Түркістан облысы

Балаларға күрделі оталар сәтті жасалды

Түркістан қаласындағы «Түркістан қалалық балалар ауруханасы» базасында Түркия елінен келген профессорлар Эмрах Шенел және Жан Ихсан Озторун балаларға жасалатын операциялар бойынша кеңес беріп, мастер — класс өткізді. Шеберлік сабағы барысында жалпы асқазан-ішек жолдарының хирургиялық аурулары (мегаколон, болезнь Гиршпрунга, өңеш атрезиясы-эзофагостома, гастростома) және урологиялық (гипоспадия, гидронефроз, қуық-несепағар рефлюксы, қуық дисфункциясы) ақаулары бар 12 балалар тексеріліп, кеңес жүргізілді. Жүргізілген кеңес нәтижесінде Түркістан ...

Читать далее »

Желтоқсаншыларға құрмет көрсетілді

Бүгін Желтоқсан оқиғасына 36 жыл толуына орай және ҚР Президентінің «Желтоқсан қаһармандарының азаматтық ерлігін жоспарлы түрде насихаттау туралы» тапсырмасы аясында желтоқсан қатысушыларымен кездесу өткізілді. Жастар арасындағы отансүйгіштік қасиеттерді арттыра отырып, Тәуелсіздік құндылықтарын дәріптеу, 36 жыл бұрынғы өрімдей жастардың ерлігін бүгінгі ұрпаққа өнеге ету мақсатында «Желтоқсан — тәуелсіздіктің ұлы рухы» атты ұйымдастырылған басқосу еркін форматта өтті. Ұлтжандылықтың ерекше үлгісін көрсетіп, ел ...

Читать далее »

Түркістан қаласында Тәуелсіздік күні қарсаңында 600 орындық мектеп пайдалануға берілді

Тәуелсіздік күні қарсаңында Түркістан қаласында 600 орындық жаңа мектеп ашылды. Жаңа білім ұясы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында бой көтерген. Жаңа мектептің ашылу рәсіміне Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков қатысып, ата-аналар мен оқушыларға ізгі тілегін жеткізді. «Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген 10 Ұлттық жобасында білім беру бағытына баса назар аударылған. Мұның барлығы Тәуелсіздіктің тірегі — жас буынның сапалы білім алуы үшін ...

Читать далее »

«Тұран» гандболшылары суперлига және жоғары лигада ел чемпионы атанды

Түркістанда «Тұран» спорт ойын түрлері клубының гандбол командасын марапаттау рәсімі өтті. Қол добы шеберлері биылғы маусымда Суперлигада және жоғары лигада да Ел чемпионы атанды. Осындай айтулы жетістіктерімен облыс спортының басшысы Қанат Жолдықараев құттықтап, команда жаттықтырушылары мен спортшыларына спорттық киімдер және бағалы сыйлықтар табыс етті. Қол добынан еліміздің кәсіби клубтары арасында Түркістан облысының намысын қорғайтын «Тұран» командасының ойыншылары биыл Суперлигада жасындай ...

Читать далее »

Қыдырғали үздік спортшы атанды

Бүгін Түркістан қаласында, Облыс әкімінің “Тәуелсіздік ұрпағы — жыл көшбасшылары” жастар премиясы атты Түркістан облысы бойынша 2022 жылдың әр сала бойынша үздік жастар марапатталды. Биылғы жылы, Әлемді 27 рет бағындырған Америка Құрама Штатының аңыз спортшысын жеңіп қана қоймай, Түркия елінде өткен Әлем чемпионатында көк туымызды көкке көтеріп, әнұранымызды шырқатқан Онғарбаев Қыдырғали Дүйсенбекұлы, Түркістан облысы бойынша биылғы жылдың “Үздік жас спортшысы” ...

Читать далее »

Үстел теннисінен жастар арасында республикалық турнир өтті

Алматы қаласында үстел теннисінен желтоқсан айының 9-11 аралығында жасөспірімдер мен жастар арасында «Алтын күз» атты ашық республикалық турнир өтті. Тартысты өткен теннисшілер додасында мықты деп танылған спортшылардың есімдері белгілі болды. Аталған жарыста 2010-2011 жылы туылған және 2012 жылы туылған өрендер бағын сынады. Байрақты бәсекеде Түркістан облысының намысын қорғаған талантты спортшылар қатарында Абай Жұмағұл жеңістің шыңын бағындырды. Ол бар қарсыласын тізе ...

