Шымкент — Страница 147 — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент

Шымкент қаласы «жасыл аймаққа» өтті

Коронавирус инфекциясының таралуы бәсеңдеген Шымкент қаласы «жасыл аймаққа» өтті. Үшінші мегополисте індеттің таралуы азайып, инфекциялық стационардағы төсек орындардың басым бөлігі қысқартылды. Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда төсек орын толымдылығы 42% құрайды. Шымкент қаласында өткен тәулік ішінде КВИ-дің 71 жағдайы тіркелді. Оның ішінде белгілері бар 60 болса, белгілері жоқ 11. Індет жұқтырған 35 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 36 адам үй бақылауына ...

Читать далее »

«SHYMKENT ZHASTAR LIGASY» ЖОБАСЫНЫҢ ЕКІНШІ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкенттегі жоғарғы спорт шеберлігі мектебінде қала әкімінің қолдауымен «Шымкент Жастар Лигасы» жобасының екінші кезеңі салтанатты түрде ашылды. Спорттық шараның ресми ашылуына қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева, қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Тұманбаев, қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының міндетін атқарушы Мұратжан Шотанов және ...

Читать далее »

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЖАСТАРҒА НАСИХАТ

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауын талқылауға қатысты жиын өтті. Оқу орнының студенттері және оқытушылары Жолдауды насихаттауға байланысты ақпараттық-насихат тобының мүшесі Сәкен Мәжінбеков жүздесті. Барлық санитарлық талапты сақтай отырып өткен кездесуде Сәкен Аралбайұлы әлем тарихындағы мемлекет басшыларының ел халқына жолдауы игі дәстүр екеніне тоқталып, тарихтағы осындай бірінші құжатты 1822 жылы АҚШ-тың сол кездегі президенті ...

Читать далее »

ТҰРҒЫНДАРҒА ЖАҢА РЕФОРМА ТҮСІНДІРІЛУДЕ

Шымкент қаласының Абай ауданы аумағында 453 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның 374-і кондоминиум нысаны ретінде әділет басқармасынан тіркеуден өткен. Бұдан бөлек ауданда кондоминиум объектісі ретінде тіркеуден өткен көпқабатты тұрғын үйлерде мүлік иелерінің бірлестігін (МИБ) және жай серіктестік (ЖС) құру бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстарының медиа жоспары бекітіліп, тұрақты жұмыстар жүргізілуде. Осыған орай, бүгінгі таңға дейін аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен көпқабатты үйлерде МИБ ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ «АДАЛ ҰРПАҚ» ЕРІКТІ МЕКТЕП КЛУБТАРЫНЫҢ СЛЕТІ ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қалалық білім басқармасымен бірлесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының слетін ұйымдастырды. Аталған шараға «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар, қалалық білім басқармасы өкілдері, «Adal urpaq» ерікті мектеп клубының Президенті Т.Байтас пен клубтардың мүшелері, жас өнерпаздар қатысты. Салтанатты шараны Жобалық кеңсе басшысы Жани ...

Читать далее »

Мұрат Әйтенов АҚШ-тың бас консулымен кездесті

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Кэролайн Сэвиджпен кездесті. Бас консулды жаңа миссиясының басталуымен құттықтаған қала басшысы екі жақты қарым-қатынас пен ынтымақтастықтың одан әрі жалғасатынына сенім білдірді. Мұрат Әйтенов мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуына қысқаша тоқталып, қалада инвестиция тартуға жайлы жағдай жасалғанын, аймақтың туристік әлеуметі мол екенін айтты. Сонымен бірге Шымкент – Өзбекстан, Қырғызстан елдерімен және олардың астаналары Ташкент ...

Читать далее »

Жастар практикасы арқылы 2500-ден астам азамат уақытша жұмысқа орналасты

Шымкент қаласында «Еңбек» бағдарламасының үшінші бағыты – жастар практикасы азаматтардың жұмыс табуына септігін тигізуде. Жастар практикасы түлектердің меңгерген мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу мақсатында ұйымдастырылған. Болат Шахизада – осы бағдарлама арқылы Қаратау ауданының әкімі аппаратына жолдама алғандардың бірі. Ол биыл Орта Азиялық инновациялық университеті медициналық колледжін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітіріп, жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелді. ...

