Түркістан облысы

Түркістан облысында суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Түркістан облысында су нысандары мен шомылу орындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Осы ретте балалардың қауіпсіздігін сақтау бағытында құзырлы органдармен облыстың барлық аудан, қалаларында ата-аналармен жергілікті жерлерде кездесулер ұйымдастырылып, барынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жыл басынан бері құзырлы органдармен кезекшіліктер бекітіліп, 4685 адамды тарта отырып, 2229 патрульдеу және рейд жұмыстары ұйымдастырылып, өзендер ...

Читать далее »

М.Таңғатаров: Тапсырмалар мерзімінде әрі сапалы орындалуы керек

Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен ауданның апталық мәжілісі болып өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, кеңесшілері, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мәжілістің күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Онда 2024 жылғы 6 айлық рейтингтің күтілімді орындалуы туралы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ильяс ...

Читать далее »

Сауран ауданында жаңбырлатып суару машиналары шығарылады

Сауран ауданына қарасты Шаға ауылдық округінде жаңбырлатып суару машиналары мен тракторлар шығарылуда,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгінгі таңда 80 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған «BNK GROUP LTD» ЖШС мекемесі жылына 950 дана жаңбырлатып суару технологиясымен жұмыс істейтін машиналарды өндіруге қауқарлы. Іргелі өндіріс орнына БАҚ өкілдері арнайы барып, жұмысымен танысты. Сонымен қатар, журналистер аталған ...

Читать далее »

Төлебиде денсаулық нысандары салынып, мектептер жаңаруда

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Төлеби ауданына арнайы іссапармен барды. Аудандағы бірқатар әлеуметтік нысанды аралап, құрылыс барысын бақылады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Зертас ауылдық округі, Шомшақты елді мекенінде бой көтерген жаңа фельдшерлік-акушерлік пункті, Көксәйек бастауыш мектебінде жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысты. Биыл дәл осы елді мекенде тағы бір ФАП құрылысы басталды. ...

Читать далее »

Түркістан: Қарашық өзені маңында қыш күйдіретін құмбыз пештің орны анықталды

Түркістан маңындағы Қарашық өзенінде қазба және барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Маусым айының басынан басталған жүмысты Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Археология және антропология институтының бас ғылыми қызметкері т.ғ.д. профессор Мадияр Елеуов басқарған «Университет археологиялық экспедициясы» ұйымдастырған. Жұмыс тобы «Қарашық өңірінің ежелгі және орта ғасырлық қалалары» атты отандық гранттық қаржыландыруы бойынша жүзеге асырып отыр. ...

Читать далее »

Тарихи Сауран қалашығын туризм орталығына айналдыру жолдары қаралды

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды көне Сауран қалашығына барып, жай-күйімен танысты. Ғалымдар мен зерттеушілермен бірге Сауранның тарихи маңызын дәріптеу, туристік мүмкіндігін молайту, рухани және туризм орталығына айналдыру жолдарын саралап, ақылдасты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. – Дәл Түркістанның іргесінде аса құнды тарихи қаламыз тұр. Сауранды туристік бағытқа енгізіп, тұрақты түрде насихаттау керек. Салынып жатқан ...

Читать далее »

Саурандағы қыш күйдіретін көне пештер мен «Cырдария-Tүркістан» табиғи паркінің туристік мүмкіндігі артады

Түркістан маңындағы Қарашық өзенінде маусым айынан бері қазба және барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгін аталған тарихи орынға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы барып, тарихшылармен, туризм өкілдерімен пікір алмасты. Мақсат – аталған көне пешті қорғап, зерттеп, туристік және тарихи орынға айналдыру,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Археология және антропология ...

Читать далее »

Жастарға берілген жаңа мүмкіндік

Мемлекеттік қызмет дарынды жастар үшін әрдайым ашық. Бүгінде мемлекеттік аппарат жұмысына білімдіде білікті жас мамандарды тартуға бағытталған жаңа тәсілдер белсенді енгізілуде,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне сілтеме жасап. Осыған орай, мемлекет басшысының мемлекеттік қызметке кіруде артық кедергілерді жою және мемлекеттік қызметтен шығу тәртібін жеңілдету туралы тапсырмасы аясында, мемлекеттік қызметке іріктеудің уақытша тәртібін ...

Читать далее »

Шардара ауданының өнерпаздары Түркістанда

«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Шардара ауданының Түркістандағы мәдениет күндері өтуде,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шараның алғашқы күні Этноауыл аумағында «ШардараАрмспорт» клубының тарихы және «Шардара чемпиондары» ауданнан шыққан үздік спортшылардың жетістіктерінің, «Сыр шерткен Сырдың қойнауы» Шардара аудандық өлкетану мұражайының көшпелі көрмесі, қолөнер, қылқалам шеберлерінің, дәстүрлі тоқыма бұйымдар көрмесі жасақталды. Сондай ақ, жүннен ...

Читать далее »

«Pizza Pitch» IT Startup-тарды қорғау шарасы өтті

Түркістан облысының Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы мен Turkistan hub «PIZZA PITCH» шарасын өткізді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Онда Түркістан қаласындағы дамып келе жатқан IT startup-тарының жобалары таныстырылды. Іс-шараға 40-тан астам адам қатысып, 5 жоба қорғалды. – Бұл шара алдыңғы жылдары да өткен, биылдыққа 1-рет өтіп отыр. Алдағы уакыт қатысушылар санын ...

