Мәдениет

Райымбек Сейтметов театрында «Жалғыз желкен» қойылымының премьерасы өтті

Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театрында жаңа қойылымның премьерасы өтті. Драматург Әлдихан Қалдыбаевтың «Жалғыз желкен» пьесасы негізінде сахналанған спектакльді облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, режиссер Қуандық Қасымов, Бекболат Құрманқожаев, Бекжігіт Сердәлі, Бақыт Сраилов, Индира Икапова, Пернекүл Нәлтаева, Ардақ Бейсенова сынды зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары тамашалады. Қойылым алдында мекеме басшысы Арман Алиев БАҚ өкілдеріне театрдың тыныс-тіршілігін таныстырды. ...

Читать далее »

Түркістандық «Jana lep!» өнер ұжымы Алматы қаласында алғаш рет спектакль сахналады

Алматы қаласындағы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Конгресс Холл» кешенінің «Jana Lep» өнер ұжымы «Көктемдегі кездесу» музыкалық-поэтикалық спектаклін алғаш рет сахналады. Қойылымды Дариға Тұранқұлова, Ғалым Доскен, Тұрсынжан Шапай, Гүлнар Салықбай, Еркін Жуасбек, Бақыт Беделхан, Қайрат Жолдыбайұлы, Ерлан Біләл, Жалғас Толғанбай, Мейрамбек Беспаев, Айгүл Қосанова, Жанболат пен Жазира және тағы басқа зиялы қауым өкілдері, облыстық мәдениет ...

Читать далее »

Шымкент тұрғыны 200-ден астам қуыршақ жинады (видео)

Шымкент тұрғыны Паулина Бренер әр ұлттың киімін киген қуыршақ жинаумен айналысады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі «24.kz» телеарнасына сілтеме жасап. Қоллекциясында 200-ден астам ойыншық бар. 20 жылдан бері ерекше кәсіпті ермегіне айналдырған зейнеткермен аймақтағы әріптесім тілдесіп қайтты. Паулина Бренердің қуыршақ жинауға деген қызығушылығы Нидерландыға сапарынан басталды. Сол кезде сатып алынған қос қуыршақтың қатары толығып, тұтас коллекцияға айналды. Пәтерінде әлем халықтарының дәстүрі мен мәдениетін ...

Читать далее »

Түркі жұртына танымал Түркістан шаһары

Негізі, ой жіберіп қарасақ, түркі әлемінің туристік астанасы болудың міндет-жүгі ауыр да күрделі. «Келгенше қонақ ұялады, келген соң үй иесі ұялады» – деген халық нақылына сүйенер болсақ, киелі шаһардың жер жарған даңқына қызығып алыстан ат арылтып келген меймандарды, дамыған шет елдерден келген қандай табыстарға қол жеткізілді? Осындай сауалдарға жауап алу мақсатында Түркістан қалалық әкімшілігі мен туризм және меймандостық университеті бірлесе ...

Читать далее »

Өркениеттер тоғысында қайта жаңғырған шаһар

Түркістанда «2024-жыл Түркістан – түркі елдерінің туризм астанасы» атануына орай Туризм және меймандостық университеті мен Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен, БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Түркістан — көне мен келешек көпірі» пресс-туры өтті. Аталған шараға келген журналистер көне шаһардың жаңа құрылыс нысандарымен танысып, Туризм университетінің тыныс-тіршілігін көріп қайтты. Қала қонақтары алдымен Отырар мөлтек ауданындағы 5 қабатты 20 үйдің және мәдениет сарайының құрылысымен танысты. ...

Читать далее »

Бейжіңде Түркістан облысы Nauryzfest өткізді

Бүгін Бейжің қаласында Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы аясында Түркістан облысының әкімдігі «NAURYZFEST» мерекелік іс-шарасын ұйымдастырды. ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев қатысып, сәттілік тіледі. Концерт алаңына жиналған қауымға ұлттық тағамдар ұсынылып, өңірдің туристік әлеуеті қамтылған үнпарақтар таратылды. Облыстың шығармашылық ұжымдары қазақ халқының таңдаулы ән-күйі мен биін көрермендерге паш етіп, қошеметке бөленді. Атап айтқанда, «Сүгір» атындағы қазақ-ұлт аспаптар оркестрі, «Яссы» ...

Читать далее »

Кең жайлауда аталып өткен әз-наурызды 10 мыңнан аса адам тамашалады

Әз-Наурыз түркі халықтарына ортақ төл мереке саналатын қасиетті мейрам. Жыл жаңарып, адамдардың көңілі көтеріліп, бір-бірімен етене араласатын кез – наурыз айы. Сол үшін де қазақ халқының танымында бұл айдың маңызы зор, мәні ерекше. Наурыз мерекесінде халық наурыз көже пісіріп, қонақ күту дәстүрін жаңартады. Ұлттық ойындары көрініс табатын мереке – осы Наурыз мейрамы. Осы орайда Келес ауданында Ұлыстың ұлы күні кең ...

