Қазақстандықтардың Өзбекстанға баруы үшін паспорт қажет болмауы мүмкін — Xnews — ақпарат агенттігі

Қазақстандықтардың Өзбекстанға баруы үшін паспорт қажет болмауы мүмкін

Қазір екі ел азаматтарының шекарадан жеке куәлікпен өтуіне рұқсат беру мәселесін талқылап жатыр.

Алдағы уақытта қазақстандықтар паспортсыз, яғни жеке куәлікпен-ақ (ID карта) Өзбекстанға баруына рұқсат берілуі мүмкін. Бұл туралы Өзбекстан президентінің сыртқы саясат жөніндегі арнайы өкілі Абдулазиз Комиловтың «Жаңа Өзбекстан» газетіндегі мақаласында жазды, деп хабарлады UzA агенттігі. 

Абдулазиз Комилов Астана қаласында өткен Орталық Азия елдері басшыларының алтыншы Консультативтік кездесуі аймақтағы барлық елдердің кейінгі алты жылдағы кезекті төрағалығының нәтижесін символды қорытындысы болғанын айтып, бұл формат мемлекетаралық ынтымақтастықтың жаңа кезеңін бастап бергенін мәлімдеген.

Сонымен қатар ол Өзбекстан мен Қазақстан шекараны заңды түрде ресімдеуді толық аяқтағанын, Түркіменстан, Тәжікстан және Қырғызстанмен мемлекеттік шекара делимитацияланғаны, қазіргі кезде елдер арасындағы өткізу бекеттері өз жұмысын қалпына келтіріп, азаматтардың қозғалысы айтарлықтай жеңілдегенін жеткізген. 

«Бүгінде Өзбекстан мен Орталық Азия елдері арасындағы шекараны достық пен тату көршілік көпірі деп атауға болады. 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Өзбекстан-Қырғызстан шекарасынан өтуде азаматтар ID картаны пайдалануда. Дәл осындай жоба Қазақстанмен де талқылануда», – деп жазады Абдулазиз Комилов өз мақаласында.

Дереккөз: informburo.kz

x

Check Also

Түркі дүниесінің екі маржаны: Түркістан мен Манас бауырлас қалалар атанды

Тарихы тамырлас, тағдыры сабақтас қос шаһардың ынтымақтастығы жаңа кезеңге қадам басты Тарихы терең, тағдыры ортақ, рухани құндылықтары үндес түркі халықтарының ...

Казахстанская AgriTech-компания выводит спутниковую технологию мониторинга животных на международные рынки

ТОО «iGps Tech» разработала спутниковую систему мониторинга сельскохозяйственных животных, которая работает даже в районах без покрытия сотовой связи. Отечественная технология ...