Бағдат Мәнізоров өз еркімен арыз жазып қызметінен кетті (видео)

Алматы облысы әкімінің басы біраз дауға қалған орынбасары Бағдат Мәнізоров өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды Xnews.

Мәнізоров арызды отбасылық жағдайларына байланысты өз еркімен жазғанын жеткізді.

Айта кетейік, өткен жылдың қыркүйек айында Бағдат Мәнізоров ірі көлемдегі алаяқтық жасады деп айыпталып қамауға алынғаны жөнінде ақпарат тараған еді. Кейін Бас прокуратура шенеунікке қатысты істе «қылмыстық құрам жоқ» деп, оны ақтап шықты. Осыдан кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдері қылмыстық іс қозғау туралы бірнеше рет өтініш түсірсе де, прокурорлар бәрін кері қайтарған болатын.

© 31 arna

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*