Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова жұмыс сапарымен Шымкент қаласына барды. Сапар аясында халық қалаулылары Қылмыстық істер жөніндегі сот сараптамасы институтының ұжымымен кездесу өткізіп, мекеме қызметінің барысымен танысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап. Кездесу барысында сенаторлар институттың материалдық-техникалық жай-күйін көзбен көріп, саланың өзекті мәселелеріне назар аударды. Атап айтқанда, ғимараттың тозуы, заманауи зерттеу жүргізуге қажетті ...
Читать далее »Шымкент
Шағын бизнестен ірі өндіріске: кәсіп бастау қиын емес
Мемлекет кәсіптің көзін тауып, іс қылғысы келгендерге қолдауды кенже қалдырған емес. Соңғы жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдік тарапынан қайтарымсыз грант, субсидия алған жергілікті кәсіпкерлердің өнімі өзге өңірлерге де жіберіліп, ішкі өнімді қамтамасыз етуге қолғабыс болып отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері мен қала әкімдігі, Агроөнеркәсіп кешені қызметкерлері Шымкент шаһарындағы шаруалардың айтарына құлақ түріп, қаржылай қолдау алып отырған кәсіпкерлердің жұмысымен танысты. ...
Читать далее »Кәсіпкерлер палатасында жұмысшы мамандар дайындау мәселелері талқыланды
Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында қаладағы білім беру саласындағы кәсіпкерлер салалық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, Кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова, білім басқармасының басшылары, оқу орындарының жетекшілері және кәсіпкерлер қатысты. Палата директоры Сабира Адамбекованың айтуынша, жиынның мақсаты – Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылында бірлесе жұмыс атқарып, нәтижеге қол жеткізу. «Жыл сайын Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасы ...
Читать далее »Абырой асқарынан көрінген аға
Елдіктің тірегі, қарттықтың қазынасына айналып, ел ықыласына бөленген, өнегелі ғұмыры өзгелерге үлгі-өнеге болған азамат халық жадында мәңгілік сақталары хақ. Жақсы адамның артынан айтылар жылы естелік көп. Олардың жүріп өткен жолы мен адамдық қасиеттерін ұрпақтарға жеткізіп тұрудың тәрбиелік мәні зор. Осындай азаматтар әрбір өңірде бар. Солардың ішінде осы естелікке арқау болып отырған Өмірбек Керімбекұлын өз басым ерекше құрмет тұтып, бақилыққа кетсе ...
Читать далее »Елімізде жұмысшы мамандықтарының жаңа дәуірі басталды
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде «Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. ...
Читать далее »Бизнестің сенімді серіктесі
Статистика деректері бойынша бүгінгі таңда Шымкент қаласында 130 мыңнан астам жеке кәсіпкерлік субьектісі тіркелген. Оның ішінде бір адамнан тұратын жеке кәсіпкерлік субъектілері де, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер де, шаруа қожалықтары мен фермерлер де бар. Осыншама іскер қауымның жоғын түгендеп, мұңын мұңдайтын коммерциялық емес ұйым – «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы. ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2013 жылдың 9 қыркүйегінде ҚР Үкіметі және «Атамекен» Одағы» ...
Читать далее »Шымкент – отандық фармацевтиканың ірі орталығы
Шымкент қаласының өндірістік алаңыда Polpharma Santo компаниясының жаңа бренді салтанатты түрде таныстырылды. Сонымен қатар, өндірістік үдерістердің халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігін растайтын Еуропалық Одақтың GMP сертификаты жұртшылық назарына ұсынылды. Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, сондай-ақ, Polpharma тобының иесі және бақылау кеңесінің төрағасы Ежи Старак қатысты. Жуырда Ежи Старак ҚР Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысына қатысып, Премьер-министр Олжас Бектеновпен және ...
