Халық санағы 2021. Аудан тұрғындарына сенім білдіремін!

Еліміз егемендігін алғалы үшінші рет халық санағы өткізілгелі отыр. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы №1049 ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдерін бекіту туралы қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының барлық аумағында халық санағы «Қазақстанда әр кім маңызды» деген ұранмен жүргізіледі.

Аудан әкімінің 2021 жылғы 9 наурыздағы № 224 Өкімімен халықтың Ұлттық санағына жәрдемдесу жөніндегі аудандық комиссия құрылған. Онда ауыл округ әкімдері, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мен мемлекеттік мекемелердің басшылары (келісім бойынша) аудандағы биылғы халықтың Ұлттық санағына дайындық жұмыстарын ұйымдастыруға және өткізуге көмек көрсету жүктелген.

Халық санағының I кезеңі 1-30 маусым аралығында әрбір елді мекендердегі тұрғын және тұрғын емес үйлер санымен тұрып жатқан халықтың санын нақтылау бойынша жұмыстар жүргізілді.

ІІ кезеңде халық 1 қыркүйек – 15 қазан аралығында www.sanaq.gov.kz онлайн режимде санақтан әрбір азамат өтуге болады немесе 1-30 қазан аралығында әрбір үйгеинтервьюер барып сұхбат алады.

Осы орайда аудандағы барлық білім, денсаулық саласының, мемлекетттік қызметкерлердің, ауданға бағынысты мекемелердің қызметкерлерін, жалпы ауданның тұрғындарын онлайн санақтан отбасымен бірге өтуге шақырамын.

Сондықтан барынша осы кезең ішінде әрбір азамат өзінің азаматтық борышын жете түсініп, онлайн санақтан өтеді деп сенім білдіремін.

Халық санағы ертеңін ойлаған ел үшін бұл міндетті әлеуметтік экономикалық және де тарихи үрдіс. Санақ қорытындысы бойынша өткен жылдар ішіндегі елде болған демографиялық, мәдени-әлеуметтік, экономикалық, тағы да басқа қоғамдық өлшемдердің даму дәрежесін көрсетеді. Сонымен бірге адами ресурстардың деңгейін, азаматтардың білімін, денсаулығын, тұрмыстық ахуалын, мемлекеттің интелектуалдық әлеуетін белгілеп береді.

Ұлттық санақ науқанына ауданымызда халық көптеп шоғырланатын жерлерге, Халыққа қызмет көрсету орталығына, орталық ауруханаға, аудандық әкімшіліктің, 10 ауыл округінің ғимаратына онлайн санақтан өтуге арналған бұрыштар ашылды.

Бұл орындарға тұрғындарға көмек көрсететін мамандар отырғызылды. Онлайн санақтан өту үшін өзіңізбен бірге үй құжаттарының мәліметтерін, жеке басыңызды растайтын, отбасы мүшелерінің (ЖСН) нөмірлерін білсеңіз жеткілікті.

Сіз өзіңіздің мәліметіңізді Sanaq.gov.kz сайты, egov.kz электронды үкімет порталы, aitu қосымшасы арқылы біле аласыз.

Сіз үйде отырып-ақ осы электронды қосымшалар арқылы санақтан өте аласыз.

Еліміз үшін аса жауапты әрі маңызды науқаннан жерлестеріміздің ұйымшылдық танытатынына, бір кісідей атсалысатынына сенімдімін.

Б.БАТЫРШАЕВ,
Ордабасы ауданының әкімі

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*