© Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкентте «Ұлт үні» керуені шарасының іріктеу кезеңі өтті

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы аясында саз колледжінде түрлі этнос өкілдері арасында «Ұлт үні» керуені шарасының іріктеу кезеңі өтті.

«Ұлт үні» керуенінің мақсаты – татулықты нығайту арқылы Әл-Фараби, Абай Құнанбайұлы, Шәмші Қалдаяқов сынды қазақтың танымал тұлғаларының шығармаларын насихаттау, қазақ халқының өнерін танытуда этнос жастарына қолдау көрсету болып табылады.

Жоба 2 кезеңнен тұрды: түрлі этнос өкілдері арасынан байқауға қатысушы үміткерлерді іріктеу және этностар тығыз шоғырланған тұрғын алаптар мен шағын аудандарда концерттік бағдарламамен шығу кезеңдері.

Байқаудың алғашқы кезеңіне іріктеу қаладағы 4 ауданда өтті. Жалпы, 82 үміткер қатысып, арнайы жасақталған комиссия 20 нөмірді таңдап алды. Қазылар алқасы өнерпаздардың өнерін тамашалады.

Керуен-байқаудың үздік қатысушылары Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында арнайы марапатталатын болады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті

Қасиетті Отанға, туған жерге, өскен елге деген құрмет пен сүйіспеншілік оның рәміздеріне деген құрметтен басталады. Отанның өзі нақ осы Тудан, ...

Түркістанда халықаралық «Voice of Turan — 2024» қазақ әндері фестивалінің жеребесі тасталды

Бүгін халықаралық «Voice of Turan-2024» қазақ әндері фестивалінің жеребе тастау рәсімі өтті. Этноауыл кешеніндегі киіз үйде қазақ салт-дәстүр көріністері көрсетіліп, ...