Шымкентте модульді жұқпалы аурулар орталығының құрылысы аяқталды — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте модульді жұқпалы аурулар орталығының құрылысы аяқталды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, коронавирустық инфекцияны төмендету бойынша шараларды күшейту үшін Шымкентте модульді жұқпалы аурулар госпиталінің құрылысы аяқталды, деп хабарлайды Xnews.

Жаңа орталықтың ашылуына еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов арнайы келді.

Бір қабатты ғимарат 200 төсек-орынға арналған, модульді үлгі бойынша салынды. Госпиталь қаладағы «Ақжайық» шағынауданында бой көтерді. Орталық қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының филиалы болып табылады. Мұнда коронавирустық инфекцияға күдікті деген барлық пациенттерді қабылдайтын болады. Ғимараттың жалпы ауданы 6 мың шаршы метрден аса.

«Біздің жұқпалы аурулар ауруханасында компьютерлік томография еш уақытта болмаған. Ал бұл жерде цифрлық рентген аппараты бар. Сосын 20 дана өкпені жасанды жолмен желдету аппараты әкелінді», — дейді қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Амангелді Нұрлыбаев.

Стационарда барлығы 300-ден астам білікті медицина мамандары қызмет көрсетеді. Госпитальдың бір ерекшелігі — мұнда операциялық блок пен перзентхана бөлмесі бар. Сонымен қатар, реанимациялық залдар open space қағидаты бойынша ашылған. Бұл медициналық персоналға пациенттердің жағдайын бақылауды жеңілдетеді.

«Реанимация бөлімшесі 20 төсек-орынға арналған. Оның екеуі — изолятор. Біздің бөлімше 2 залға бөлінген. 9 төсек орыннан оның барлығы қолдануға дайын», — дейді реанимация бөлімінің меңгерушісі Бекқазы Есімов.

Стационарды жобалау кезінде ғимараттың ішіндегі эпидемиологиялық режимді сақтауға көп көңіл бөлінді дейді мамандар. Ал госпитальде барлығы 200 төсек бар, олардың 20-сы боксталған палаталарда, ал 20-сы реанимациялық бөлімде орналастырылған.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...