Қоғам — Страница 35 — Xnews — ақпарат агенттігі

Қоғам

Болашақты көздейтін жоспарлы бағыт

Жаңа Конституция мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуына бағытталған маңызды құқықтық құжат ретінде қоғам мен мемлекет өмірінің негізгі қағидаттарын айқындайды. Жаңартылған Негізгі заңда елдің болашақ дамуына негіз болатын стратегиялық бағыттар қамтылып, мемлекеттік институттардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылған. Конституциялық нормалар мемлекеттің тұрақты әрі жүйелі дамуына құқықтық негіз қалыптастырады. Бұл құжатта қазіргі заманның түрлі сын-қатерлері мен жаһандық өзгерістер ескеріле отырып, қоғамның қауіпсіздігі ...

Читать далее »

Адам құқықтарын қорғау және ұлттық құндылықтарды сақтау – жаңартылған Конституцияның басты бағыты

Жаңартылған Конституцияда адам құқықтарын қорғау және ұлттық құндылықтарды сақтау мәселесіне ерекше мән берілген. Негізгі заңда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мемлекет қызметінің басты қағидаттарының бірі ретінде айқындалған. Бұл – қоғамдағы әділеттілік пен заң үстемдігін нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Конституция адамның қадір-қасиетін, құқықтары мен бостандықтарын қорғауды мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі ретінде белгілейді. Осы арқылы әрбір азаматтың заң алдында теңдігі, құқықтарының ...

Читать далее »

Халықаралық құқық нормаларын сақтау – мемлекет саясатының маңызды бағыты

Жаңа Конституцияда мемлекеттің халықаралық құқықтық кеңістіктегі жауапкершілігі мен міндеттемелерін сақтау мәселесіне айрықша мән берілген. Негізгі заңда Қазақстанның халықаралық міндеттемелерінің маңыздылығы мойындалып, оларды бұлжытпай орындау қағидаты нақты бекітілген. Бұл – елдің халықаралық құқық нормаларын құрметтейтін, әлемдік қауымдастық алдындағы жауапкершілігін сезінетін мемлекет екенін айқындайтын маңызды ұстаным. Конституциялық деңгейде бекітілген бұл қағидат Қазақстанның сыртқы саясатындағы тұрақтылық пен болжамдылықты қамтамасыз етуге қызмет етеді. Халықаралық ...

Читать далее »

Жаңа өзгерістер өмір сапасын жақсартуды көздейді

Шымкент қаласындағы «Тассай» индустриялық аймағында орналасқан «Mega SMART» ЖШС – жиһаз өндірісіне маманданған кәсіпорындардың бірі. Компания басшылығының айтуынша, Жаңа Конституция жобасы азаматтардың құқықтарын қорғауға, сондай-ақ еңбеккерлерге әділ әрі қолайлы еңбек жағдайын қалыптастыруға бағытталған маңызды құжат болып табылады. Қазіргі таңда кәсіпорында 150-ге жуық адам еңбек етеді. «Mega SMART» ЖШС МДФ жылтыр плиталарын өндірумен және кеңсе жиһаздарын шығарумен айналысады. Елімізде баламасы жоқ ...

Читать далее »

Әлеуметтік тұрақтылықты нығайту – әрбір азаматтың жауапкершілігі

Шымкент қаласындағы В.Терешкова атындағы №31 жалпы орта мектебінің акт залында тұрғындармен кездесу өтті. Іс-шара барысында Жаңа Конституцияның негізгі ережелері жан-жақты түсіндірілді. Кездесуге қатысқан арнай сарапшылар жаңа Конституцияның негізгі қағидаттары мен бөлімдері туралы баяндап, әлеуметтік мемлекет тұжырымдамасының маңызына тоқталды. Атап айтқанда, бұл қағидат азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғауды, халықтың осал топтарын қолдауды және қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуді көздейді. Сонымен қатар мемлекет ...

Читать далее »

Шымкент: Қаратау ауданы тұрғындарымен ашық диалог өтті

Шымкент қаласының Қаратау ауданында орналасқан №80 IT мектеп-лицейінде сарапшылар мен аудан тұрғындарының қатысуымен ашық диалог алаңы ұйымдастырылды. Кездесудің негізгі мақсаты – Жаңа Конституция аясындағы конституциялық шешімдер мен құқықтық реформаларды жан-жақты талқылау. Іс-шара барысында қатысушылар ел өміріндегі маңызды саяси оқиғалардың бірі – алдағы республикалық референдумның тарихи маңызына тоқталды. Сарапшылардың айтуынша, жаңартылған Конституцияда адал еңбек етіп жүрген әрбір азаматтың әлеуметтік қорғалу құқығы ...

