Diamond Princess

Жапонияда карантинде тұрған кемеде Қырғызстан азаматы коронавирус жұқтырды

Жапонияда Diamond Princess круиздік кемесінде коронавирус жұқтырғандардың арасында Қырғыз Республикасының азаматы да бар болып шықты, деп хабарлайды Xnews Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Әзірге, дәрігерлер кеме бортында COVID-19 коронавирусын жұқтырудың 67 жаңа жағдайын анықтады.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, кемеде індет жұқтырғандар қатарына тағы мына елдің азаматтары келіп қосылды: Австралия (5), Канада (3), Қытай (3), Германия (2), Гонконг (1), Қырғыз Республикасы (1), Үндістан (2), Жапония (27), Филиппины (17), Тайвань (1), АҚШ (5).

Біз Жапония Денсаулық сақтау министрлігінің азаматтарға медициналық көмек көрсетуге арналған хаттамаларға қатысты нұсқауларын орындап жатырмыз, — деді Princess Cruises круиздік кемесінің өкілдігі World of Cruising.

Кеме 5 ақпаннан бастап Йокогама портында екі апта бойы карантинде болды. Соңғы мәліметтер бойынша, COVID-2019 індетін жұқтырған жолаушылардың жалпы саны 450 адамнан асты. Бортта барлығы 3 400 адам бар.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Не вижу никаких осложняющих моментов в развитии наших отношений — Путин о взаимодействии с Казахстаном

Президент России Владимир Путин также подчеркнул, что между Россией и Казахстаном сохраняются особые союзнические отношения, передает корреспондент агентства Kazinform. — ...

Олжас Бектенов Qingdao Wanlin Food басшысы Ли Яньтаомен АӨК өнімдерін терең өңдейтін зауыт құрылысын талқылады

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов қытайлық Qingdao Wanlin Food Co., Ltd. компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ли Яньтаомен кездесу өткізді. Онда ...