Кітапханашы — мәртебелі мамандық — Xnews — ақпарат агенттігі

Кітапханашы — мәртебелі мамандық

Кітапхана – мәртебесі биік киелі шаңырақ. Ал кітап оқитын ұлттың руханияты да, мәдениеті мен әдебиеті де берік болары сөзсіз,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Сондықтан да адамзатты игілікке бастайтын, ақыл-ойдың тамыршысы кітапқа деген қоғамның құрметі де әрқашан биік. Өйткені, кітапхана оқырман үшін үлкен өмір мен тәрбие мектебі. Сыры мол сырға толы сансыз жауабы табылмаған сұрақтың шешуін тапқан қайталанбас білім ошағы.

Осы арада рухани ордаға баланған кітапханалардың шырақшысына айналған кітапханашылардың да рөлі басым. Кітапханшылар — бай тарихи, мәдени және ғылыми мұраны сақтау мен насихаттауда аса маңызды қызмет ететін, қажетті маман.

Бүгінде цифрлық технологиялардың дамуы кітапханалардың жұмыс істеу тетіктерін өзгерткенімен, олардың ағарту және ақпараттық орталықтар ретіндегі мақсат-міндеті өзгеріссіз қалды. Қызметкерлер өздерінің кәсібилігі мен өз кәсіптеріне берілгендігінің арқасында кітапханаға келуші оқырмандардың бойында тану мен зерттеуге деген құлшыныс сезімін оятатын ахуал қалыптастырып келеді.

Кітапханашы бүгінде тек қана оқырманға кітап беріп қана қоймай, көптеген маңызды жұмыстарды атқарады. Бүгінгі заманға сай күнделікті ақпарат ағынын оқырманға жетелеуші, сонымен қатар кітапхананың бай қорын сақтаушы, насихаттаушы. Сол себепті де қасиетті кітаптарымызды, олардың ішіндегі алтынға да айырбастауға келмейтін қазыналарымызды көздерінің қарашынғындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген кітапханашылардың еңбегі орасан зор. Олардың болашақ саналы ұрпақты тәрбиелеу жолында сіңірген еңбегі ұшаң теңіз. Сонымен бірге, эстетикалық талғамы бай, ойы зерек, қиялы жүйрік, өзінің кәсіби шеберлігін шыңдаған, оқырмандарға білім мен қажетті ақпараттың тиімдісін демдеп беріп отырған, ой-өрісі кең, жан-жақты, білімді, парасатты кітапханашылардың қазақ қоғамында орны тым бөлек.

Бүгін- кітапханашылар күні. Осы орайда барлық кітапханашыларға кәсіби шеберлік пен парасаттылық, еңбектеріне шығармашылық табыс тілейміз!

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...