Мегаполистің Shymkent City шағынауданында жаңа емхана құрылысы жүргізілетін жерде капсула салу рәсімі өтті. Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасымен, қаланың әлеуметтік инфрақұрылымын одан әрі дамыту және қолжетімді медициналық көмек көрсету деңгейін арттыру мақсатында салынуда. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Жаңа емхана ауысымына 500 келушіге есептелген және 30 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетеді. Емхана құрамында ересектер мен балалар бөлімшелері, әйелдер консультациясы және ...
Читать далее »Шымкент
«Оңтүстік журналистикасының атасын» еске алды
Шымкент қаласындағы Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Қазақстанның Құрметті журналисі, жазушы, «Құрмет белгісі» орденінің иегері Байдулла Қонысбектің 85 жылдығына арналған «Оңтүстік журналистикасының атасы» атты еске алу кеші өтті. Тағылымды шараның негізгі мақсаты – қарымды қаламгер, білікті журналист, Оңтүстік тележурналистикасының негізін қалаушылардың бірі Байдулла Қонысбектің өнегелі өмірі мен шығармашылық жолын кейінгі ұрпаққа таныстыру, журналистика саласына сіңірген еңбегін насихаттау және есімін ұлықтау. ...
Читать далее »Шымкенттік спортшылар Азиада ойындарында тағы төрт медаль еншіледі
Бүгінгі жарыс күнінде Шымкент қаласының спортшылары Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында жоғары нәтиже көрсетіп, ел қоржынына төрт қола медаль қосты. Нысана көздеу: София Шульженко мен Елизавета Безрукова Қазақстан әйелдер құрамасының сапында командалық сайыста қола жүлдеге ие болды. Байдарка және каноэде есу: Шымкенттік Стелла Суханова 500 метрге бірлік-байдарка жарысында мәреге үшінші болып, Азия ойындарындағы екінші жүлдесін еншіледі. Байдарка және ...
Читать далее »Шымкент: Азия ойындарының екі дүркін чемпионына құрмет көрсетті
Жапонияның Аичи-Нагоя қалаларында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында ел мерейін үстем еткен жерлесіміз, каратэден Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы Софья Берульцеваны салтанатты түрде күтіп алу іс-шарасы өтті. Жеңімпаз спортшыны Қажымұқан атындағы орталық стадионның алдында туған-туыстары, спорт саласының өкілдері, жаттықтырушылар, жанкүйерлер мен қала тұрғындары арнайы күтіп алып, чемпионға зор құрмет көрсетті. Шымкенттік саңлақ Азия ойындарында каратэнің кумитэ бағдарламасы бойынша 68 келіден ...
Читать далее »Шымкент: Аппарат отырысы: өзекті мәселелер қаралды
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Жиында ықтимал су тасқыны кезеңіне дайындық, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жұмысы, сондай-ақ, Қарттар күні мен Мұғалімдер күніне дайындық мәселелері қаралды. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Тілеуберді Мадиев 2027 жылғы кезеңге дайындық барысы туралы баяндады. Жоспарланған жеті инженерлік іс-шараның алтауы орындалды. Қазіргі таңда Қошқар ата өзенінің ұзындығы 4,7 шақырым арнасын күрделі ...
Читать далее »Шымкентте қарттар күніне арналған мерекелік шара өтті
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында» Қарттар күніне орай, «Қарттар – ұрпақ тәрбиесінің өнегесі» атты мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік шараға ардақты қариялар, ақ жаулықты әжелер мен ақ сақалды аталар, ардагерлер ұйымының өкілдері, өнерпаздар және орталық қызметкерлері қатысты. Жиынның шымылдығы «Шымкент концерт» концерттік ұйымының «Яссы» би ансамблі орындаған «Сағыныш» биімен ашылды. Шара барысында аға ...
Читать далее »Шымкентте ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған инттеллектуалды сайыс өтті
Өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, ата-бабадан қалған асыл салт-дәстүрлерімізді жаңғырту және жастардың шығармашылық қабілетін қолдау мақсатында ұйымдастырылған шараға 7-9 сынып оқушылары, «Дәстүр мен таным» үйірмесінің мүшелері қатысты. Шараға Әдеп-ғұрып және салт-дәстүр орталығының маманы Ләззат Ретбекқызы қатысып, ұлттық салт-дәстүрлердің мәні мен маңызы, оларды жас ұрпақ тәрбиесінде дәріптеудің маңызы жөнінде сөз қозғады. Мерекелік кеш қазақтың әуезді «Үкілі қыз» әнімен басталып, қатысушыларға ...
