Түркістан облысынан жыл басынан бері 1200-ге жуық азамат солтүстікке қоныс аударған — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысынан жыл басынан бері 1200-ге жуық азамат солтүстікке қоныс аударған

Солтүстік Қазақстан облысына еліміздің еңбек күші артық өңірлерінен қоныс аударушыларды қабылдау бойынша іс-шаралар жүйелі іске асып келеді.

Мәселен биыл жыл басынан теріскей өңірге Түркістан облысынан 300-ге жуық отбасы, 1200-ге тарта азамат қоныс аударған. Бұл туралы брифингте Қандастар мен қоныс аударушыларға арналған ақпараттық-түсіндіру орталығының жетекшісі Әнуар Бердібекұлы мәлімдеді.

«2024 жылы қандастар мен қоныс аударушылардың отбасыларын орналастыру үшін тиісті инфрақұрылымы, бос жумыс орындары мен сатылымға түскен үйлері бар 191 елді мекеннің тізімі бекітілді. 2023 жылы 2 460 азамат солтүстік аймақтарға көшіп келген»-деді спикер.

Сондай-ақ брифинг барысында «TAUEKEL» ұйымының жетекшісі Бурахан Дақанов Теріскейге көшкісі келетін азаматтарға үкімет тарапынан қандай жеңілдіктер жасалатыны туралы айтты.

«Қоныс аударушылар үшін мемлекет отбасының әрбір мүшесіне 258 440 теңге мөлшерінде материалдык көмек көрсетеді. Сонымен қатар, тұрғын үйді жалдау мен коммуналдық қызмет шығындарын өтеуге жәрдем беріледі. Одан бөлек, техникалық және кәсіптік білім алу үшін оқытуға жолданады. Сондай-ақ, жаңа тұрғылықты жерінде кәсіпкерлікті дамытуға және жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетіледі. 2023 жылдан бастап көшіп келген азаматтарға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін тұрғын үй құнының 50 пайызын беру көзделген» деді ұйым жетекшісі.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...