіріс аймағында көкөніс сақтайтын заманауи қойманың капсуласы салынды. Оған ҚР Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин мен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысты. Жобаның бастамашысы әрі жүзеге асырушы – «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы. Жобаның серіктесі – «М-Адал» ЖШС. 1 гектар аумақта орналасқан қойманың көлемі – 3264 шаршы метр. Құрылысы қолға алынған қойма 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында ел игілігіне тапсырылады. ...

Читать далее »

Алаяқтар интернетте Қазақстандықтарды 13 млрд теңгеге алдап кеткен

Жыл басынан бері елде 15,5 мың интернет-қылмыс тіркелген. Алаяқтар әлі де болса адамдарды алдап, ақшаларын жымқыруда. Пысықайларға келтірген шығын бүгінде 13 млрд теңгеге жетеді. Бұндай ақпаратты Ішкі істер министрлігі жариялады. Көбіне адамдар онлайн сауда жасау барысында зардап шегеді. Тез пайда табамын деп несие рәсімдеп, ақшаларын жалған инвестициялық жобаларға салады. Осылайша қомақты қаржыларынан қағылып жатады — дейді, тәртіп сақшылары. Бір жыл ...

Читать далее »

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы түркістан облысын аралайды

2023 жылдың 26 сәуірі мен 6 желтоқсаны аралығында Елімізде ең үздік дәрігерлері, медиаторлары, психологтары және заңгерлерінің қатысуымен «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы» әлеуметтік жобасы іске асырылуда. Әлеуметтік жобаның мақсаты – ел аймақтарының шалғай станцияларында тұратын азаматтарына тегін медициналық, психологиялық, құқықтық және медиативтік (татуласу) көмек көрсету. Облыстардың шалғай станцияларында тұратын жағдайы қиын және әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматарға тиімді медициналық, психологиялық, құқықтық және ...

Читать далее »

Әккілер аңқау жұртты қалай алдайды

Алаяқтар қазақстандықтардың 13 миллиард теңгесін қалтаға басқан, деп хабарлайды Xnews. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Криминалдық полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы күрес орталығы басшысының орынбасары Рүстем Дүйсетаев мәлім етті. Оның айтуынша, онлайн сауда – алаяқтардың ең көп қолданатын әдісі. «Осы жолмен 7 мыңға жуық алаяқтық жасалған. Сондай-ақ банктерде және шағын несие ұйымдарында жалған онлайн несие берудің 1600 фактісі тіркелді», – деді ...

Читать далее »