Читать далее »Шымкент: Табиғи монополия субъектілерінің заң талаптарын сақтауына бақылау күшейтілді
Шымкентте табиғи монополиялар субъектілерінің заңнама талаптарын сақтауына бақылау күшейтіліп, реттелетін қызметтердің белгіленген тәртіппен көрсетілуіне және тарифтік реттеу талаптарының орындалуына назар аударылуда. 2026 жылдың сегіз айында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті осы бағытта бірқатар бақылау шараларын жүргізді. Есепті кезеңде Департамент тарапынан екі жоспардан тыс тексеру өткізілді. Нәтижесінде екі нұсқама беріліп, олардың екеуі де толық ...
Читать далее »Шымкентте коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған жобалар жүзеге асырылуда
Шымкентте табиғи монополиялар саласын реттеу және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. 2026 жылдың сегіз айындағы атқарылған жұмыстар мен алдағы жобалар Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте талқыланды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Кенжеболат Қошекбаев мәлімдеді. Қазіргі таңда қала бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне 72 қызмет ...
Читать далее »Шымкентте спорт саласының әлеуеті артып келеді
Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында Шымкент қаласында бұқаралық спортты дамыту, тұрғындарды спортпен тұрақты айналысуға тарту және кәсіби спорттың дамуына қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Бүгінде қалада спорттық инфрақұрылымды дамытуға ерекше мән берілуде. Бұл ретте жаңа спорт нысандарын салумен қатар, қолданыстағы кешендерді жаңғыртуға және шалғай елді мекендерді қажетті спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етуге басымдық беріліп отыр. Қаланың ...
Читать далее »Әндері ел жадында, үні сахнада
Шымкент қаласының өнердегі қара шаңырағы Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры 98-маусымын жаңа қойылыммен ашты. Жаңа маусымның шымылдығы елге танымал әнші әрі композитор Ержан Серікбаевтың шығармашылығына арналған «О, қала» қойылымымен түрілді. Бұл қойылымның көрермен үшін орны бөлек. Өйткені Ержан Серікбаевтың әндері оңтүстік өңірінің ғана емес, күллі қазақтың жүрегінен орын алған. Арада жылдар өтсе де, оның әуезді әндері сахнадан түспей, ...
Читать далее »Сыр өңірінде «Шымкент сазы» шарықтады
Қызылорда қаласының «Өнер орталығында» «Шымкент концерт» концерттік ұйымы өнерпаздарының қатысуымен «Шымкент сазы» атты концерттік бағдарламасы өтті. Кеш барысында Қазақ ұлт-аспаптар оркестрінің орындауында Шәмші Қалдаяқов әндеріне жазылған увертюра, Сүгірдің «Ыңғайтөк», Серік Әбдінуровтың «Ордабасы» және Төлеген Момбековтің «Салтанат» күйлері асқақтай шырқалды. Сонымен қатар, дәстүрлі өнер мен эстрада бағытында «Дәстүрлі әндер шеруі», Сүгірдің термесі, Агустин Лараның «Гранада» туындысы, сондай-ақ заманауи және халықтық әндер ...
Читать далее »Спортшылар — жас буын үшін үлгі-өнеге
Шымкент қаласының Дін істері мен Дене шынықтыру және спорт басқармалары бірлесіп «Спорт және зайырлы қоғам: қауіпсіздік пен жауапкершілік» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуін ұйымдастырды. Жастар ресурстық орталығында өткен жиынға спорт саласының мамандары, жаттықтырушылар мен спортшылар қатысты. Жиында алдымен кезінде лауазымды қызмет атқарып, кейін теріс ағым жетегіне еріп, оның зардабын тартқан Нұрмахан Орынбасаров туралы видеоролик ұсынылды. Онда діни көзқарастың өзгеруіне әсер ететін факторлар ...
Читать далее »Спорт мамандары теорияны жетік білуі керек
Бүгінде дене шынықтыру – тек оқу пәні немесе бос уақытты өткізудің құралы емес. Ол – ұлт денсаулығын нығайтатын, еңбек өнімділігін арттыратын, жастардың патриоттық рухын қалыптастыратын және елдің адами капиталын дамытатын стратегиялық ресурс. Мемлекет басшысы халықтың денсаулығын нығайту мен бұқаралық спортты дамытуды мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде айқындап келеді. Дені сау ұлт қана елдің экономикалық, ғылыми және мәдени дамуына зор ...
Читать далее »Спорт – жаңа мүмкіндіктерге бастар жол!
Шымкент қаласында «ReLife» жобасы аясында жастар арасында кіші футболдан турнир өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жастардың бойында еңбекқорлық, жауапкершілік, тәртіп пен белсенді өмір салтын қалыптастырудың маңызын атап келеді. Осы бағытта жастарды спортқа тарту, салауатты өмір салтын насихаттау және бос уақытын тиімді ұйымдастыруға жағдай жасау – маңызды міндеттердің бірі. Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде «Жалын» қоғамдық ...
Читать далее »Азия ойындары: алғашқы алтын жүлделер ел қоржынында
Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындары қыза түсті. Дүбірлі бәсекеде отандастарымыз алғашқы күні төрт алтынды қоржынға салды. Солардың қатарында WKF каратэден шымкенттік София Берульцева (+68 кг) топ жарып, тарихи жеңіске жетті. Тәжірибелі спортшы финалда Таиланд өкілін жеңіп, Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы атанды. Ханчжоу Азия ойындарының чемпионы ширек финалда Сауд Арабия спортшысы Дина Ахмед Мостафаны, ...
Читать далее »Бренд кофе желісінің бастауы – Шымкентте
Жерлесіміз Аят Азимов LCC International University-нің Business Administration мамандығында білім алды. Оқуды бітірер жылы топтық курстық жұмысын Starbucks турасына арнады. Оқыған-тоқығанын жүзеге асыруға кіріскенде оған серіктес болып достары Мақсат Аманмұрадов пен Данияр Мамирханов келді. Осылайша қарызға алынған ақшаға Шымкенттегі Mega Planet сауда орталығынан кофехана ашты. Шымкенттің кафе-асханаларында осыдан он жыл бұрын тез еритін пакетиктегі кофелерді самсамен қосқанда 200 теңгеге сатып ...
Читать далее »Шымкентте Қазақстан-Мажарстан бизнес-форумы өтті
Шымкент қаласында Қазақстан-Венгрия бизнес-форумы өтіп, оған екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және бизнес өкілдері қатысты. Іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов, Венгрияның Алматы қаласындағы Бас консулы Саболч Сёке Карой, Венгрияның Бас консулдығының өкілдері, қала әкімдігінің, даму институттарының, Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасының өкілдері, сондай-ақ, қазақстандық және венгриялық компаниялардың басшылары қатысты. Форумға қатысушыларға Шымкент қаласының инвестициялық және өнеркәсіптік әлеуеті, ...
Читать далее »Сәнге айналған сабын гүлдер
Шымкент қаласының тумасы Зарина Әуелбек сабыннан көздің жауын алатын гүлдер жасайды. Қызығушылықтан басталған бұл өнер бүгінде оның сүйікті ісіне айналып, біртіндеп кәсібінің негізін қалап келеді. – Бала күнімнен шығармашылыққа жақын болып өстім. Бұл қасиет бойыма анамнан дарыса керек. Ол – тігінші. Өзі ізденіп, тәжірибе жинақтап, ұнаған киім үлгілерін тігіп машықтанған жан, – дейді кейіпкеріміз. Сабыннан гүл жасауға болатынын Зарина алғаш ...
Читать далее »Ұлттық рух өнердің өзегі болғанда, қанатын кеңге жаяды
Қазақтың ұлттық би өнерін дәріптеп, оны елімізде ғана емес, халықаралық сахналарда да танытып жүрген Шымкенттің өнер ұжымдарының бірі – «Қазына» халық би ансамблі. Бүгінде ансамбльдің шығармашылық қоржынында қазақтың фольклорлық және заманауи бағыттағы билерімен қатар, ТМД елдері мен әлем халықтарының ұлттық билері де бар. Ұжым әртістері ұлттық өнердің дәстүрін сақтай отырып, жаңа ізденістерге де жол ашып келеді. Ансамбльдің шығармашылық тынысы, бишілердің ...
Читать далее »
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары