«Ақылды қалалар» эталондық стандартына сәйкес Шымкент қаласында «Ақылды күнбағыс» ақпараттық-танымдық жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды Xnews ақпарат агенттігі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталған жүйе саябақтар мен қоғамдық орындарда тұрғындардың телефондарын қуаттап, жалпыға қолжетімді Wi-Fi пайдалануына мүмкіндік береді. Құрылғы күн көзінен қуат алатын панельдер мен аккумуляторлар арқылы жұмыс істейді. «Ақылды күнбағыс» кешені Шымкентте 20 жерге орнатылды: Тәуелсіздік саябағы – ...
Читать далее »Түркістан облысы
Шымкентте қала күніне орай тұрғын үй кезегінде тұрған 90 азамат баспаналы болды
Бүгін Шымкент қаласының 90 тұрғынына жаңа пәтердің кілті табысталды. Пәтерге қол жеткізгендердің қатарында ҰОС ардагері Халил Ергешов та бар. Қала әкімі Мұрат Әйтенов қуаныш иелерін карантин режиміне байланысты онлайн құттықтады. «Ұлы Отан соғысында бейбіт заман үшін барын берген Сіздей батырдың бүгін қоныс тойын тойлайтынына қуаныштымын. Өзіңізді шын жүректен құттықтаймын! Өкінішке орай, әлемді жайлаған аты жаман індет басылмай тұр. Сол себепті, ...
Читать далее »Мұрат Әйтенов шымкенттіктерді қала күнімен құттықтады!
Осыдан тура екі жыл бұрын 19 маусым күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентке республикалық қала мәртебесін беру туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Сонан бері осы айтулы дата Шымшаһардың қала күні болып бекітілді. Бүгін сол айтулы мерекеге орай Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шымкенттіктерді мерейлі мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Xnews ақпарат агенттігі. «Құрметті шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді Қала күні мерекесімен ...
Читать далее »Шымкентте карантин режимі 6 шілдеге дейін ұзартылды
Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінде Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садырдың қатысуымен коронавирус пандемиясына жол бермеу мақсатында шектеу шаралары жөнінде брифинг өтті. Баспасөз мәжілісінде Ербол Әбілхайырұлы коронавирус инфекциясы өршіп тұрғанын алға тартып, осыған орай карантин мерзімі ұзаратынын және кейбір шектеу шаралары енгізілетінін жеткізді. «Қаламызда шектеу шарасы 22 маусымға дейін еді. Енді бұл 6 шілдеге дейін созылып отыр. Одан бөлек, кейбір ...
Читать далее »Шымкентте екі қызды зорламақ болғандар ұсталды
Екі жайт та бір күні, әртүрлі жерлерде және әртүрлі уақытта жасалды. Белгісіз адам жасөспірім қыздарды зорламақ болды Шымкентте екі кәмелетке толмаған қызға қатысты сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Xnews ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 11 маусымда полицияға белгісіз адам жасөспірім қыздарды зорламақ болғаны туралы ақпарат түскен. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлігімен “Жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық ...
Читать далее »Шымкентте жеке инвесторлар есебінен 126 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде
Биыл қалада жалпы алаңы 1 млн шаршы метрден асатын көпқабатты 248 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның ішінде ауданы 594 мың шаршы метрді құрайтын 126 тұрғын үй жеке инвесторлардың қаржысына салынуда. Инвестиция көлемі 150 млрд теңгені құрайды. Жеке инвесторлардың қатарында құрылыс саласының үздіктері болып саналатын «BI Group», «Highvill Kazakhstan» ЖШС, «Отау-Строй» ЖШС, «FEB Group» ЖШС, «Оңтүстік Құрылыс Сервис» ЖШС, «South ...
Читать далее »Шымкентте модульді жұқпалы аурулар орталығының құрылысы аяқталды
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, коронавирустық инфекцияны төмендету бойынша шараларды күшейту үшін Шымкентте модульді жұқпалы аурулар госпиталінің құрылысы аяқталды, деп хабарлайды Xnews. Жаңа орталықтың ашылуына еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов арнайы келді. Бір қабатты ғимарат 200 төсек-орынға арналған, модульді үлгі бойынша салынды. Госпиталь қаладағы «Ақжайық» шағынауданында бой көтерді. Орталық қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының филиалы болып табылады. Мұнда коронавирустық инфекцияға күдікті ...