Читать далее »

Түркістандық параспортшыларға құрмет көрсетілді

IWAS дүниежүзілік ойындарында жүлдегер атанған түркістандық параспортшыларға облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев құрмет көрсетіп, арнайы спорттық киім табысталды. Португалияның Вила-Реал-ди-Санту-Антониу қаласында өткен сайыста ел намысын қорғаған Мұқан Айтмырзаев найза лақтырудан, Темірбек Тоғанбай 100 метр қашықтыққа жүгіруден және диск лақтырудан, Шахрух Санвар 100 және 200 метр қашықтыққа жүгіру мен ұзындыққа секіруден қола медальға қол жеткізді.

Читать далее »

Бәйдібекте 100 орындық мектеп пайдалануға берілді

Тәуелсіздік күніне орай Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Бестоғай ауылында салтанатты түрде 100 орындық Досан мектебі пайдалануға берілді. Мектептің жаңа ғимаратының ашылуына аудан әкімінің орынбасары Берік Тұрлыбеков, аудандық мәслихат хатшысы Асқар Кенехан қатысып, өздерінің құттықтау тілектерін білдіріп, ауыл тұрғындарының қуанышын бөлісті. Салтанатты шарада Бестоғай елді мекеніндегі Досан мектебінің ұстаздары мен оқушылары және ауыл тұрғындары екі қабатты білім ошағының өздерінің ауылдарында бой ...

Читать далее »

Түркістанда Д.Сатыбалды үй кезегінде тұрған отбасыларға баспана кілтін табыстады

Түркістан қаласында биыл баспана кезегінде тұрған 700-ге жуық отбасына әлеуметтік баспана беріледі. Шаһардың жаңа ауданында бой көтерген 9 қабатты бес тұрғын үйге 5 мыңға жуық адам көшіп келеді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды 20 отбасына пәтер кілтін тапсырып, қуаныштарымен бөлісті. – Тәуелсіздіктің арқасында мемлекетіміз тұрақты даму жолына түсті. Рухани астанамыз Түркістан қаласы облыс орталығы ...

Читать далее »

Су кешенінде үш жүзге жуық тұрғын спортпен шұғылдануда

Облыс орталығындағы су спортының дамуында ерекше орын алған – «Орталық су кешенінде» жыл басынан бері түрлі шаралар ұйымдастырылған. Кешен директоры Ғалымжан Батырханұлының мәлімдемесіне сәйкес, қазірде орталықта үш жүзге жуық тұрғын жүзумен айналысуда. Шаршаған денеге энергия, қажыған ағзаға иммунитет сыйлайтын спорт түрін серік еткен мекеменің жас спортшылары байрақты бәсекелерде бой көрсетіп келеді. Атап айтқанда, жүзуден «Е. Тәңірбергеновты еске алуға арналған жасөспірімдер ...

Читать далее »

Беби-бум: Түркістанда бір тәулікте 40 нәресте дүниеге келді (видео)

Түркістанда бала туу көрсеткіші жыл сайын артып келеді,-деп хабарлайды «Otyrar» телеарнасы Облыстық перинаталдық орталығында бір тәулікте 40 сәби туылған. Дегенмен онда проблема да жоқ емес. Мысалы мұнда, жаңа туылған нәрестелер паталогиясы бөліміне түскен 2700 баланың 400-і шала туылған. Жас ана дүниеге егіз сәби әкелген. Түркістандық тұрғын мерзімінен бұрын босаныпты. Тәжірибелі білікті мамандардың арқасында және жан сақтау, жаңа туылған нәрестелер паталогиясы ...

Читать далее »

Түркістанда бұқаралық спорт дамуда

Түркістан шаһарының әлеуметтік-экономикалық дамуының тағы бір саласы спорт. Тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануларына қандай жағдай жасалған, ұлттық спорт түрлері, бокс, футбол басқа да спорт түрлерінің дамуы қалай деген сұрақтар төңірегінде Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараевпен сұхбаттасқан едік. – Қанат Жарылқапұлы киелі өңірде дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатындардың қатары артып отырғаны рас. Осы тұрғыда ...

Читать далее »

Баланың есен-саулығы – ерен бақыт (видео)

Балалар ауруханасының тарихы 1985 жылдың мамыр айынан, Түркістан қаласы 1 мөлтек ауданда 115 төсек- орындық, 0-15 жас аралығындағы науқас балаларға арналған ауруханадан бастау алады. Аурухана ашылған күннен бастап, 1985-1998 жылдар аралығында Ө.Елгелдиев; 1998-2006 жылдар аралығында С.Насырова; 2006-2007 жылдары К.Көптлеуова; 2007-2011 жылдар аралығында Ш.Серикбаевалар бас дәрігерлік қызметті атқарған. 2011 жылдан бүгінгі таңға дейін каладағы педиатриялық қызметті ұйымдастырушы, жоғары санатты қоғамдық денсаулық ...

