Түркістан облысы — Страница 125 — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысы

Түркістанда 20 жылдық түлектер баспана сыйлады

Түркістан қаласында мектеп бітіргеніне 20 жыл болған түлектер игі іске мұрындық болды. Бүгін “Бекзат” мөлтек ауданының 1986 жылғы азаматтары жиырма жылдыққа орай баспана сыйлады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталған мөлтек ауданның азаматтарына мұндай бастама дәстүрге айналған. Бірнеше жыл қатарынан мұқтаж отбасыларды қуантып, алғысқа бөленіп келеді. Наурыз думан мерекесінде және 25 мамыр күні қарсаңында, ...

Читать далее »

Түркістан облысы әкімінің оқу жылының аяқталуымен құттықтауы

Ардақты ұстаздар! Құрметті оқушылар мен мектеп бітіруші түлектер! Сіздерді тағы бір оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтаймын! Мектеп – үлкен өмірге қадамды нықтайтын кеме, білім – теңіз. Сіздер білім теңізінде желкендеріңізді керіп, жарқын болашаққа адымдап барасыздар. Біз де оқушы болдық, ұстаз тәлімін алдық. Сондықтан 25 мамырда соғылатын «соңғы қоңыраудың» орны айрықша. Биыл облыста 32306 оқушы 11-сыныпты бітіреді. Оның 1727-сі «Алтын белгі» ...

Читать далее »

Түркістан облысында нашақорлыққа қарсы күрес айы басталды

Түркістан облысында нашақорлыққа қарсы жаппай күрес айы басталды. Жиын халықаралық нашақорлық және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған. Шараның ашылуына облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов арнайы қатысты. «Түркістан облысында «Есірткісіз болашақ!» ұранымен нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы айлық іс-шарасы басталды. Облыс жастары мен балалар арасында есірткіге қарсы иммунитет және салауатты ...

Читать далее »

Д.Сатыбалды «Жайлы мектептің» құрылысын пысықтады

Түркістан облысында «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында білім ошақтарының құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Сарыағаш ауданында осы бағытта 10 мектеп салу жоспарланған. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары аясында «Телемұнара» шағынауданындағы 900 орындық білім ошағының құрылыс алаңына барды. Мердігерлермен кездесіп, мерзімінде аяқтауды тапсырды. Нақты міндеттер жүктеді. – Білім сапасын көтеру, мектеп тапшылығын жою – маңызды іс. Жауапкершілікпен жұмыс істеңіздер. Ешқандай ...

Читать далее »

Сарыағашта кәсіпкерлік дамып келеді

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сарыағаш ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар нысанды аралады. Сапар барысында сарыағаштық кәсіпкерлермен кездесіп, кәсіпкерлік саласындағы мәселелер мен ұсыныстар талқыланды. Ең алдымен өңір басшысы Сарыағаш қаласында орналасқан «Бәйтерек-Шымкент» ЖШС-нің кондитерлік өнімдер өндіретін кәсіпорынның жұмысымен танысты. Кәсіпорын иесі Нұржан Қожамбеков өңір басшысына кәсіпорынның атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндап, алдағы уақыттағы жұмыс жоспарларымен бөлісті. Кәсіпорынды дамытудың бірқатар жолдары ...

Читать далее »

Түркістан облыстық кітапханасында «Мархабат Байғұт» залы ашылды

Бүгін Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында белгілі жазушы, журналист, аудармашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Түркістан облысының Құрметті азаматы, «Парасат», «Барыс» ордендерінің иегері Мархабат Байғұт атындағы залдың ашылу салтанаты өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, зиялы қауым өкілдері, Мархабат Байғұттың отбасы, шәкірттері, ...

Читать далее »

Түркістандағы өндірістік паркке 100 млрд.теңгеге жеке инвестиция тартылады

Түркістан облысында инвестициялық жобаларды арттыру мақсатында Өндірістік парктің құрылысы жүргізілуде. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ондағы өндіріс орындарын аралады. Жауапты басшыларға бірқатар тапсырмалар берді. Өндірістік парк 30 гектар жерде орналасқан және парк аумағында 42 ғимарат салу жоспарланған. Өндіріс аймағына тартылатын жеке инвестиция көлемі 98 млрд теңге құрайтын болады. Өндірістік парк толығымен іске қосылған соң 2000-нан аса жаңа жұмыс орындары ашылатын ...

Читать далее »

Шардаралық спортшылар Азия чемпионатында 20 алтын медаль олжалады

Армрестлингтен Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында ҚР ұлттық құрама сапында ел намысын қорғаған “Шардара Армспорт” мектебінің спортшылары 20 алтын, 3 күміс, 2 қола медальді жеңіп алды. Атап айтқанда, жас-жеткіншектер арасында Әмірхан Думан, Бекмұрат Мирас, Назар Заңғар, Алдан Нұрсұлтан, Хали Текжігіт, Сәрсенбай Ердос, Анвар Элдар, Серік Ерсұлтан сынды спортшылар алтын медаль, Мансұр Еркеғали күміс, ал Тыныштық Байғани қола медаль ...

Читать далее »

Үш мыңға жуық түлек ұясынан ұшты

Бүгін облыс орталығында 39 білім ұясында соңғы қоңырау соғылып, үш мыңға жуық оқушы алтын ұя — мектебімен қоштасты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков жас түлектердің қуанышына ортақтасып, сәт сапар тіледі: — «Ұрпағы білімді елдің болашағы зор» деген дана халқымыз. Біздің мемлекетімізде терең білім алуға, білікті маман атануға, өз кәсібіңнің үздігі ...

Читать далее »

Сауран ауданында 20-дан астам кәсіпорын бой көтереді

Бүгінде аудан тұрғындарының бизнеске деген қызығушылығы жоғары,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Соның нәтижесінде, түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлік саласы дамуда. Өңірдің әлеуетін көтеруге бағытталған кәсіпкерлердің жұмыстарына аудан әкімдігі оңтайлы ұсыныстар айтуда. Бүгін аудан әкімі Мақсат Таңғатаров дәл осы бастама негізінде Иассы ауылдық округінің кәсіпкерлерімен кездесті. Онда аталған аймаққа кәсіпкерлік субъектілерінің дамуына қолдау көрсету мақсатында 12 гектар жер ...

Читать далее »

Сауран әкімі имамдармен кездесті

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров аудан аумағындағы Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасына қарасты имамдармен кездесіп, пікір алмасты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ауданның бас имамы Бауыржан Ақауов бүгінгі таңда аудан бойынша діни ахуал жайлы кеңінен баяндап өтті. Ауданында Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасына қарасты — 37 мешіт, 16-намазхана жұмыс істейді. 37 мешітте 56 діни қызметкер жұмыс жасайды. Кездесуде ауданның бас ...

Читать далее »

Сауранда мәслихаттың кезектен тыс он тоғызыншы сессиясы өтті

Сауран ауданы әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс он тоғызыншы сессиясы болып өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сессияны Сауран аудандық мәслихатының төрағасы Сержан Байсбаев ашып, жүргізіп отырды. Сессияға Сауран ауданы әкімінің орынбасары Ербол Жанғазиев, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты. Сессияның күн тәртібінде 3 мәселе қаралды: 1. Сауран ауданы әкімдігі ...

Читать далее »

Сауран ауданыңда 1451 түлек алтын ұясымен қоштасты

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров Шорнақ ауылдық округіндегі №2 мектебінде өткізілген соңғы қоңырау салтанатына қатысып, ізгі тілегін білдірді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Бүгін білім нәрімен сусындаған алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге қадам басқалы отырған барша мектеп бітіруші түлектерді шын жүректен құттықтаймын. Биыл 1451 мектеп түлектері аттестат алып, үлкен өмірге қадам басады. Осы жас буын мемлекет тарапынан ...

Читать далее »

Егіздер дәрігер болғысы келеді

Арыс қаласындағы Саттар Ерубаев атындағы орта мектепте 11 жыл білім алған Асыл мен Ардақ Пернебай бүгін алтын ұяларымен қоштаспақ. Бір үйдің егіз қызы Асыл мен Ардақ С.Ерубаев атындағы мектептің мақтанышы. Олар мектеп қабырғасында жүргенде түрлі сайыстарға, пәндік олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Сабақ үлгерімдері жақсы, қоғамдық жұмыстарға да белсене атсалысады. Егіздер уақыттарының көп бөлігін бірге өткізетін болғаннан кейін, бір-бірінің ...

Читать далее »

Олар бүгін үлкен өмірге жолдама алады

Бүгін облысымыздағы 1052 жалпы орта мектепте оқу жылы аяқталды. Бұл мектептерде білім алатын 1-10-сынып оқушылары үшін кеше «сынып сағаттары» өткізілсе, мектеп бітіретін түлектер үшін бүгін «соңғы қоңырау» соғылды. Оқу жылының қорытындысы, облыстағы білім саласындағы өзгерістер, оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру жайлы «Оңтүстік Қазақстан» газетінің тілшісі облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жандос МАХАНБЕТОВПЕН сұхбаттасқан еді. – Жандос Маханбетұлы, биылғы оқу жылының ...

Читать далее »

«Жібек жолы» кеден бекетінің маңын реттеу жолдары қаралды

Қазақ-өзбек шекарасының маңындағы жылдар бойы жалғасып келе жатқан «жабайы» саудаға тосқауыл қойылуы тиіс. Маңызды мәселеге нүкте қою үшін Сарығаш ауданынағы «Жібек жолы» кеден бекетінің айналасы толық реттеледі. Жаңа полиция бекеті ашылады. Бұл жерде заманауи терминал салу жолдары қарастырылуда. Осы аумақтағы барлық сауда нүктелері сонда орналастырылады. Осы мақсатта Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сарығаш ауданына келіп, кеден бекеті маңындағы жағдайды бақылады. ...

Читать далее »

Д.Сатыбалдының Сарыағаш тұрғындарымен кездесуінде өткір мәселелер ашық айтылды

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сарыағаш тұрғындарымен кездесті. Кездесуде өзекті мәселелер ашық айтылды. Тұрғындар күрмеуі шешілмеген түйткілдерді тарқатып, ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды облысты, ауданды дамыту жұмыстарын қысқаша баяндап, тұрғындардың сұрақтарын тыңдады. – Сарыағаш ауданының мүмкіндікі өте жоғары. Экономиканы, өндірісті, ауыл шаруашылығын дамытуға болады. Біз ауданды дамытуға назар аударып отырмыз. Мысалы «Жайлы мектеп» жобасы арқылы Сарыағаш ...

Читать далее »

Шардаралық диқандар тамшылатып суару әдісімен 100 гектарға жуық жерге пияз еккен

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында аймақтарға ауыл шаруашылығының егіс алқаптарында суды көп қажет ететін дақылдарды азайтып, мейлінше құрғақшылыққа төзімді дақылдарды көбейту, су үнемдейтін технологияны ауқымды түрде енгізу қажеттілігі жөнінде тапсырма берген болатын. Бүгінгі таңда Түркістан облысындағы бірқатар аудандар осы бағыттағы жұмыстарды күшейткен. Мәселен, Шардара ауданы, Жаушықұм ауылының тұрғыны Төлеген Жұмабеков егістік алқаптың 3 гектар жеріне тамшылатып ...

Читать далее »

Түркістан облысында бір сыныпта 6 егіз бала мектеп бітіріп жатыр

Түркістан облысы, Келес ауданындағы Ө.Жәнібеков атындағы №2 мектеп-гимназиясынан биыл 100 түлек түлеп ұшпақ,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оның ішінде 6 егіз оқушы бір сыныпта білім алады. Ақылбек пен Асылбек, Батпа мен Зәуре, Аяужан мен Аружан есімді жас түлектер оқуда да озат. Сынып жетекшісі Ләззат Анарқұлқызы — Данабай Ақылбек “Алтын белгіге”, Данабай Асылбек “Үздік ...

Читать далее »

Түркістандық кәсіпкерлер қытайлық инвесторлармен бірлескен жобаларды қолға алады

Түркістан облысының кәсіпкерлері мен қытайлық инвесторлар арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында кездесу өтті. Жиында агроөнеркәсіптік кешен, жеңіл өнеркәсіп, медицина, жер қойнауын пайдалану, құрылыс, IT сынды салаларды дамыту жайы сөз болды. Қытайдың Халықаралық сауданы ынталандыру жөніндегі комитетінің Қазақстандағы ресми өкілі Чэнь Хунцян екі мемлекет арасындағы кәсіпкерлік саласындағы байланыс жылдан-жылға нығайып келе жатқандығын атап өтті. Рухани астанаға инвестиция құюға ниетті шетелдік бизнес ...

Читать далее »
Яндекс.Погода