Сауранда төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары пысықталды — Xnews — ақпарат агенттігі

Сауранда төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары пысықталды

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес ауданымызда су тасқыны қаупі бар ауылдық округтерде алдын алу шаралары атқарылуда. Атап өтетін болсақ, төтенше жағдайды болдырмау мақсатында көміліп қалған арықтарды ашу жұмыстары қарқынды жүргізілуде,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы негізде “Тұран-Су” мекемесі тарапынан арнайы 1 техника бөлініп, жүйелі жұмыстар жүруде. Алдағы уақытта дәл осы тапсырма елді мекендерде іске асырылатын болады.

Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров пен облыстық мәслихат депутаты Баймахан Сүлейменов, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Мұхтар Қуанышбаев төтенше жағдайдың алдын алу бойынша берілген тапсырмалардың орындалуы, ауылдық округтердің қысқы маусымға дайындығын тексерді. Үшқайық ауылдық округіне барып, онда арықтарды тазалау, өзен арнасын кеңейту мәселелерін жіті қадағалап, арнайы бақылау жүргізді.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...