Читать далее »

Түркістан облысының спортшылары елшілік жарыстарда толағай табыстарға жеткен

Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында сала мамандарымен кеңейтілген мәжіліс өтті. Басқосуда биылғы жылғы жеткен жетістіктер, атқарылған жұмыстары талқыланды. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараевтың айтуынша елшілік жарыстарда түркістандық спортшылар жоғары нәтижелерге қол жеткізген. Алайда әлемдік додаларда 2021 жылмен салыстырғанда бәсеңсу байқалатынын айта өтті. Сонымен қатар, келер жылы Азия ойындарының кезекті алауы тұтанады. Осы орайда спортшылардың ...

Читать далее »

Отырарлық жастар көпбалалы отбасына баспана сыйлады

Отырар ауданы Көкмардан ауылының жастары бірлесіп қоғамдық қор құрған. Сауапты іске жаны жақын ауыл тұрғындары қорға жиналған қаржыны қайырымдылыққа жұмсап келеді. Таяуда көкмардандық жастар ауылдағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған жеті баланың ата-анасына жаңа баспана салып беріп, жанұяны шаттыққа бөледі. Жаңа ғимараттың құрылысы аяқталған кезде көпбалалы отбасына тағы бір жан қосылып, қуаныштары еселеніп отыр. Ауыл азаматтары қос қуаныштың қатар келуін жақсылыққа ...

Читать далее »

Арыста 200-ге жуық үйге газ беріле бастады

Арыс қаласын үш кезеңмен толық газдандыру жоспарланған. Бүгін шаһардағы «Алатау» тұрғын алабындағы үйлерге табиғи газ берілді. Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова тұрғындардың қуанышына ортақтасты. Бүгінгі таңда Арыс қаласын табиғи газға қосу үшін Ордабасы ауданындағы №19 «Темірлан» АГТС-нан Арыс қаласына дейін 41,2 шақырым газ құбыры тартылды. Сондай-ақ, қаланы табиғи газбен қамтамасыз ету үшін 15,6 шақырым жеткізгіш газ құбыры жүргізіліп, 6 дана газды ...

Читать далее »

Түркістанда туризм саласындағы тартымды инвестициялық жобалар ұсынылды

«Инвестициялық жобалардың презентациясы» питч-сессиясына Түркістан қаласына жақын жердегі 7 «өсу нүктесі» шығарылды. Инвестициялар көлемі бойынша жобалар шағын және орта бизнес аудиториясына бағытталған. Яғни, бір учаскені дамытуға бірнеше инвестор қатысады. Іс-шара өңірдегі кәсіпкерлік белсенділікті арттыру мақсатында өткізілді. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы алғы сөзінде: «Туризм – өңір үшін басым бағыттардың бірі. Мемлекет инфрақұрылымды дамыту, несие ұсыну құралдары көмегімен, сондай-ақ өңірді ...

Читать далее »

В Туркестане для развития футбола будет применен опыт Хорватии

У Туркестанскских детей есть появилась возможност обучаться футболу в Хорватию. В регионе предпринимаются меры по развитию детского футбола. Создана футбольная академия «Туран», привлекаются тренеры из-за рубежа. Аким Туркестанской области Дархан Сатыбалды принял делегацию во главе с Государственным секретарем Министерства туризма и спорта Республики Хорватия Тончи Главиной. Глава региона поздравил с выходом Хорватии в полуфинал чемпионата мира по футболу, который проходит ...

Читать далее »

Түркістанда футболды дамытуға Хорватияның тәжірибесі қолданылады

Түркістандық балалар Хорватияға барып, футбол үйренеді. Өңірде балалар футболын дамытуға күш салынбақ. «Тұран» футбол академиясы құрылып, шетелден бапкерлер тартылған. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Хорватия Республикасының Туризм және спорт министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Тончи Главина бастап келген делегацияны қабылдады. Облыс басшысы Катарда өтіп жатқан футболдан Әлем чемпионатында Хорватияның жартылай финалына шығуымен құттықтап, сәттілік тіледі. Делегация құрамында Хорватияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті ...

Читать далее »

Түркістанда Мұхтар Шахановтың мерейтойына арналған «Әлем таныған ақын» атты шығармашылық кеші өтті

Түркістандағы «Farab» кітапханасында Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек ері Мұхтар Шахановтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Әлем таныған ақын» атты шығармашылық кеші өтті. Кеш барысында Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Әлем таныған ақын» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Салтанатты жиында облыс әкімі Дархан Сатыбалды ақынды мерейтоймен құттықтап, елге сіңірген еңбегін жоғары бағалады. – Сізді 80 жасқа толған мерейтойыңызбен ...

Читать далее »