Қазығұрт ауданында «Құқықтық көмек» жобасы аясында қоғамдық қабылдау өткізілді

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Әділетті Қазақстанды құру жолында адам құқықтары мәселесіне баса мән беру қажеттігі бойынша тапсырмасына сәйкес, Партияның қоғамдық қабылдау бөлмелері «Құқықтық көмек» жобасы аясында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сонымен қатар өмірлік маңызды мәселелерді шешу үшін халықтың әлеуметтік әлсіз тобына құқықтық көмек беру, өзін қорғауға көмек көрсету мақсатында қоғамдық қабылдау өткізуде.

Осы орайда, Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің консультанты С.Жылқыбаев Түркістан облыстық, аудандық мәслихаттағы партия фракциясы депутаттары, сондай-ақ облыстық, жергілікті құқық қорғау органдарымен, мемлекеттік мекеме басшыларымен мен жауапты қызметкерлері, адвокаттар, заңгерлермен бірлесе отырып заң аясында халықтың арыз-өтініштерін талқылау мақсатында Қазығұрт ауданының Сарапхана, Қызылқия елді мекендерінде «Құқықтық көмек» жобасы аясында қоғамдық қабылдау өткізіп, бірқатар өзекті мәселелер қозғалды.

Мәселен, Тұрбат елді мекенінің тұрғыны С.Тұрсынов ауылда түнгі уақытта жастар көліктерімен жарысып, тәртіп бұзушылық орын алып жатқандығы бойынша шағымын білдірлі. Шағымы бойынша Түркістан облыстық полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Мейрамбек Балтабаев ауылда рейдтік шаралар жүргізіліп, жастарды тәртіпке шақырып мәселе оң шешімін табатынын хабарлады.

Сондай-ақ, алимент бойынша айлығынан қосымша ақы не үшін алынып жатқандығы бойынша шағымын білдірді. Шағымы бойынша Түркістан облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Асылбек Қабылов алимент төлеу заңдылықтары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, Сарапхана ауылының тұрғыны У.Дулатбаев учаскелік полицей инспекторының санын екі қызметкерден бес қызметкерге дейін көтеру бойынша ұсынысын білдірді. Ұсынысы бойынша Түркістан облыстық полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Мейрамбек Балтабаев Сарапхана ауылының учаскелік полицейлерінің штаттық санын көбейту бойынша ҚР ІІМ және Түркістан облысы әкімідігіне ұсынысы жолданаты мәлімденді.

«Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында өткізілген қоғамдық қабылдауға жан-айқайын білдіріп, келушілердің қатарында алимент өндіру ісі мен алаяқтық фактілері бойынша және банктерден үлкен соманы құрайтын несие алып, қарызға батырған адамға қатысты шағымдар айтылды.

Арызын арқалаған ағайын «AMANAT» партиясы «Құқықтық көмек» жобасы аясында мәселеміз назарға алынса деген өтініштерін білдірді.

Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің консультанты, облыстық партия филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің жетекшісі Сағындық Жылқыбаев бүгінгі қоғамдық қабылдау бөліміне келген азаматтардың арыздары бойынша хаттама негізігінде Түркістан облыстық прокуратурасына, Полиция департаментіне және басқада құқық қорғау органдарына хат жолданып, партия тарапынан бақылауға алатындығын айтты.

Бұдан өзге де қозғалған проблемалар бойынша қоғамдық қабылдау барысында тиісті жауаптар беріліп, бақылауға алуға тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында өткізілген қоғамдық қабылдауда бірнеше тұрғынға ҚР қолданыстағы заңдары аясында түсінік беріліп, мәселелері заң тұрғысынан қолдау табатыны жеткізілді.

Қоғамдық қабылдау. Түркістан облысы.