Читать далее »Шымкент әкімі: шалғайдың шешілмеген мәселесі – басты назарда
Шалғайдағы шағын аудандардың инфрақұрылымын басты назарға қойған Мұрат Әйтенов инженерлік инфрақұрылым мәселелері бойынша мәжіліс өткізді. Шымкент қаласы бойынша 53 шағын аудан шалғайда орналасқан. Бүгінде бұл аймақтарда инфрақұрылым тарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Мәселен, Тұран, Батыс, Ынтымақ-2, Жаңатұрлан, Асар-2 шағын аудандарын сапалы ауызсумен қамту бойынша бюджеттен 5 миллиардқа жуық қаржы бөлініп, тиісті шаралар атқарылуда. Жыл соңына дейін Игілік, Қызылжар, Тәуелсіздікке — ...
Читать далее »Шымкент әкімдігінде шағын аудандарды сапалы интернетпен қамту мәселесі қаралды
Еліміздің үшінші мегаполисін сапалы интернетпен қамту жайы күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі. Бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында әкім әр он күн сайын осы салаға жауапты мамандардың басын қосып, интернет сапасын жақсарту шаралары қалай жүргізіліп жатқанын пысықтауда, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі. Қашықтан оқу барысында ата-аналардан интернет сапасының нашарлығы туралы көптеген шағымдар келіп түскенін айтқан Мұрат Дүйсенбекұлы төтенше жағдай ...
Читать далее »Шымкентте жалған ақпараттың кесірінен балықтың саудасы тоқтап қалған
Шымкентте жалған ақпараттың кесірінен балықтың саудасы тоқтап қалды. 50-ге тарта сауда нысанының сатушылары базынасын айтып, биліктен көмек сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Балық бизнесімен айналысатын кәсіпкерлердің айтуынша, бұған әлеуметтік желіде «Сырдарияның балығы уланған, екі жылға дейін жеуге болмайды» деген жазбаның таралуы себеп болған. Осыдан кейін жұрт балық алуды тоқтатып, базарлар мен сауда нысандарында өнім өтпей қалған. Көп жылдан бері балық ...
Читать далее »Елтай тұрғын алабында су тасқынынан қатты зақымданған үйлер жоқ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен табиғи апаттың салдарын жою және алдын-алу жұмыстары бойынша жиын болып өтті. Отырыста қалалық Төтенше жағдай департаментінің бастығы Нұрболат Дербісов жауын-шашын салдарынан таудан келген судан Елтай тұрғын алабында жарамсыз хәлге түскен үйлер жоқ екенін мәлім етті. Оның айтуынша, тасқын су 38 үйді зақымдаған. Алайда, ол баспаналар тек ағымдағы жөндеу жұмыстарын талап етеді. Мұнан бөлек 12 ...
Читать далее »Шымкентте «Жол картасымен» жол құрылысына 3 198 адам тартылады
Шымкент қаласында жол құрылысына Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 3 198 адам жұмылдырылмақ. Бұл туралы Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлады. Жол саласындағы жұмыстар негізінен қайта құрылымдау мен жөндеу болып бөлінеді. Биыл Шымкент қаласында 10 нысан – 13 шақырым жол, 3 көпір, 1 оң жақ өткел қайта құрылымдаудан өтеді деп жоспарланған. Бұлардың қатарында А-2 автожолы мен Темірлан ...
Читать далее »Мұрат Әйтенов опера және балет театрының жұмысымен танысты
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов опера және балет театрының жұмысымен танысып, театр ұжымының қызметкерлерімен кездесті. Онда опера мен балет өнеріне халықты көптеп тартудың жолдары қарастырылып, саланы дамытудағы ойларымен бөлісті. Бұдан бөлек, әкім Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан білікті балет маманын тарту мәселесін де көтерді. Қазақ театр өнерінің дамуына үлес қосу мақсатында аталған мәдениет ошағы 2007 жылы құрылған болатын. Салтанатты ашылу ...
Читать далее »Шымкентте су тасқыны қаупі толық бақылауда
Кеше қатты жауған жауынның салдарынан Бадам мен Сайрам су өзендері арнасынан асып, Шымкенттің бірқатар аумағын су басқан болатын. Қазіргі таңда нөсер жауынға тап болған Елтай және Қарабастау елдімекендерінде дер кезінде тиісті көмек көрсетіліп, қауіптің алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Н.Дербісов мәлімдеді. 13 мамырда сағат 19:14 ...
Читать далее »Халық үніне құлақ асатын мемлекет
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде қала әкімі Мұрат Әйтенов көп уақытын тұрғындармен кездесіп, елді мекендердің жағдайымен жақыннан танысуға арнап жүр. Халықпен кездесу барысында көтерілген түйткілді проблемаларды тыңдап, олардың шешу жолдарын қарастыруда. Мәселен, осыдан біраз уақыт бұрын қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Нұрсәт шағынауданындағы №18, 19 көпқабатты үйлердің тұрғындарымен кездескен болатын. Онда тұрғындар 2016 жылы салынған ...
Читать далее »Шымкент: «2-10-20» тұрғын үй бағдарламасына қатысушылар санатына өзгеріс енгізілді
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» Шымкент қалалық филиалы “2-10-20” бағдарламасы бойынша өтінімдер 18 мамыр мен 30 мамыр аралығында қабылданады. Қазір бағдарламаға қатысушылар санатына өзгерістер енгізілді. Бұл жөнінде Шымкент қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Ғ. Төлепов ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді. Биыл “Бақытты отбасы” тұрғын үй бағдарламасы бойынша баспаналы болатындар саны артатыны белгілі. Себебі, бағдарламаға қатыса ...
Читать далее »Шымкентте жұмысын қайта бастаған нысандардың тізімі
Шымкент қаласында 11 мамырдан бастап санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, бірнеше шағын және орта бизнес нысандары мен қызмет көрсету орталықтары, қоғамдық көліктер мен сауда базарлары жұмысын қайта бастады. Олар: Шымкент қаласының аумағындағы барлық топтық объектілер: сауда, қызмет көрсету, қаржы және т.б.Өнеркәсіптік аумақтар, әуежай, аулалық балалар алаңдары және басқа да объектілер санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізе отырып;Медициналық орталықтар қызметі, жазылу бойынша;Сауда-ойын ...
Читать далее »Шымкентте коронавирустан сауығып шыққан науқастардың саны 150-ге жетті
Шымкентте бүгін коронавирус инфекциясынан 150-ші науқас емделіп шықты. Дертінен сауыққан азаматша 2007 жылғы қала тұрғыны. Ол екі аптадан аса дәрігерлердің бақылауында болып, бүгін ауруханадан үйіне шығарылды. Соңғы екі тәуліктің ішінде Шымкентте коронавирус инфекциясына шалдыққан 20 науқас емделіп шықты. Қауіпті індетті жеңіп шыққандардың арасында 90 жастағы әжей бар. Айта кетейік, бүгінге дейін қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирус инфекциясына шалдыққан 150 науқас ...
Читать далее »Шымкентте спорт мектептері жұмысын бастайды
Шымкентте спорт мектептері мен спорт секциялары жұмысын қайта бастайды. Спорт объектілері қызмет көрсетуге кіріспес бұрын мына талаптарды қатаң ескеруі керек: кіретін жерде жұмыскерлердің дене температурасын бақылау;температурасы жоғары және инфекциялық ауру белгілері бар адамдардың жұмыс орнында болуына жол бермеу;кіреберісте, холлда, дәліздерде әрбір 50-100 м сайын, лифттерге кіреберісте, санитариялық тораптарда тері антисептигі бар санитайзерлер орнату;адамдар жиналуы мүмкін «күту аймағын» болдырмау, олардың арасында ...
Читать далее »Шымкентте қала әкімі карантин кезінде қоғамдық жұмысқа тартылған 100 сарбазға алғыс хат табыстады
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов төтенше жағдай кезінде қаланы залалсыздандыру жұмыстары мен блок бекеттерде еңбек еткен 100 сарбазды марапаттап, алғыс хатын табыстады. Естеріңізде болса, төтенше жағдайға байланысты әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру жөніндегі Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Шымкент қаласында 100 сарбаз әскер қатарына шақырылып, қаланың қауіпсіздігі мен дезинфекция жұмыстарына жұмылдырылған болатын. Қауіпті дертпен күресте белсенділік танытқан сарбаздарды марапаттау барысында ...
Читать далее »
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары
