Дүниежүзінде коронавирустан қайтыс болғандар саны 200 мыңнан асты

Дүниежүзінде коронавирустан қайтыс болғандар саны 200 мыңнан асты. Бұл туралы 25 сәуірде америкалық Джонс Хопкинс университеті мәлімдеді, — деп хабарлайды Xnews «Tengrinews.kz» сілтеме жасап.

Университет мәліметтері бойынша, COVID-19 індетінен әлемде 202 092 адам қайтыс болған. 810 мың адам вирустан құлан таза айықса, дүниежүзінде коронавирус жұқтырғандар саны 2 881 546-ға жеткен.

Коронавирус ең көп тараған он ел:

АҚШ — 926 442 адам вирус жұқтырған, 52 мың адам қайтыс болған,

Испания — 223 759 адам вирус жұқтырған, 22 902 қайтыс болған,

Италия — 195 351 адам вирус жұқтырған, 26 384 қайтыс болған,

Франция — 159 952 адам вирус жұқтырған, 22 614 қайтыс болған,

Германия — 155 782 адам вирус жұқтырған, 5 843 қайтыс болған,

Ұлыбритания — 149 559 адам вирус жұқтырған, 20 319 қайтыс болған,

Түркия — 107 773 адам вирус жұқтырған, 2 706 қайтыс болған,

Иран — 89 328 адам вирус жұқтырған, 5650 қайтыс болған,

Қытай — 83 901 адам вирус жұқтырған, 4 642 қайтыс болған,

Ресей — 74 588 адам вирус жұқтырған, 681 қайтыс болған.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*