Читать далее »

Жаңа Конституция: цифрлық дәуірдегі құқықтарды қорғау және Қазақстанның болашағына негіз

«Белсенді ұзақ өмір» орталығында Жаңа Конституцияның негізгі ережелерін түсіндіруге арналған кездесу өтті. Іс-шара барысында «Ізгілік елшілері» волонтерлік қозғалысының жетекшісі, қоғам белсендісі Жасмин Әшімова баяндама жасап, конституциялық өзгерістердің маңызы туралы кеңінен айтып өтті. Кездесу барысында қатысушылар Жаңа Конституцияда қарастырылған негізгі жаңашылдықтарды, олардың саяси жүйеге, ғылым мен білімнің дамуына, сондай-ақ цифрлық ортаның қалыптасуына ықпалын талқылады. Жасмин Әшімова жаңа құжат азаматтардың шешім қабылдау ...

Читать далее »

Кәсіпкерлік пен еңбек құқығы – Жаңа Конституцияның маңызды тірегі

Қазақстанда азаматтардың құқықтарын қорғау және кәсіпкерлікке қолайлы орта қалыптастыру – жүргізіліп жатқан саяси реформалардың негізгі бағыттарының бірі. Бұл қағидаттар Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясында айқын көрініс тапқан. Ата заңдағы өзгерістер мемлекет пен қоғамның дамуына жаңа серпін беріп, еңбек адамының құқықтарын қорғау мен кәсіпкерлік бастамаларды қолдауды басты міндеттердің бірі ретінде бекітті. Жаңартылған Конституцияда еңбек құқықтарын қорғау, кәсіпкерлікті қолдау, әділ бәсекелестік пен заң ...

Читать далее »

«Ұлт болашағы – еңбек»: Шымкенттегі «Отырар» колледжінде жастар акциясы өтті

Шымкент қаласындағы «Отырар» колледжінде студенттерге арналған «Ұлт болашағы – еңбек» атты тақырыптық кездесу квиз форматында ұйымдастырылды. Іс-шара барысында «Жас қайрат» және «Еңбек жастары» командалары өзара сайысқа түсіп, Қазақстан тарихы, логикалық ойлау және заманауи технологиялық үрдістер бойынша білімдерін сынады. Сайыс бағдарламасы бірнеше кезеңнен тұрды. Қатысушылар Қазақстан тарихына қатысты сұрақтарға жауап беріп, жылдамдыққа арналған логикалық тапсырмаларды орындады. Сонымен қатар, цифрлық сауаттылық мәселесіне ...

Читать далее »

Туркестан: Советник Президента Малик Отарбаев встретился с жителями Ордабасинского района

▪️Советник Президента Республики Казахстан Малик Отарбаев посетил Туркестанскую область с рабочим визитом и встретился с жителями Ордабасинского района. В ходе визита он сначала ознакомился с работой Ордабасинской районной школы «Өнер» в селе Темирлан. Во встрече приняли участие представители интеллигенции, общественные активисты, молодежь и работники сферы культуры района. ▪️Открывая совещание, заместитель акима области Ертай Алтаев отметил важность политических реформ, инициированных Главой ...

Читать далее »

Түркістан: Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев Ордабасы ауданының тұрғындармен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, Ордабасы ауданындағы тұрғындармен кездесті. Сапар барысында ол ең алдымен Темірлан ауылындағы Ордабасы аудандық «Өнер» мектебінің жұмысымен танысты. Маңызды басқосуға ауданның зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері, жастар мен мәдениет саласының қызметкерлері қатысты. Жиынды облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев ашып, елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен жүзеге асып жатқан саяси реформалардың ...

Читать далее »

Тоқаев Жаңа Конституция және мемлекеттік органдардың маңыздылығы туралы айтты

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында айтты. «Біз бір ел болып жаңа кезеңге қадам бастық. Мемлекеттік мекемелер жекелеген басшылардың қалауына қарай емес, Конституцияға және тиісті заңға сәйкес жұмыс істейді. Саяси жаңғырудың мән-маңызы да – осында. Мемлекеттік биліктің табиғи, яғни эволюциялық жолмен дамуы мызғымас сипатқа ие болды. Бұл маңызды жұмысты тоқтату, тіпті, өткенді кері ...

Читать далее »

Президент: Қазіргі Конституциялық реформа қоғам сұранысына сай келеді

Мемлекет басшысы Астана қаласында өткен мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында осылай деді. «Жаңа Конституцияның мазмұны шын мәнінде халықтық сипатқа ие. Бұл маңызды құжат жұртымызға, әсіресе, өскелең ұрпақ пен жастардың игілігіне қызмет етеді. Жаңа Конституция – жастарға өмірде бағыт-бағдар сілтейтін темірқазық іспеттес. Өйткені өзгерістерге толы жаңа дәуірде елдің де, жердің иесі, қорғаны – жастар. Сондықтан бұл құжатты Қазақстанның алдағы онжылдықтардағы орнықты ...

Читать далее »

Қасым-Жомарт Тоқаев: Барлық деңгейдегі билік өкілдері халықпен ашық сұхбат орната білуі керек

Әкімдіктегі бюджеттік комиссияның құрамына білімді, беделді мәслихат депутаттарын қосқан жөн. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында осылай мәлім етті. Президент осылайша, жұмыстың сапасын арттырып, қаражаттың тиімді жұмсалуын қадағалауға болатынын, қыруар қаржыны оңды-солды шашып, пайдасы жоқ бастамаларға жұмсауды доғару қажеттігін ескертті. «Әкімдер республикалық бюджеттен берілетін түрлі дотацияға сеніп отыра бермеуі керек. Масылдық ұғымынан біржола арылу қажет. ...

Читать далее »

Жаңа Конституция: Халық — биліктің қайнар көзі

Жаңа Конституция жобасында халықтың мемлекет өміріндегі айрықша орны нақты айқындалып, егемендіктің бірден-бір иесі халық екені көрсетіледі. Бұл қағидат мемлекеттің демократиялық негіздерін нығайтып, биліктің бастауы халықтың еркімен тығыз байланысты екенін білдіреді. Құжатта мемлекеттік биліктің халықтың еркінен туындайтыны атап көрсетіліп, азаматтардың ел басқару ісіне қатысуының маңызы ерекше белгіленеді. Бұл өз кезегінде демократиялық құндылықтарды нығайтуға, қоғам мен мемлекет арасындағы өзара сенімді арттыруға бағытталған ...

Читать далее »

Жаңа Конституция: Егемендік пен аумақтық тұтастық

Жаңа Конституция жобасында мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын сақтау конституциялық құрылыстың негізгі қағидаттарының бірі ретінде айқындалған. Құжатта Қазақстанның унитарлық мемлекет ретіндегі сипаты нақты көрсетіліп, елдің біртұтастығын қамтамасыз ету құқықтық тұрғыдан бекітіледі. Бұл норма мемлекет тәуелсіздігін нығайтуға және елдің саяси тұрақтылығын сақтауға бағытталған маңызды қағидаттардың бірі болып табылады. Конституцияда егемендік мемлекеттің басты құндылықтарының бірі ретінде қарастырылып, оның қорғалуы құқықтық негізде қамтамасыз ...

Читать далее »

Жаңа Конституция: Әділеттілік және заң үстемдігі

Жаңа Конституция жобасында әділеттілік пен заң үстемдігін қамтамасыз ету мемлекет дамуының негізгі қағидаттарының бірі ретінде айқындалған. Құжатта «Заң және тәртіп» қағидаты қоғамдағы тұрақтылық пен құқықтық мәдениетті нығайтудың басты бағыты ретінде белгіленеді. Бұл ұстаным құқықтық мемлекетті қалыптастыруға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын тиімді қорғауға бағытталған. Конституцияда мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен қоғам алдындағы есептілігіне ерекше мән берілген. Мемлекеттік басқару жүйесінде жариялылық ...

Читать далее »

Жаңа Конституция: Адам – ең жоғары құндылық

Жаңа Конституция жобасында адам және оның құқықтары мен бостандықтары мемлекеттік саясаттың ең басты құндылығы ретінде айқындалған. Бұл қағидат құжаттың негізгі мазмұнын айқындап, азаматтардың құқықтық қорғалуын күшейтуге бағытталған маңызды нормалардың бірі болып табылады. Құжатта азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері бір бөлімге топтастырылып, жүйелі түрде көрсетілген. Бұл өз кезегінде әрбір азаматтың құқықтық мәртебесін нақтылап, мемлекет пен қоғам алдындағы жауапкершілігін айқындауға мүмкіндік береді. ...

Читать далее »

Жаңа Конституция: Бірлік пен қоғамдық келісім

Жаңа Конституция жобасында қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз ететін негізгі құндылықтардың бірі ретінде бірлік пен қоғамдық келісім мәселесіне ерекше мән берілген. Құжатта ұлтаралық және конфессияаралық татулықтың маңызы айқын көрсетіліп, қоғамдағы түрлі әлеуметтік және этникалық топтардың өзара түсіністігі мен ынтымақтастығын нығайту мемлекет саясатының маңызды бағыттарының бірі екені атап өтіледі. Мемлекет әртүрлі ұлт пен дін өкілдерінің бейбіт өмір сүруіне, өзара сыйластық пен құрметке негізделген ...

Читать далее »

Шымкентте жұмыссыз азаматтарды кәсіптік оқуға жолдау басталды

Шымкент қаласында биыл 450 жұмыссыз азамат білім беру ұйымдарында кәсіптік оқудан, ал 160 азамат жұмыс берушілердің жұмыс орнында оқудан өтеді. Кәсіптік оқуға қатысу үшін тұрғындар алдымен жұмыссыз ретінде тіркелуі тиіс. Сондай-ақ, жеке куәлік, шәкіртақы алуға жеке есепшот нөмірі, 075 нысандағы медициналық анықтама және білімі туралы құжат (бар болса) қажет. Білім беру ұйымдарында кәсіптік оқуға жолданған азаматтарға 43 574 теңге шәкіртақы ...

Читать далее »