Читать далее »

Показ казахской национальной одежды прошел в Шымкенте (видео)

Показ одежды, созданной по старинным канонам, прошёл в Шымкенте. Дизайнеры представили наряды, которые столетия назад мужчины, женщины и дети носили в повседневной жизни. Кто-то воссоздал их по сохранившимся эскизам, другие заглянули в сундуки и отреставрировали одежду своих предков. Получилось очень эффектно, наряды поражали своей изысканностью и красотой. Организаторы показа говорят, что современные эскизы национальной одежды пользуются большой популярностью. Показать уникальные ...

Читать далее »

Жергілікті дизайнерлер ұлттық киім үлгілерін көрсетті

Бүгін Шымкентте Наурыз мерекесіне арналған онкүндік аясында Ұлттық киім күні аталып өтуде. Ұлттық құндылықтарымызды насихаттап жүрген дизайнерлердің еңбегін халыққа кеңінен таныту мақсатында «Көрме» орталығында 3 номинация бойынша дефиле көрсетілді. Онда дизайнерлердің балалар мен жасөспірімдер топтамалары, күнделікті және жұмысқа арналған киім үлгілері көпшілік назарына ұсынылды. Бүгінгі көрсетілімге 10-нан аса дизайнер қатысты, Н. Сүйірқұлова «Jansulu prinses» брендімен, Г. Бакирова «Алиша» коллекциясымен, Ә.Қастеев ...

Читать далее »

Ордабасыда ұлттық киім күніне орай экскурсия өтті

Ордабасы ауданында Наурызнаманың бесінші күні — Ұлттық киім күніне орай тарихи, мәдени және киелі орындарға экскурсия жасалды. Осы орайда аудан тұрғындары ұлттық нақышта киім киіп, Ордабасы тауына барды. Экскурсия өңірдің рухани-мәдени құндылықтарымен таныстыру мақсатында өтті. Айта кетсек, елімізде биыл Наурыз мерекесін тойлаудың жаңа тұжырымдамасы қабылданған болатын. Наурыз мейрамының мән-мағынасы мен мазмұнын байыту үшін жыл сайын 14-23 наурыз аралығында Наурызнама онкүндігі ...

Читать далее »

Арыста ұлттық киімнің сән шеруі өтті

Наурызнаманың онкүндігінде еліміздің барлық өңірінде ұлттық киімдерді насихаттауға бағытталған түрлі іс-шаралар өтуде. Айтулы күнге орай, Арыста қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Ұлттық киімдер шеруі» өтті. Қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары, сондай-ақ №17 колледж студенттерінің бастамасымен үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек пен кимешекті аналар және шапан киген ерлер ұлттық киімдерді паш етті. Мерекелік шеруде белгілі ісмер Гүлмира Үсенбаеваның кішкентай бүлдіршіндерге арналған ұлттық нақыштағы сәндік ...

Читать далее »

Түркістанда «Ұлттық киім – ұлт айнасы» атты іс-шара өтті

Бүгін 18 наурыз – Ұлттық киім күні. Осыған орай «Ұлы Дала Елі» орталығында Түркістан қалалық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Ұлттық киім – ұлт айнасы» тақырыбында іс-шара өтті. Шараға ақ жаулықты әжелер мен қала тұрғындары қатысты. Қазақ мәдениетінде қайталанбас орны бар саланың бірі – ұлттық киімдер. Өзінің әсемдігімен, түстерінің үйлесімділігімен, мағыналы оюларымен ерекшеленетін қазақи стиль қашан да менмін деген сән кутьюрелері мен ...

Читать далее »

Түркістандық бишілер этно стильдегі ұлттық киім үлгілерінің топтамасын көрсетті

Бүгін 18 наурыз – Ұлттық киім күні. Осыған орай «Ұлы Дала Елі» орталығында Түркістан қалалық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Ұлттық киім – ұлт айнасы» тақырыбында іс-шара өтті. Шараға ақ жаулықты әжелер мен қала тұрғындары қатысты. Қазақ мәдениетінде қайталанбас орны бар саланың бірі – ұлттық киімдер. Өзінің әсемдігімен, түстерінің үйлесімділігімен, мағыналы оюларымен ерекшеленетін қазақи стиль қашан да менмін деген сән кутьюрелері мен ...

