©: ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі

Түркістан облысында суррогат алкоголь өнімін жасаған цех анықталды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары барысында Сарыағаш қаласының тұрғындарының көрінеу жалған есепке алу-бақылау маркаларын пайдалана отырып, алкоголь өнімдерін дайындайтын астыртын цехтың қызметін ұйымдастырғаны анықталды, деп хабарлайды Xnews.

Тінту барысында көлемі 0,5 л. «Пшеничная» маркалы жалған алкоголь өнімінің 284 бөтелкесі және 600-ге жуық жалған есепке алу-бақылау маркалары анықталып, тәркіленді.

Сарыағаш аудандық сотының үкімімен Түркістан облысының екі тұрғыны ҚР ҚК-нің 233-бабының 2-бөлігімен (көрiнеу жалған акциздiк маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын өткiзу мақсатында жасау немесе иемдену, сол сияқты пайдалану немесе өткізу) қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оларға екі жүз сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалған.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістанға «Жібек жолы» халықаралық пойыз бағытымен 300 турист келді

Наурыз мейрамына «Жібек жолы» халықаралық пойыз бағытымен Түркістанға 300-ден аса турист келді. Саяхатшылар Түркістан қаласының көрікті орындарын аралап, Наурыз мейрамын ...

«Наурызнама»: Түркістанда мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтіп жатыр

«Наурызнама» онкүндігі бойынша 20 наурыз «Ұлттық спорт күні» болып белгіленген. Бүгін, мерекеге орай алғаш рет Түркістан облысының мемлекеттік қызметшілері арасында ...