Жоғалған әскери билетті қалай тез қалпына келтіруге болады


«Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қалалық филиалының өкілдері әскери билетті жоғалған жағдайда қалай тез қалпына келтіру керектігін хабарлады. Оны екі тәсілмен – eGov порталы арқылы немесе ХҚО жүгіну арқылы қалпына келтіруге болады.

Әскери билетті eGov арқылы қалпына келтіру үшін порталда авторизациядан өтіп, «Запастағы офицерлерге, сержанттарға, сарбаздарға әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) немесе олардың телнұсқаларын беру» қызметін таңдау қажет. Бұдан кейін «Қызметтерге онлайн тапсырыс беру» батырмасын басып, ЭЦҚ немесе смс-пароль арқылы қол қою қажет болатын арнайы өтінімді толтырасыз.

Қызмет тегін, қызмет көрсету мерзімі 5-7 жұмыс күніне дейін.

Егер сіз «Әскери билетті» ХҚО арқылы қалпына келтіруді шешсеңіз, онда сізге құжаттар тізбесін жинау қажет болады. Қандай құжаттар қажет екенін ХҚО кеңесшілерінен немесе 1414 нөмірі бойынша білуге болады.

Қызмет көрсету мерзімі 10 жұмыс күні.

ХҚО-ға жүгінген кезде, өзіңізбен бірге талаптарға сай түсірілген 3х4 фотосуреті болуы керек. Сондай-ақ фотосурет өтініш берушінің жасына сәйкес келуі және қатаң түрде ашық фонда толық көлемде түсірілуі тиіс, адамның бет-жүзі жалпы фотоалаңының 70%-ын алуы тиіс.

2021 жылдың басынан бастап Шымкент қаласының ХҚО-лары арқылы 900 әскери билет берілді.

x

Check Also

Шымкент әкімі қаладағы құрылыс және логистика нысандарын аралады

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жұмыс сапары барысында бірнеше инфрақұрылым нысандарын аралады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сапар ...

Шымкентте қоғамдық көлікте жолақы төлеуге бақылау күшейтілді

Шымкент қаласында қоғамдық көлікте жолақыны төлеу тәртібіне бақылау шаралары күшейтілді. 2025 жылдың маусым айынан бастап «Бақылау-тексеру қызметі» мамандары жолақы төлемеген ...