Читать далее »Год рабочих специальностей: ученики знакомились с производством
В целях реализации инициативы Главы государства в рамках Года рабочих профессий, организованной Палатой предпринимателей города Шымкент, продолжается экскурсия старшеклассников по средним и крупным предприятиям Шымкента. Около 50 учеников из 3 школ недавно посетили производственные предприятия в специальной экономической зоне «Оңтүстік». После разъяснения техники безопасности ученики посетили ковровую фабрику Bal Carpet и ознакомились с ходом работ. «Наши ковры сотканы в современном ...
Читать далее »Шымкент қаласында ТЖД қызметкерлеріне жаңа техника мен тұрғын үй кілттері табысталды
Шымкент қаласында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне заманауи өрт сөндіру техникалары, қызметтік киімдер мен жаңа пәтерлердің кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Шыңғыс Әрінов, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, сондай-ақ ТЖД басшылығы мен жеке құрамы қатысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Іс-шара аясында материалдық-техникалық базаны жаңғыртуға бағытталған ведомстволық бағдарлама шеңберінде өңірге бұрын-соңды ...
Читать далее »Шымкент әкімі қаладағы құрылыс және логистика нысандарын аралады
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жұмыс сапары барысында бірнеше инфрақұрылым нысандарын аралады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сапар аясында алдымен Сайрам көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолының құрылыс барысы тексерілді. Уәлиханов көшесінен Желтоқсан көшесіне дейінгі аралықты қамтитын бұл учаскенің жалпы ұзындығы 2,8 шақырымды құрайды. Аталған аумақты абаттандыру аясында Ақназар хан көшесіне дейін жарықтандыру жүйесін орнату көзделген. Жоба шеңберінде 310 жарық ...
Читать далее »Жұмысшы мамандықтар жылы: оқушылар өндіріспен танысуда
Шымкент қалалық Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен Мемлекет басшысының Жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы бастамасын жүзеге асыру мақсатында жоғары сынып оқушыларының Шымкенттегі орта және ірі кәсіпорындарға экскурсиясы жалғасуда. Жуырда 3 мектептен жиналған 50-ден астам оқушы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағындағы өндіріс орындарында болды. Қауіпсіздік техникасы түсіндірілген соң оқушылар Bal Carpet кілем фабрикасын аралап, жұмыс барысымен танысты. «Біздің кілемдер заманауи үлгіде тоқылуда. Еденде таймайды, кір ...
Читать далее »Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ауқымды жұмыстар жүргізілуде
Биыл Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстанда жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Осыған орай Шымкент қаласының әкімдігі бірқатар маңызды жобаларды қолға алды. Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек және жоғары оқу орындарының ректорлары, колледж басшылары басқосқан көшпелі-брифингте айтқан еді. Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек Шымкент қаласының арнайы өңірлік жоспары дайындалып, Үкіметтің жеті негізгі бағытына сай шаралар кешені іске асырылатынын мәлімдеді. ...
Читать далее »Жаңа зауытта мыңдаған жұмыс орны ашылады
Шымкентте бұрынғы қорғасын зауытының орнында «Standard Steel KZ» серіктестігі мырыш оксидін өндіретін зауыттың екінші кезеңін іске қосты. Ашылу салтанатында сөз алған азаматтар осы саланың білгірлері мұндай зауыттың ТМД-елдерінде баламасы жоғын айтып жатты. Бәрі дұрыс.Алайда, тарихтың сарғайған беттерін парақтап көрейік. Бүгінде екінші дүниежүзілік соғыс туралы сөз бола қалса, «жауға атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалған» деген дерек алдыңыздан шығады. Рас. ХХ ғасырдың ...
Читать далее »Шымкент пен Сиань арасындағы туристік ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілуде
«Шымкент – Сиань» бағытындағы жаңа халықаралық тікелей әуе рейсінің ашылуына орай Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында бірқатар іс-шаралар өтті. Іс-шаралар барысында Шымкент қаласының туристік және инвестициялық әлеуеті кеңінен таныстырылды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Шара Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулдығының ұйымдастыруымен өтті. Делегация құрамындағы шымкенттік өкілдер Сиань қаласының іскер топтарымен және туристік индустрия субъектілерімен B2B форматындағы мазмұнды ...
