Қазақстандық боксшы кәсіпқой рингтегі екінші жекпе-жегінде WBC титулын иеленді

Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет орта салмақта WBC International белбеуінің иегері атанды, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл титул Құлахмет пен ұлыбританиялық Маклей Макгоуен жекпе-жегінде сарапқа салынған. Кездесу Йоркширде (Англия) MTK Global және TOP Rank ұйымдастырған бокс кешінің басты жекпе-жегі аясында өтті.

Жекпе-жек он раундқа созылып, төрешілер жеңісті бірауыздан Құлахметке берді. Қазақстандық боксшы жетінші раундта қарсыласын нокдаунға түсірген. Ал сегізінші раундта төреші ережеге сай емес шабуылдады деп санап, одан ұпай алып тастады.

Айта кетейік, бұл қазақстандықтың тек екінші жекпе-жегі болатын. Ол биыл жазда дебютін Алматыда өткізіп, қарсыласын нокаутпен жеңген еді.

Тұрсынбай — әуесқой бокстан Қазақстан құрамасы сапында 2019 жылғы Азия чемпионы және 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Спортсмены завоевали 14 золотых медалей на Кубоке Азии по ашихара-карате в Ташкенте

На Кубоке Азии по ашихара-карате, проходившем в Ташкенте, спортсмены из Актау завоевали 14 золотых и две серебряные медали. Об этом ...

Отандық спортшылар әлем кубогында 15 жүлде алды

Спорттық гимнастикадан 6 кезеңнен тұратын Әлем кубогы мәресіне жетіп, жерлестеріміз үздік көрсеткіштерін тіркеді. Тек қана Милад Каримидің өзі 6 алтын, ...