© Yonhap News

Оңтүстік Кореяда бала қағып кеткен қазақстандыққа қатысты үкім шықты

Кореяда сот 7 жасар баланы көлікпен қағып кеткен қазақстандық азаматқа үкім шығарды, — деп хабарлайды Pyx.kz тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Сот оны екі жарым жылға бас бостандығынан айырды. Баланың ата-анасы сотталушыға кешірім жасаған жоқ. Олардың айтуынша, ем-домға 60 миллионнан астам вон жұмсаған, бұл шамамен 50 мың доллар. Сондай-ақ баласына күтім жасау үшін әкесі мен анасы жұмысын тастауға мәжбүр болды.

Еске сала кетсек, жол апаты былтыр 16 қыркүйекте болған еді. Кореяда заңсыз жүрген және көлік жүргізу куәлігі болмаған отандасымыз апат орнынан қашып кетіп, келесі күні елден ұшып кеткен болатын. Жәбірленуші жансақтау бөліміне түскен болатын. Ол 18 түрлі жарақат алған еді. Күдікті Павлодардан табылған. Артынша қазақстандық өз еркімен Оңтүстік Кореяға барған.

Оның адвокаты Чой Хак Се шығарылған үкімді әделітсіз деп санайды. Айтуынша, бала жолды рұқсат етілмеген жерден өткені дәлелденді. Сондай-ақ сотталушы көлікті тоқтатып, балаға көмек көрсетіліп жатқанына көзі жеткеннен кейін ғана жүріп кеткен. 

Чой Хак Се, сотталушының адвокаты:

– Біз апелляция беріп, жәбірленуші жақпен келісуге ниеттіміз. Бәлкім баланың денсаулығы қалпына келсе, ата-анасы өз шешімін өзгертер. Қорғалушым жәбірленушінің емге жұмсаған шығынын өте алмайды, өйткені бұл өзгені айтпағанда, Корея азаматтары үшін де қомақты қаржы.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Г.Головкин World Boxing жаңа олимпиадалық комиссиясының төрағасы болып сайланды

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Халықаралық бокс федерациясы (World Boxing) жаңа Олимпиадалық комиссиясының төрағасы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. ...

Стратегическое решение по АЭС принято — Никол Пашинян

Премьер-министр Армении Никол Пашинян заявил, что стратегическое решение по АЭС принято — выбор пал на модульные станции. Страна-поставщик технологии пока ...