Читать далее »Гранттар тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары әрі әкімдіктің ресми өкілі Сәрсен Құранбек Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен баспасөз брифингінде апта ішіндегі әлеуметтік маңызды жаңалықтарға тоқталды. Оның айтуынша, қалалық мәслихаттың шешімімен еңбек ардагерлерінің денсаулығын жақсарту мақсатында шипажайларға тегін жолдамалар беру қарастырылған. Жолдамалар зейнеткерлерге кезек тәртібімен geo-shym.kz сайты арқылы тіркелу негізінде ұсынылады. Бүгінде 26 мыңнан астам зейнеткер тіркеліп үлгерсе, жылдық лимит – 7 500. Осыған ...
Читать далее »Қаратау ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жоғары
Қаратау ауданы — Шымкент қаласының қарқынды дамып келе жатқан аудандарының бірі. Мұнда тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп, халық саны тез өсіп жатыр. Себебі, қала халқының тығыз орналасқан аудандарының бірі — осы Қаратау ауданы. Ауданның аумағы — 19 500 гектар, халық саны — 223 мыңнан астам. Аудан аумағында 18 елді мекен. Көшелер саны – 896, жеке тұрғын үйлер саны – 29 ...
Читать далее »Шымкентте депутаттар этномәдени бірлестіктердің ұсыныстарын тыңдады
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Данабек Исабеков пен Нұрсұлтан Байтілесов Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен кездесті. Кездесу — Қазақстан халқы Ассамблеясының диалог алаңын пайдалана отырып, этносаралық татулық пен бірлікті сақтау жолындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуды көздеді. Іс-шараны Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Тахирбек Нишанбаев жүргізді. Жиынға қалалық мәслихат депутаты Абзал ...
Читать далее »«Шымсити» саябағында Ұлттық домбыра күніне арналған кең көлемді мерекелік кеш өтті
2025 жылғы 7 шілдеде Шымкент қаласындағы «Шымсити» саябағында Ұлттық домбыра күніне орай кең көлемді мерекелік кеш ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты — қазақ халқының рухани-мәдени мұрасын ұлықтау, ұлттық өнерімізді кеңінен насихаттау болды. Кеш барысында көрермендерге қазақтың төл мұрасы — күй мен ән өнерінің жауһар үлгілері ұсынылды. Домбыраның қоңыр үнімен әуелеген дәстүрлі күйлер мен аймақтық ән мектебі өкілдерінің орындауындағы әуендер көрерменге ...
Читать далее »“Енді базар емес, сауда үйі болады”: Әкім базарларды жаңғыртуды қолға алды
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран ауданындағы «Автонұр» базарын аралап, өзекті мәселелерді назарға алды. Қазіргі таңда базар аумағында жалпы ауданы 8000 шаршы метр жаңа сауда үйінің құрылысы жүріп жатыр. Жаңғырту жұмыстары аясында кәсіпкерлер осы заманауи нысанға көшіріледі деп жоспарлануда. Бұдан бөлек, 500 көлікке арналған автотұрақ пен кіреберіс жолдарды кеңейту көзделген. Бұл — базар маңындағы қозғалысты жеңілдетіп, келушілер үшін ыңғайлы жағдай ...
Читать далее »«Еуразия жүрегіне саяхат» халықаралық экспедициясы Шымкент қаласына келді
2025 жылғы 20 маусым мен 1 шілде аралығында Қазақстанда өткен экспедиция аясында делегация Шымкент қаласына арнайы ат басын бұрып, қаланың туристік, мәдени және инновациялық әлеуетімен танысты. Іс-шара барысында қатысушыларға экологиялық бастамалар мен шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған жобалар таныстырылды. Сонымен қатар, қаладағы тарихи-мәдени нысандарды аралап, өңірдің ерекшеліктерімен жан-жақты танысуға мүмкіндік алды. Бұл бастама Шымкенттің халықаралық деңгейдегі танымалдығын арттырып, жаңа ...
Читать далее »
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары
