Данияр Елеусінов қарсыластары туралы айтты

– Жеңілмеген қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов алдағы қарсыластары туралы қысқаша айтып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қарсыластарым мықты болған сайын, мен де мықты бола түсемін», — деп жазды боксшы Instagram парақшасына. Еске сала кетейік, Данияр келесі жекпе-жегін 20 желтоқсан күні Лас-Вегастағы (АҚШ) MGM Grand аренасында Дэниел Джейкобстың бокс кешінде өткізуі тиіс. Әзірге Елеусіновтің қарсыласы белгілі емес. Айта кетсек, Данияр Елеусінов бұған дейін жанкүйерлеріне сый дайындап жатқанын мәлім еткен болатын. Олимпиада чемпионы соңғы жекпе-жегін 14 қыркүйек күні өткізіп, америкалық Решард Хиксті (12-1-1, 6КО) бірінші раундта нокаутқа жіберген еді. Кәсіпқой рингтегі 8-інші жеңісінен кейін Елеусінов әлемдік рейтингте тоғыз сатыға жоғарылап, 161-ден 152-інші орынға жайғасты.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Спортсмены завоевали 14 золотых медалей на Кубоке Азии по ашихара-карате в Ташкенте

На Кубоке Азии по ашихара-карате, проходившем в Ташкенте, спортсмены из Актау завоевали 14 золотых и две серебряные медали. Об этом ...

Отандық спортшылар әлем кубогында 15 жүлде алды

Спорттық гимнастикадан 6 кезеңнен тұратын Әлем кубогы мәресіне жетіп, жерлестеріміз үздік көрсеткіштерін тіркеді. Тек қана Милад Каримидің өзі 6 алтын, ...