Шымкентте жарақат алған 48 адам ауруханада жатыр (видео)

Шымкент ауруханаларында тәріпсіздіктер кезінде зардап шекен 48 адам жатыр, — деп хабарлайды  «Хабар 24» телеарнасы.

Зардап шеккендердің бесеуі ауыр жағайда, жансақтауда жатыр. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, науқастардың көпшілігі оқ тиіп, ауыр жарақат алып түскендер. 

Ұлттық гвардия қолбасшысы 24 жасатағы Самандар Бақтиярұлы тәртіпсіздіктер басталған күні жараланған. Орталық алаңды бақылау кезінде оң иығына оқ тиіп, қолы сынған. Оған ота жасалған, қазір ем қабылдап жатыр.

«Әскери бөлімге дабыл түсіп, сол жаққа шықтық. Оқ тигеннен кейін ауруханаға жеткізді. Не болғанын еміс-еміс білемін», — дейді Самандар. 

Шымкенттегі тәртіпсіздіктер кезінде ауруханаларға 100-ден аса адам жүгінген. Оларың жартысы әскерилер мен құқық қорғау қызметкерлері. Қазір көпшілігі өз өтініші бойынша ауруханадан шығып, қызметіне оралған.

«Қазір Шымкент ауруханаларында 40-тан аса науқас емделіп жатыр. Көбінде оқ жарақаты немесе басқа ауыр жарақаттар», — деді Шымкент Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Бақытжан Позилов.

Бас дәрігер мәліметінше, 2 медицина қызметкері жараланған, 7 жедел жәрдем көлігі бүлінген. 

x

Check Also

Шымкент әкімі қаладағы құрылыс және логистика нысандарын аралады

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жұмыс сапары барысында бірнеше инфрақұрылым нысандарын аралады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сапар ...

Шымкентте қоғамдық көлікте жолақы төлеуге бақылау күшейтілді

Шымкент қаласында қоғамдық көлікте жолақыны төлеу тәртібіне бақылау шаралары күшейтілді. 2025 жылдың маусым айынан бастап «Бақылау-тексеру қызметі» мамандары жолақы төлемеген ...