Читать далее »

Шымкентке Татарстан Республикасының сауда-өнеркәсіптік палатасы өкілдері келді

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев Татарстанның сауда-өнеркәсіптік палатасы делегацияларымен бизнес кездесу өткізді. Аталған жиын Қазақстан мен Татарстан арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты күшейту, екі елдің іскерлік серіктестері арасындағы байланыстарды нығайту және инвестициялық жобаларды таныстыру мақсат еткен. Татарстандық делегаттарға қаламыздағы Индустриалды аймақтар және «Оңтүстік» АЭА, «Shymkent invest» орталығындағы мүмкіндіктер таныстырылды. А. Сәттібаев кездесу барысында татарстандық делегаттарға Шымкенттің жоғары әлеуетін таныстыра келе ...

Читать далее »

Басты талап – қала қауіпсіздігі

Шымкентте орта сапасы және бақылау басқармасы мен Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері қаладағы газ толтыру бекеттерінің басшыларымен кездесіп, авто газ бекеттерінде газ баллондарын толтыру мәселесін талқылады. Бүгінде қалада көліктерге арналған газ бекеттерінде тұрмыстық газ баллондарын толтыру жағдайы белең алған. Мамандар бекеттерден құйылатын сұйық газ жоғары деңгейде сығымдалып, жарылу қауіпі жоғары екенін айтуда. Бүгінде қалада 4 газ жинақтау станциялары орналасқан. Авто газ ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІК ЗЕЙНЕТКЕР ТҮРКІСТАНҒА ВЕЛОСИПЕДПЕН ЖЕТПЕК

Шымкенттік зейнеткер Түркістан қаласына экологиялық таза көлікпен жетпек. 81 жастағы Кеңесбек Сейдінбекұлы бұл сапарын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап отыр. Белсенді ақсақалды перзенттері, немере-шөберелері мен қалалық спорт басқармасының өкілдері, жастар шығарып салды. Зейнеткер Түркістан қаласына Темірлан, Қызыл көпір, Шәуілдір елдімекендері арқылы жетуді жоспарлаған. Жолай Қажымұқан кесенесіне соғып, жергілікті тұрғындармен жүздеспек. Осылайша 220 шақырым жолды велосипедпен басып өтіп, Түркістан қаласына сенбі ...

Читать далее »

ТЕАТР ӘРТІСТЕРІ БҮЛДІРШІНДЕРДІ ҚУАНТТЫ

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мегаполис театрлары бүлдіршіндерді қуантуға кірісіп кетті. «Ертегілер еліне қонақта» шарасының аясында Шымкент қалалық орыс драма театры, әзіл – сықақ және сатира театры, қуыршақ және жасөспірімдер театрының өнерпаздары балабақшаларға барды. Шымкент қалалық қалалық әзіл – сықақ және сатира театры «Ақзия» балабақшасының бүлдіршіндеріне С.Алтаевтың «Көңілді көбелектер» спектаклін тарту етті. Көбелектердің дәстүрлі өмір сүру салтын сақтап, өз тіршілігін ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ «ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСТАРЫ» АТТЫ ЖАС СУРЕТШІЛЕРДІҢ КӨРМЕСІ ӨТУДЕ

Шымкентте қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік құрдастары» атты жас суретшілер көрмесі ашылды. Кескіндеме өнеріндегі келісті туындылар топтастырылған шара Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр. Көрмеге С. Абдураимова, А. Бұхарбаева, А. Тасболатова, Ж. Абдалимова сынды жас қылқалам шеберлерінің туындылары қойылған. Жалпы, 30-ға жуық картина ұсынылған. Кештің ашылуында сөз алған кітапхана директоры Нұрила Жұманова аталған көрме жас суретшілердің туындыралын ...

Читать далее »

РУХАНИ НӘР БЕРЕТІН КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ

Шымкент қаласындағы №74 жалпы орта білім беретін мектебінде Дина Нұрпейсованың 160 жылдығына орай «Даламды күймен тербедім» тақырыбында кездесу кеші өтті. Кеш қонақтар — оңтүстік өңірінің ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосып жүрген өнер жанашырлары, Жазушылар одағының мүшесі, 2001 жылы өткен Республикалық термешілер сайысының жеңімпазы, ақын, жазушы Бөрібай Оразымбет пен ақын, жазушы Абдулмахмуд Пошатаев болды. Сырлы сұқбатқа толы әсерлі кеште оқушылар және ...

Читать далее »

АҚТАС-2 САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Шымкенттегі шағынаудандарды ауыз сумен қамту қала әкімдігінің тұрақты күн тәртібінде тұрған мәселенің бірі. Бүгінде Ақтас-2 шағынауданын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында мердігер мекеме «Алтын констракшин» ЖШС-гі тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Шымкент қаласы энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметінше, ағымдағы жылдың қараша айында жұмыстар аяқталып, тұрғындарға тұрақты түрде сапалы ауыз су берілетін болады. Бүгінгі таңда, нысан басында 25 жұмысшы, 6 техника ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ САЯБАҚТАР МЕН ГҮЛЗАРЛАР ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

Шымкентте саябақтар мен гүлзарларға 2022-2026 жылдарға арналған даму концепциясының жобасы әзірленді. Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының мәліметінше, концепция жобасы аясында жалпы қалалық саябақтар жүйесін қалыптастыру, демалушыларға қолжетімді аумақта орналасуы, саябақтарда жаңа сценарийлерді құру және тағы басқа да жұмыстар жүргізілетін болады. «Абай» саябағының аумағындағы «Дельфин» аквапаркін жаңғыртып, заманауи күйге келтіру мақсатында эскиз жобасы әзірленіп қала әкіміне ұсынылып, қолдау тапты. ...

Читать далее »

№61 ЖӘНЕ №72 МАРШРУТТАРДЫҢ ҚОЗҒАЛЫС СЫЗБАСЫ ӨЗГЕРДІ

Шымкентте №61 және №72 маршруттың қозғалыс сызбасы өзгерді. Қаланың кешенді схемасына сәйкестендіріп, халықтың сұранысына ыңғайлап қайта ұйымдастырылып отыр. Бұл туралы Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мәлімдеді. №72 «Алаш базары — МШК» аялдамалары аралығында қызмет көрсетеді. Маршрут май шикізат комбинаты аумағындағы тұрғындарды толық қамтитыны анықталды және сызбасы бойынша аймақтың ішіне ендірілді. Маршруттағы автобус саны 12, сенбі, жексенбі күндері ...

Читать далее »

«VISIT SHYMKENT» ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 100-ДЕН АСА ЭКСКУРСИЯ ӨТКІЗДІ

Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасына қарасты «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы жыл басынан бері 10532 адамға анықтамалық-консультациялық қызмет көрсетті. «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының негізгі мақсаты – туристер мен қала қонақтарына «бір терезе» қағидасы бойынша ақпараттық-консультативтік көмек көрсету. Қала аумағында туристер көп шоғырланатын әуежай, темір жол вокзалы және саябақтарта 7 ақпараттық дүңгіршек қызмет атқарады. Қалада орналасқан ақпараттық киоскілер ...

Читать далее »

“Жұлдыз” индустриалды аймағын инфрақұрылым жүйелерімен қамту жұмыстары жүргізілуде

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов «Жұлдыз» индустриалды аймағының инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс барысын пысықтады. Нысан екі жобадан тұрады. 1-ші жобада 12,5 шақырым ауыз су, 58,2 шақырым электр желісі, 8,9 шақырым табиғи газ, 11,4 шақырым кәріз жүйелерінің құрылысы қамтылған. Бүгінде мердігер мекеме «Turan Energo Group» ЖШС 8 шақырым ауыз су және 10 шақырым кәріз жүйелерінің траншеяларын қазу жұмыстарын орындады. Нысан 2022 жылға ...

Читать далее »

Қала әкімі Ақтастағы инфрақұрылым жүйелерінің құрылысын тексерді

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Ақтас» шағынауданындағы су және газ жүйелерінің құрылыс барысын аралап көрді. Ақтас-2 шағынауданын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында мердігер мекеме «Алтын констракшен» ЖШС-і тарапынан құрылыс жұмыстары атқарылуда. Биыл шілде айында басталған құрылыс жұмыстарын қараша айында аяқтау жоспарда. Жалпы ұзындығы 50,9 шақырым суаққының 43,0 шақырымнан астамы салынып, құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Жалпы жұмыстың (ІІ көтеру ...

Читать далее »

Қала әкімі құрылысы жүріп жатқан жылу жүйесімен танысты

Шымкент қаласының коммуналдық инфрақұрылымын дамыту қала басшысының басты назарында. Қала әкімі Мұрат Әйтенов осы бағытта атқарылып жатқан әрбір құрылысты тікелей бақылауына алып, оның сапасы мен мерзімінде аяқталуын қадағалауда. Бүгін қала әкімі Ерімбетов көшесінің бойындағы жылу жүйесінің құрылысын аралап шықты. Жалпы ұзындығы 6 шақырымға жуық жылу құбырының 4,1 шақырымы орындалған. Ол желі осыдан бірнеше жыл бұрын пайдалануға берілген Нұрсәт шағынауданындағы АДЦ-160 ...

Читать далее »
Яндекс.Погода