Мешіт сала бергенше, мектеп, аурухана құрылысын қолға алу керек. Ұлттық құрылтайда елді елең еткізген жаңалықтың бірі осы болды. Президент көбіне қалталы азаматтардың сауап жинаймыз деп жаппай Алланың үйін салуға құмбыл боп кеткенін айтты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап. Ал түптеп келгенде келешектің игілігіне қызмет ететін инфрақұрылымдар бізге қазір ауадай қажет. Сауабы да көл-көсір. Мемлекет басшысы еліктеушілік пен ...
Читать далее »Дін
Түркістанда Президент aуызашары өтті
Бүгін Түркістанда қасиетті Рамазан құрметіне ел Президентінің ауызашары өтті. Игі шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, облыс тұрғындары, ақсақалдар алқасы, еңбек ардагерлері мен имамдар қатысты. Өңір басшысы жиналған қауымды Қасиетті Рамазан айымен құттықтап, ізгі ниетін жеткізді. – Биыл Рамазан айы Наурыз мерекесіне тура келіп отыр. Наурыз мейрамы жаңа серпінде атап өтілуде. Кеше еліміз бойынша «Көрісу күні – Амал мерекесі» атап ...
Читать далее »Береке бастауы – бейбітшілік
Халық он екі айдың сұлтаны Рамазанды – Алланың мейірімі төгіліп, жұмақтың есігі айқара ашылатын, сауап еселеніп жазылатын шарапаты мен шапағаты мол ай деп біледі. Осыған байланысты бүгін Шымкент қаласындағы «Elegant» тойханасында ҚР Президенті атынан ауызашар берілді. Оған қаланың ардагерлер, зиялы қауымынан бөлек, еңбек адамдары, көпбалалы аналар, ҮЕҰ өкілдері, ҚХА өкілдері, мүмкіндігі шектеулі жандар және белсенді жастар қатысты. Құран оқылып, асқа ...
Читать далее »Халқымыз үшін қасиетті оразаның мән-маңызы айрықша — Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлады Ақорда. Президент халқымыз үшін Қасиетті оразаның мән-маңызы айрықша екенін айтып өтті. Қымбатты отандастар! Сіздерді Рамазан айының басталуымен құттықт-аймын! Халқымыз үшін Қасиетті оразаның мән-маңызы айрықша. Бұл – қоғамда имандылық, адалдық, жанашырлық, мейірімділік сияқты мызғымас құндылықтарға барынша мән берілетін кезең. Бүкіл мұсылман қауымының ынтымағы артып, бір-біріне бауырмалдығы айқын көрінетін мезгіл. ...
Читать далее »Түркістан облысының діни мекемелеріне құран кітаптары тапсырылды
Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы орталық мешітінде рухани маңызы бар іс-шара өтті. Оған Кувейт мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Омар Ахмет Әль-Қандари, Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов, Қазақстандағы халықаралық ислам қайырымдылық ұйымының директоры А.Мохамед Али, ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша бас имамы Е.Төлепов, Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Р.Сабыржанұлы, Қазақстандағы халықаралық ислам қайырымдылық ұйымының қызметкерлері, ...
Читать далее »Арыста сәні мен сәулеті жарасқан зәулім мешіт ашылды
Арыс қаласында жалпы халықтың қаржылай қолдауымен және сауапты іске жұмыла қалатын жомарт жандардың демеушілігімен сәні мен сәулеті жарасқан зәулім мешіт ашылды. Бір мезетте 2000 адам құлшылық жасай алатын ғибадатхананың ашылу салтанатына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова, мешіт салуға атсалысқан кәсіпкерлер мен тұрғындар және қадірлі қонақтар қатысты. Салтанатты жиын ҚМДБ-ның төрағасы, ...
Читать далее »Түркістанда діни конфессия басшылары кездесті
Бүгін Түркістанда 18 қазан – Рухани келісім күніне орай, өңірдегі діни конфессия басшыларының қатысуымен арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Жиынды Түркістан облысының дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы жүргізіп отырды. Кездесуде ел бірлігін күшейту, дінаралық қарым-қатынастарды нығайту және рухани әлемдегі мәселелер талқыланды. Рухани жүздесуде Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы бойынша бас имамы Ержан Төлепов, ...
Читать далее »Заңсыз діни сабақ өткізген (видео)
Түркістан облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Түркістан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері бірлесіп, жедел іс-шаралар өткізу барысында, кәмелетке толмағандарға заңсыз діни сабақ берген ер адамды анықтады. Яғни, Түркістан қаласының тұрғыны үйінде 5 жастан 17 жасқа дейінгі 68 балаға сабақ беріп, діни уағыздарды заңсыз өткізген, ал оқу ақысы 100 мың теңгені құраған. Күдіктінің мекенжайы бойынша тексеру жүргізу кезінде ...
Читать далее »Тоқаев Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады, — деп хабарлайды Xnews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қадірлі отандастар! Сіздерді Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – Исламның тағылымы мол діни дәстүрі. Құрбан айт адамдарды мейірімді, адал, жанашыр болуға, адамзаттың бәріне құрметпен қарауға үндейді. Осы құндылықтар ұлттың рухани өрлеуіне, қоғамда жауапкершілік пен әділдік қағидаттарын орнықтыруға ықпал етеді. Айт күндері мұсылман қауым ...
Читать далее »Папа Римский посетит Казахстан
По приглашению Президента Касым-Жомарта Токаева папа Римский Франциск посетит Казахстан с государственным визитом 13-15 сентября 2022 года. Об этом сообщила пресс-служба главы государства. «В рамках визита запланированы встречи с высшим руководством страны, а также участие в VII Съезде лидеров мировых и традиционных религий», – говорится в сообщении. Напомним, в ноябре прошлого года председатель Сената Парламента Казахстана Маулен Ашимбаев встретился с ...
Читать далее »Рим Папасы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен күздің алғашқы айында Рим Папасы Франциск Қазақстанға мемлекеттік сапармен 13-15 қыркүйекте келеді. Сапар аясында еліміздің жоғары басшылығымен кездеседі, сондай-ақ әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысады деп жоспарланған. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейнебайланыс режимде Рим Папасы Францискпен келіссөз жүргізген. Кездесу барысында Қазақстан мен Ватикан арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың перспективалары, сондай-ақ ...
Читать далее »Қаза тапқандардың рухына құран бағышталды
Ордабасы ауданындағы барлық мешіттерде елдегі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде мемлекет мүдесін қорғауда әскери, қызметтік борышын атқару кезінде қайтыс болған азаматтарға құран бағышталды.
Читать далее »Балуан қалай Қажымұқан атанды?
“Күш атасы, қазақтың тұңғыш кәсіпқой балуаны Қажымұқан 12-13 жасында 20 жастағы жігіттей алып тұлғалы болған балуан – шынымен де қажылығын өтеген қазақтың бірі. Әлем чемпионы атанған спортшы дінге жақын, иманды жан болған. Қажымұқанның бірінші әйелі – орыс қызы Надежда Чепковская. Мұқан өзге қазақ зиялылары тәрізді некесін мұсылманша қидырып, әйелі Надеждаға Ислам дінін қабылдатады. Есімін өзгертіп, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүйікті қызы Фатиманың ...
Читать далее »Қажымұқан қажылыққа барған ба?
Қажымұқан – қазақтың күш атасы. Қажымұқан – заманының алыбы. Қажымұқан – халқымыздың тұңғыш кәсіпқой палуаны. Жауырыны жер иіскемеген батыр бабамыз туралы аңыз көп. Бірақ сол аңыздардың арасынан бізді ең қатты қызықтырғаны – оның қажылық сапары еді. Палуан Мұқан қалай «Қажымұқан» атанып кетті? Расымен қажылыққа барған ба? Мекке-Мәдинаны көзімен көрген бе? Намаз оқыған ба? Кезекті мақаламызда осы сұрақтарға жауап іздеп көрген ...
Читать далее »Биыл елімізде қасиетті Рамазан айы 24 сәуірден басталады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қазақстандықтарды қасиетті Рамазан айында үйде болуға шақырды, деп хабарлайды Xnews. Мешіттерде, асханаларда және басқа да қоғамдық орындарда ауызашар беруді (ифтар) беруді тоқтата тұруға шақырамыз. Карантин кезінде қоғамдық орындарда, кафелерде және мейрамханаларда жиналуға болмайды, ауызашарды үйде отбасыңызбен бірге өткізуді ұсынамыз. Біз денсаулығымызды сақтауымыз керек. Мешітте жамағатпен Тарауық намазы оқылмайды. Оны үйде — ...
Читать далее »Қазақстанның Бас мүфтиі ауысты (видео)
Наурызбай Қажы Тағанұлы еліміздің бас мүфтиі болып сайланды, деп хабарлайды Xnews порталы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтына сілтеме жасап. Бүгін, 7 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезектен тыс ІХ Құрылтайында Серікбай қажы Ораз ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти қызметіне Наурызбай қажы Тағанұлының кандидатурасын ұсынды. Құрылтайға жиналған 300 делегат Серікбай қажы Ораздың ұсынған кандидатурасына бірауыздан дауыс беріп, қолдау көрсетіп, Наурызбай қажы Тағанұлын ...
Читать далее »Биыл Рамазан айы қашан басталады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2020 жылғы діни күндер кестесін бекітті деп абарлайды, Pyx.kz тілшісі ҚМДБ ресми сайтына сілтеме жасап. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жариялаған кестеге сәйкес, биыл Рамазан айы 25 сәуірде басталады. Ораза айт мерекесі 24 мамырға, ал Құрбан айт 31 шілде мен 2 тамыз аралығына түсіп отыр. Діни басқарманың мәліметінше, Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалған. ...
Читать далее »
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары