Oрдабасы ауданының ақсақалдары облыс әкімімен кездесті

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Ордабасы ауданының ардагерлерімен және зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, өңірде атқарылған жұмыстарды саралады.

Ашық әңгіме барысында аға буын өкілдері облыс басшысының алдында бірнеше мәселені көтеріп, көкейде жүрген сауалдарын қойды. Өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасты. Карантин талаптарын сақтай отырып өткізілген кездесу барысында ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуы, қоғамдық – саяси тұрақтылықтың сақталуы мәселелері ортаға салынды.

«Әлемді жаулаған індетке байланысты өздеріңізбен ұзақ уақыт жүздесе алмадық. Пандемия талаптарын сақтай отырып, барлық аудан ақсақалдарымен тұрақты түрде кездесу өткізіп тұруды жөн санадық. Барлық аудан, қалалардың ақсақалдарымен жүздесіп, орын алып жатқан оңды жағдайлар мен олқылықтар жайлы талқылаймыз. Сіздердің ақыл-кеңестеріңіз бен ой-пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды», – деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Абыз ақсақалдар ауыл шаруашылығы мәселесі мен ағын су және туризм жайлы сөз қозғады. Егістікте пайдаланыланатын ағын су бағасы еліміз бойынша ең төменгі мөлшерде. Отырыста осыған дейін жеке қолда болған бұл саланың бүгінде мемлекет меншігіне өтіп, заңдастырылғаны жайлы айтылды. Нәтижесінде су арналары механикалық тазалаудан өткізілуде. Туризмді дамыту да — басты назарда. Ардагерлер ауданда «саумалмен емдеу» секілді сауықтыру орындарын ашуды қолға алуды ұсынды. Жиынды қорытындылаған аймақ басшысы ортаға салынған ұсыныстардың ескерусіз қалмайтынын ескертті.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістан облысында 270 мыңнан астам адамға тұмау мен ЖРВИ-ге қарсы екпе салынды

Түркістан облысында 2024 жылы тұмау мен ЖРВИ-ға қарсы 271 348 дана «Гриппол+» екпесін тұрғындарға егу жұмыстары жүргізілді. Жалпы өңір тұрғындарының ...

«Мархабат» журналы мен «Markhabat.kz» ақпараттық порталы оқырманға жол тартты

Шымкент қаласындағы Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында танымал жазушы Мархабат Байғұттың туғанына 80 жыл толу құрметіне «Мархабат» журналы мен «Markhabat.kz» ақпараттық ...