Читать далее »

Түркістан облысындағы әкімдер мен мемлекеттік қызметшілер жұмысқа ұлттық киіммен келді

Елімізде әз-Наурыз мейрамын 10 күн бойы атап өту жоспарланған. Наурызнама онкүндігі аясында әр күн ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге бағытталып, Түркістан облысында да түрлі тақырыпта іс-шаралар өтіп жатыр. 18 наурыз – Ұлттық киім күні. Қазақтың ұлттық киімдерін ұлықтауға арналған күні Түркістан облысындағы барлық мемлекеттік қызметшілер жұмысқа ұлттық киіммен келді. Облыс әкімінің аппараты және басқармалардың, аудан, қала әкімдіктерінің қызметкерлері мен коммуналдық мемлекеттік мекеме ...

Читать далее »

Түркістанда «Төрлет, наурыз, төріме!» республикалық командалық айтыс өтті

Бүгін Түркістан қаласында Ұлыстың ұлы күніне арналған «Төрлет, наурыз, төріме» республикалық командалық айтыс өтті. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, көрермен қауымды мерекемен құттықтады. – Қос мереке қарсаңында Түркістан төрінде бастау алған бүгінгі шараның өңір руханиятын дамытуға ықпалы зор деп есептеймін. Мемлекет басшысының бастамасымен биылғы жылы Наурыз мейрамы жаңа серпінде атап өтілуде. Кеше еліміз бойынша «Көрісу күні – Амал мерекесі» ...

Читать далее »

Түркістанда «Наурызнама» онкүндігі басталды

Түркістандағы этноауыл кешенінде Амал мерекесі аталып өтті. Жиынның шымылдығын қала әкімі аппаратының басшысы Талғат Қыдырбаев ашты. «Қазақ әрқашан Наурыз мерекесін ерекше атап өткен. Қыстан аман-есен шыққанына шүкірлік етіп, жақсылыққа үміт еткен. Осы орайда, ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын. Ұлыс оң, ақ мол болсын!» деді аппарат басшысы. Мазмұнды мереке қалалық Мәдениет үйі өнерпаздарының ...

Читать далее »

Түркістанда «Ата-баба дәстүрі – тәрбиенің бастауы» атты облыстық байқау өтті

Бүгін Түркістан қаласындағы «Farab» кітапханасында «Ата-баба дәстүрі – тәрбиенің бастауы» атты байқауы өтті. Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев арнайы қатысып, үміткерлерге сәттілік тіледі. – Түркістан – Түркі әлемінің бойтұмары, Қазақ халқының мақтанышы. Түркістан – қазақылықтың қаймағы сақталған өңір. Салт-дәстүр – әр ұлттың байлығы. Ал қазақ халқының ұлттық болмысы, рухани мұралары – біздің баға жетпес қазынамыз! Ал бүгінгі байқау ...

Читать далее »

Танымал әнші Ақжол Мейірбеков дүниеден өтті (видео)

«Дос-Мұқасан» тобының әншісі Ақжол Мейірбеков дүниеден өтті. Қаралы хабарды әнші Сәкен Майғазиев жеткізді. Ақжол Мейірбеков 1950 жылы 7 шілдеде қазіргі Түркістан облысындағы Арыс қаласында дүниеге келген. 1978-1985 жылдары «Дос-Мұқасан» ансамблінің құрамында әнші болды. 1985-1994 жылдары Алматы облыстық филармониясының «Арқас», «Сазген», «Адырна» ансамбльдерінде ән салды. 1994-1996 жылдары «Гүлдер» ансамблінің көркемдік жетекшісі әрі директоры болды. 2001 жылы «Ақжол» ән-театрын құрды. 2010 жылдан ...

Читать далее »

Түркістанда өткен Pеспубликалық театр фестивалінің жеңімпаздары анықталды

Бүгін Түркістанда Қазақстан мен Қырғызстанның өнеріне еңбегі сіңген қайраткер, Қазақстанның Халық әртісі, профессор, Түркістан қаласының сазды-драма театрының негізін қалаушы әрі тұңғыш көркемдік жетекшісі Райымбек Сейтметовтың 85 жылдығына орай алғаш рет ұйымдастырылған «RAIYMBEK FEST» І Республикалық театр фестивалі бүгін өз мәресіне жетті. Фестивальге арнайы келген қонақтар қатарында және қазылар алқасының құрамында Райымбек Сейтметовтың өмірдегі, өнердегі досы, театр және кино актері, КСРО ...

Читать далее »

Түркістанда «Қазақстан-түрік жастар көпірі» іс-шарасы өтті

Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде «Қазақстан-түрік жастар көпірі» іс-шарасының ашылуы салтанаты өтті. Бауырлас елдердің жастары бас қосқан жиынға Мәдениет және ақпарат министрлігі, Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігі, Түркия Республикасының, Шымкент қаласының, Түркістан облысының, Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының өкілдері, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Темірбекова, белгілі спикерлер және өңіріміздің белсенді жастары қатысты. Алдымен, мәртебелі меймандар ұйымдастырылған көрмені тамашалап, ...

Читать далее »