Түркістан облысы

МАҚТА САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ ПРОБЛЕМАЛАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҮКІМЕТКЕ ҰСЫНЫСТАР ЖОЛДАНДЫ

Түркістан облысында туындаған мақта мәселесін шешу мақсатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен алқалы жиын өтті. Оған Сыртқы істер министрлігі, Инвестиция комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев, Сауда және интеграция министрінің орынбасары Қайрат Төребаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Бағлан Бекбауов, ҚР Парламент мәжілісінің депутаттары Қайнар Абасов пен Сырым Ертаев арнайы қатысты. Сондай-ақ мақта зауыттарының басшылары мен диқандар да болды. Басқосуда жыл ...

Читать далее »

ШАРДАРАДА «ЖАСТАР» АЛЛЕЯСЫ АШЫЛДЫ

ШАРДАРАДА «ЖАСТАР» АЛЛЕЯСЫ АШЫЛДЫ Қазақстанның Экологиялық қорының бастамасымен Түркістан облысы, Шардара қаласындағы Майлықожа көшесінің бойынан «Жастар» аллеясының ашылу салтанаты өтті. Республика күніне орай 100-ден астам ағаш отырғызылып, ескерткіш орнатылды. Аталған шара «Жастар арасында экологиялық мәдениетті нығайту жөнiндегi шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру» гранттық жобасы аясында ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлiгi мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ықпалымен ұйымдастырылып отыр. ...

Читать далее »

ПАРТИЯЛЫҚ ЕМЕС БАЙҚАУ ОРТАЛЫҒЫ ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНЫҢ БАРЛЫҚ КЕЗЕҢІН БАҚЫЛАЙДЫ

Партиялық емес байқау орталығы 20 қарашада өтен президент сайлауында барлық сайлау учаскесіне байқаушыларын жібермек. Бұл туралы аталған орталықтың төрағасы Төлеген Күнәділов айтты. – Өңірлерде республикалық деңгейде ахуал штабтарын құрдық. Ол жерде барлық байқаушылар пулын оқыту іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда 80-нен астам онлайн және офлайн форматта оқыту жүргізілді. Сайлау науқанының күрделі екенін жақсы білеміз. Сондықтан осы науқанда тәжірибелі, байқаушы ретіндегі ...

Читать далее »

ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ БАЛУАНДАРЫ «ТҰРАН БАРЫСЫ» КУБОГЫ ҮШІН ЖАРЫСАДЫ

29 қазанда Түркістан қаласында «Olympic center» спорт сарайында алғаш рет қазақ күресінен «Turan Barysy» Азия Кубогы өтеді. Дүбірлі дода ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен «Qazaqstan Barysy» қазақ күресін қолдау және дамыту қоры, «Qazaq kuresi» қауымдастығы, «Туризм мен спортты қолдау және дамыту қоры» КҚ ұйымдастырылып жатыр. Жарыстың жалпы жүлде қоры — 20 млн теңге. Азия Кубогына ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ЖЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан қаласында бүгін сағат 06:00-ден бастап қала аумағындағы барлық жылу қазандықтары іске қосылды. Қазіргі таңда облыс орталығында жалпы 40 579 абонент бар. «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны тарапынан қаладағы І мөлтекауданда көпқабатты — 58 үй, ІІ мөлтекауданда — 15 үй, ТГЖД аумағында — 2 үй орталық жылу энергиясымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, Отырар мөлтекауданында — 38, әкімшілік іскер орталығында — 14, ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА «ЖАСЫЛ ЧЕЛЛЕНДЖ» ШАРАСЫ ЖАЛҒАСУДА

Түркістан облысының мектептерінде «Green challenge» ағаш отырғызу республикалық шарасы өтті. Қазақстанның экологиялық қоры мұрындық болған экошара Түркістан қаласының Мырзахан Пошанов атындағы №21 мектебінде және Кентау қаласының Ы.Алтынсарин атындағы №1 қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы мектеп-гимназиясында ұйымдастырылды. Республика күні мерекесіне орай өткен шараға өңірдің әкімшілік қызметкерлері мен білім басқармасының өкілдері, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басшылығы мен қызметкерлері, Қазақстанның экологиялық қорының мүшелері, мектеп ұжымы мен ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНҒА ИТАЛИЯДАН ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысына Италиядан инвестиция тартылады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қазақстандағы Италияның елшісі Марко Альберти бастаған делегацияны қабылдап, келіссөз жүргізді. Түркістан өңірінің бизнесті дамытуға қолайлы тұстарын жеткізген облыс басшысы итальяндық бизнес алпауыттарын тоқыма, тігін фабрикаларын ашуға шақырды. Облыстың әлеуметтік-экономикалық әлеуетімен таныстырған өңір басшысы Италиямен байланысты нығайтып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді. Тараптар екі ел арасында достық қарым-қатынастар мен ...

