ANTIKOR LIVE: Қоғамда парасаттылықты қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте басты факторлардың бірі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еліміздің мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарының бірі болып белгіленген.
Пандемия кезеңінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, парасаттылық және ашықтық қағидаттарын енгізуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға және жоюға байланысты кешенді алдын алу жұмысына баса назар аударылды.
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Талғар Серікбаев мәлімдеді.
Алдын алу бағытында мемлекеттік органдар және қоғам белсенділерімен бірлесе ағымдағы жылдың 8 айында 1500-ге жуық профилактикалық іс-шаралар өткізіліп, барлық әлеуметтік маңызы бар салалар қамтылған.
 
Сондай-ақ, оның айтуынша Агенттік қоғамда парасаттылық мәдениетін қалыптастыру арқылы жемқорлыққа қарсы күресті арттыруға күш салуда.
«Біздің органның бастамасымен биыл парасаттылық мәдениетін ілгерілету бойынша кешенді жоспар түзілді. Аталған жоспар Шымкент қаласының әкімдігімен бірлесіп жүзеге асырылуда.
Басты мақсат – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бүкіл қоғамды тарту.
Кешенді жоспарды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік қызметшілер мен жастар, кәсіпкерлермен, дін және этномәдени бірлестіктермен, академиялық қауымдастық өкілдерімен, белгілі адвокаттар және заңгерлермен жұмыс жасалынуда» — деді Т.Серікбаев.
Спикердің айтуынша, Жоспарды іске асыру аясында мемлекеттік қызметшілерге таратылатын сыбайлас жемқорлық қылмыстық істер бойынша сот процестерін онлайн трансляциялау жүргізілуде.
x

Check Also

Шымкент әкімі қаладағы құрылыс және логистика нысандарын аралады

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жұмыс сапары барысында бірнеше инфрақұрылым нысандарын аралады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сапар ...

Шымкентте қоғамдық көлікте жолақы төлеуге бақылау күшейтілді

Шымкент қаласында қоғамдық көлікте жолақыны төлеу тәртібіне бақылау шаралары күшейтілді. 2025 жылдың маусым айынан бастап «Бақылау-тексеру қызметі» мамандары жолақы төлемеген ...