Читать далее »

Қоғамдық тұрақтылықты нығайту жолдары талқыланды

Түркістанда облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен облыстағы қоғамдық-саяси және этносаралық ахуал бойынша штаб отырысы өтті. Мәжіліске облыстық құқық қорғау органдары мен тиісті басқармалардың басшылары қатысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жиында облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Болат Жанәбіл қоғамдық-саяси ахуал және этносаралық мәселелердің алдын алу бойынша баяндама жасап, алдағы жоспарларды пысықтады. Одан ...

Читать далее »

Сауран ауданында облыстық жастар форумы өтті

Сауран аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен «Urker» жазғы демалыс аймағында жастарға арналған «Үміт, Сенім алға жетелейді!» атты облыстық жастар форумы өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Жиынға облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң басшының орынбасары Пердебек Сержанұлы, облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға жедел уәкілі Гүлзия Қарсыбай, облыстық полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының ...

Читать далее »

Отырар ауданының әкімі тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Түркістан облысының әкімі Д.Сатыбалдының өкімімен Түркістан облысы Отырар ауданының әкімі болып Жолдыбай Қайрат Жолдыбайұлы тағайындалды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жаңа әкімді ауданның активіне облыс әкімі Дархан Сатыбалды таныстырды. Аудандық мәслихат депутаттары аудан әкімі лауазымына ұсынылған Қайрат Жолдыбайұлының кандидатурасын қолдап дауыс берді. Мұнан соң облыс басшысы аудан активімен ...

Читать далее »

Сауранда 39 инвест жоба іске қосылып, 700-ге жуық тұрғын жұмыспен қамтылды

Сауран «аудан» статусына ие болғаннан бастап инвестициялық әлеуеті көтеріліп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашылды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жеке инвесторлардың аудан аумағында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қызғушылығы артқан. Өткен жылы ауданға 34,6 млрд. теңге инвестиция тартылған болса, биыл инвестиция көлемін 42 млрд. теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда. Бұл туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының аудан тұрғындарымен ...

Читать далее »

Облыс әкімі Сауран ауданының тұрғындарымен кездесті (видео)

ҚР Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын» іске асыру мақсатында облыс әкімі Дархан Сатыбалды аудан, қалаларда тұрақты түрде кездесу өткізіп келеді. Бүгін бұл үрдіс Сауран ауданында жалғасты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жұмыс сапарымен барған өңір басшысы тұрғындармен кездесіп, бұған дейінгі атқарылған жұмыстарды баяндады. Алдағы жоспарларды пысықтап, ауданның дамыту жұмыстарына тоқталды. – Халықпен ...

Читать далее »

«Нәтиже» жобасының таныстырылымы өтті

Түркістан қаласы әкімдігі “Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен “Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы” КММ “Қамқорлық” отбасын қолдау секторының қызмет алушыларына “Нәтиже” жобасының таныстырылымы өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жобаның мақсаты: Осал топтағы әйелдерді нарықта сұранысқа ие мамандықтарға үйрету. Жоба негізгі 3 бөлімнен тұрады: алғашқы бөлімде әйелдер смм, таргет, маркетинг және ...

Читать далее »

Түркістан облысында «Отбасын қолдау секторлары» 10-ға жетті

Түркістан облысында отбасын қолдауға, нығайтуға және қорғауға бағытталған «Отбасын қолдау секторлары» қызметі іске қосылған. Секторлар облыстың 10 аудан, қаласында ашылды. Бұл саладағы мәселелер облыс әкімі Дархан Сатыбалдының бақылауына алынған,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына сілтеме жасап. Аталған орталықтар Отырар, Жетісай, Сайрам, Сарыағаш, Сауран, Қазығұрт, Шардара, Келес аудандары мен Түркістан, Арыс қалаларында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар ...

Читать далее »

Абдурахманов: 40 университеттің ішінен таңдау жасау қиындық тудырған жоқ

Түркістандық түлек Ислам Абдурахмановқа әлемдегі алпауыт 6 мемлекетте орналасқан 40-тан астам жоғары оқу орнынан шақырту келді. Яғни, жас түлек БАӘ, АҚШ, Англия, Польша, Малайзия, Швейцария елдеріндегі әлемге танымал жоғары оқу орындарының грантын жеңіп алды. KAZINFORM тілшісі Исламмен сұхбаттасып, алдағы жоспарларын біліп қайтты. — Ислам, сені биылғы жетістігіңмен шын жүректен құттықтаймыз! Жалпы қай елде оқуды жоспарлап отырсың ? — Рахмет! Қазір ...

Читать далее »

Сауранда жиһаз цехы ашылды (видео)

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сауран ауданындағы бірнеше нысанды аралап, кәсіпкерлермен кездесті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сауран ауданында жиһаз өндірісі жақсы дамып келеді. Өңір басшысы ауданға қарасты Оранғай ауылдық округінде «RICH HOME FURNITURE» жиһаз цехының жұмысымен танысты. Жаңа өндірістік цех заманауи технологиялармен жабдықталған, жылына 500-ден астам үй жиһаздарын шығаруға қауқарлы. Экспорттың негізгі көлемі ...

Читать далее »

Сауранда 5000 орындық мал бордақылау орны іске қосылды (видео)

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сауран ауданына жұмыс сапары барысында ауыл шаруашылы кооперативінде болып, шаруалармен кездесті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оранғай ауылдық округіндегі «Әл-Береке» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі 5000 басқа арналған мал бордақылау алаңы іске қосылды. Мұнда жылына 4000 тонна ет дайындауды жоспарлап отыр. Жалпы, мал бордақылау алаңы 2,5 гектарды құрайды. Мұнда ауылдық ...

Читать далее »