Читать далее »

ТҮРКСОЙ ҰЙЫМЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ ТҮРКІСТАНДА

Түркі тілдес елдердің өнері мен мәдениетін дәріптейтін ТҮРКСОЙ-дың киелі Түркістан қаласында кеңсесі ашылуы мүмкін. Ұйымның ұйытқы болуымен Түркістанда өтетін бірқатар маңызды шаралардың барысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымының (ТҮРКСОЙ) Бас хатшысы Сұлтан Раевпен кездесуінде жан-жақты талқыланды. Тараптар күллі түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістанды жаһанға паш ету жолындағы тың жобаларды талқылады. Түркі ...

Читать далее »

АРЫСТА ТАЗА БЫЛҒАРЫДАН ТІГІЛЕТІН АЯҚ КИІМ ӨНДІРІСІ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

Бүгінде Түркістан облысында былғарыдан тігілетін аяқ киім шығаратын «Арай» өндірістік кооперативінің тауарларына сұраныс артып келеді. Арыс қаласында орналасқан фабрика 1991 жылдан бастап жұмыс істейді. Мұнда ерлер мен әйелдерге арналған аяқ киім шығарылады, оны үш санатқа бөледі: күнделікті, әскери құрылымдар үшін және жұмыс қорғанысы. Өндірісте шынайы былғары және экологиялық таза материалдар қолданылады. – Терілерді Түркияның Стамбул қаласынан және Запороже, Ростовтан алып ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ОРТАЛЫҒЫ БОЙ КӨТЕРМЕК

Түркістанда «Түркі әлемінің орталығы» нысанының сәулеттік-көркемдік келбетін, кешенді сәулет тұжырымдамасын әзірлеу үшін республикалық ашық байқау ұйымдастырылды. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен сәулетшілер қатысып, 17 жоба ұсынылды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды аталған арнайы көрмеге қойылған жобалармен танысып, сәулетшілер мен мүсіншілермен кездесті. – Түркістанның әрбір нысаны талапқа сай болуы тиіс. «Түркі әлемінің орталығы» ғимараты атына сай болып, құрылыс саласының соңғы технологиялары қолданылған жөн. Оған ...

Читать далее »

КИЕЛІ ҚАЛАДА «ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ҚОРҒАЙТЫН ХАЛЫҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

Түркістанда «Ескерткіштерді қорғайтын халық» халықаралық конференциясы басталды. Маңызды басқосуға ЮНЕСКО-ның бастамасымен әлемнің 20 елінен 60 халықаралық сарапшы жиналды. 26-28 қазан аралағында үш күнге созылатын іс-шара барысында конференцияның 400-ден астам делегаты ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра объектілерін басқару, сақтау және қалпына келтіру, туризм маркетингі және Қожа Ахмет Ясауи тұлғасы мен еңбектерінің түркі халықтары үшін рөлі мәселелерін талқылайды. Конференцияға облыс әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, ...

Читать далее »

«7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫ БӨЛІНГЕН ҚАРАЖАТ ТОЛЫҚ ИГЕРІЛМЕЙІНШЕ ТОҚТАТЫЛМАЙДЫ

«7-20-25» бағдарламасына түскен өтінімдер сомасы қалған ақшадан асып кетті. Бұл туралы Ұлттық банктің басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов арнайы брифингте айтты. «Ұлттық банк «7-20-25» бағдарламасының тағдырын қалай шешпекші. Бөлінген қаражат аяқталғанша жалғаса ма, әлде жаңа жылдан кейін тоқтатыла ма?», — деп сұрады журналист. Ғалымжан Пірматовтың айтуынша, қазірдің өзінде бұл бағдарлама бойынша түскен өтінімдердің сомасы қалған қаражаттан көп. «Бұған дейін де мәлімдегеніміздей, ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА «ГАМЛЕТ», «ҚАРАКӨЗ», «ФАУСТ» СПЕКТАКЛЬДЕРІНІҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ

Қазақ сахнасында тұңғыш рет «Триптих»: «Гамлет», «Қаракөз», «Фауст» спектаклінің премьерасы өтті. Мұхтар Әуезов, Уильям Шекспир және Иоганн Гёте сынды үш алыптың шығармасы Түркістан музыкалық театрының сахнасында тоғысты. «Триптих» үш жазушының әйгілі үш туындысының сахналық нұсқасы. Бұл туындылардың жарық көргеніне ғасырлар өтсе де әлі күнге дейін өзектілігін жоймаған. Туындының сахналық нұсқасының авторы әрі режиссері – Әлібек Өмірбекұлы, заманауи театр тіліне аударған ...

