Шымкентте коронавирустан сауығып шыққан науқастардың саны 150-ге жетті

Шымкентте бүгін коронавирус инфекциясынан 150-ші науқас емделіп шықты. Дертінен сауыққан азаматша 2007 жылғы қала тұрғыны. Ол екі аптадан аса дәрігерлердің бақылауында болып, бүгін ауруханадан үйіне шығарылды.

Соңғы екі тәуліктің ішінде Шымкентте коронавирус инфекциясына шалдыққан 20 науқас емделіп шықты. Қауіпті індетті жеңіп шыққандардың арасында 90 жастағы әжей бар.

Айта кетейік, бүгінге дейін қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирус инфекциясына шалдыққан 150 науқас дертінен айығып шықты.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістан өңірі мақта-тоқыма кластерінің жаңа дәуірін қалыптастыруда

Түркістан облысында 2025–2026 жылдары толық циклді мақта-тоқыма кластері құрылады. Қазақстанда теңдесі жоқ инвестициялық жоба аясында 4 мақта өңдеу зауыты мен ...

Түркістан облысы: Ұлттық жоба аясында коммуналдық секторларды жаңғырту жұмыстары жүреді

Түркістан облысында «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі» Ұлттық жобасы аясында 2025-2029 жылдар аралығында жалпы сомасы 163 млрд 850 млн ...