Читать далее »

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ БИІК ҒИМАРАТ СЫРТЫНДА ҚАЗАҚСТАН ТУЫ БЕЙНЕЛЕНДІ

Әлемдегі ең биік мұнара Бурдж-Халифа ғимаратының сыртында Қазақстан Туы бейнеленді. «Бүгін кешке Бурдж-Халифа Қазақстан Республикасының құрметіне жағылады. Халқына гүлдену және бейбітшілік тілейміз», — делінген Бурдж-Халифа ғимаратының Instagram-парақшасында. «Бурдж Халифа» мұнарасы Дубайда орналасқан (БАӘ). Биіктігі – 828 метр, 163 қабатты. Әлемдегі ең биік және ең көпқабатты ғимарат. Еске салайық, 25 қазан күні Қазақстан халқы Республика күнін атап өтті. Республика күніне ұлттық ...

Читать далее »

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫ 500 ОРЫНДЫҚТЫ МЕКТЕП ПЕН 250 ОРЫНДЫҚ БАЛАБАҚШАҒА ТОЛЫҚТЫ

Республика күніне орай Түркістан қаласында 500 орындық мектеп пен 250 орынға арналған мектеп-балабақша пайдалануға берілді. Соңғы үлгідегі заманауи жабдықтармен қамтылған Айтұлы Тілеу батыр атындағы дарын мектебінде оқушылардың сапалы білім алуына бар жағдай жасалған. Әлеуметтік маңыздағы ғимараттардың салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, Израильдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Эдвин Натан Ябо Глусман құттықтау сөз сөйлеп, мектеп ...

Читать далее »

ҮШ АУДАНДА АУЛАЛАРДЫ ЖАҢБЫР СУЫНАН ТАЗАРТУ ЖҰМЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Түркістан облысында 26 қазан күні сағат 01:00-ден 6:00-ге дейін үздіксіз жауын-шашын жауды. Толассыз жауған нөсер салдарынан облыстағы 3 ауданда (Қазығұрт, Бәйдібек, Сарыағаш) жеке тұрғын үйлерге су кірген. Атап айтқанда, жалпы 21 ауланы су басып, 13 уақ мал суға кеткен. Сонымен қатар, су басу кезінде аулада қараусыз қалған нәресте қайтыс болған. Қазығұрт ауылында 09:30 шамасында, 2020 жылғы туған бала өз үйінің ...

Читать далее »

РЕСПУБЛИКА КҮНІНДЕ ТҮРКІСТАНДА КӨК ТУ ЖЕЛБІРЕДІ

25 қазан – Республика күніне орай Түркістанда Мемлекеттік Туды ресми көтеру рәсімі өтті. «Рәміздер алаңында» ұйымдастырылған патриоттық іс-шараға қала тұрғындары мен қонақтары, жалынды жастар қатысты. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды да арнайы қатысып, көк Тудың мәртебесін көтеретін бастамаға үлес қосты. Алдымен Әнұран шырқалып, ол отаншылдық бағыттағы әндерге ұласты. Облыс өнерпаздары рухты оятатын әндерді шырқап, мерекенің ажарын аша түсті. Осылайша, түркістандықтар Қазақстан ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫН РЕСПУБЛИКА КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Құрметті қауым! Қадірлі түркістандықтар! Баршаңызды Республика күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мерекенің мәні айрықша. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытауда өткен бірінші құрылтайда Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды. Тарихтан белгілі, 1990 жылы қазан айының 25-і күні «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Бұл – еліміздің Тәуелсіздік жолындағы нақты қадамы еді. Азаттықты аңсаған халқымыздың арманын орындауда ...

Читать далее »

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Ақорда» резиденциясының алдында Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлайды. Рәсімде Құрмет қарауылының бастығы Мемлекет басшысына рапорт берді. Кейін Президенттің бұйрығымен еліміздің Мемлекеттік туы көтеріліп, әнұран орындалды. Биыл ұлттық мереке ретінде қайта жаңғырған Республика күнін ел көлемінде атап өту осындай салтанатты шарамен басталды. Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өңірлерде ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА САБЫР РАҚЫМОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА БАСТАЛДЫ

Түркістандағы «Olympic center» спорт кешенінде Кеңес Одағының батыры, генерал-майор Сабыр Рақымовты еске алуға арналған және даңқты қолбасшының туғанына 120 жыл толуына орай еркін және әйелдер күресінен жастар арасындағы XXVI халықаралық жарыс басталды. Күрес додасына көршілес Өзбекстан, Қырғызстан елдерімен қатар Қазақстан Республикасының барлық облыстары және қалаларынан балуандар қатысуда. Еркін күрестен жастар арасындағы халықаралық жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде Түркістан облысының дене шынықтыру ...

Читать далее »