Мәдениет — Страница 2 — Xnews — ақпарат агенттігі

Мәдениет

Шымкент: «Шексіз мүмкіндіктер» жобасы қорытындыланды

Спортта бақ сынап, қолөнерде шеберлігін танытып жүрген жастар «Шексіз мүмкіндіктер» жобасының қорытынды шарасында бас қосты. Бірнеше айға созылған бастама 200-ден астам жасты қамтып, олардың қабілетін шыңдауға бағытталды. Сәуір айында басталған жоба ерекше жандардың шығармашылық әрі спорттық әлеуетін дамытуды көздеді. Бастама аясында қатысушылар өздерін түрлі бағытта сынап көріп, жаңа қырын ашты. Жобада үстел теннисі, шахмат және тоғызқұмалақтан спорттық турнирлер ұйымдастырылды. Құрмет ...

Читать далее »

Шымқаладағы күзгі жыр

Шымкентте қазақ әдебиетінің көркемдік қуатын дәріптеп, жергілікті қаламгерлердің шығармашылығын кеңінен танытуға арналған «Шымқаладағы күзгі жыр» атты әдеби-шығармашылық кеш өтті. Қалалық жазушылар одағы ұймдастырған жиынға зиялы қауым өкілдері жиналды. Түрлі тақырыпты қаузап жүрген қаламгерлер отты жырларын оқып, көрерменге рухари кеш сыйлады. Күз – көңілдің бояуы қанығып, ойдың тереңіне бойлайтын ерекше мезгіл. Ал сол шақтың сырын өлеңмен өрнектеп, туған қаланың тынысын жырға ...

Читать далее »

Шымкент өнерпаздары халықаралық фестивальдерде жүлделі орындарға ие болды

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынбасарұлы Орынтаев 2026 жылдың тоғыз айында атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Қалада мәдени мұраны сақтау, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, кітапхана және архив салаларын дамыту бағытындағы жұмыстармен қатар, шығармашылық ұжымдардың халықаралық байланыстары да нығайып келеді. 2026 жылдың қаңтар-шілде айларында басқармаға қарасты шығармашылық ұжымдар мен ...

Читать далее »

Шымкентте тоғыз айда 4,8 мыңнан астам мәдени іс-шара өткізілді

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынбасарұлы Орынтаев 2026 жылдың тоғыз айында атқарылған жұмыстардың қорытындысын баяндады. Бүгінде басқармаға қарасты 22 мәдениет мекемесі қала тұрғындары мен қонақтарына қызмет көрсетеді. Есепті кезеңде мәдени-бұқаралық және ресми бағытта 4 814 іс-шара ұйымдастырылып, оған 3 миллионнан астам адам қатысты. Оның ішінде екі республикалық және ...

Читать далее »

IV Халықаралық Түрксой студенттік театр фестивалі Түркістанда қорытындыланды

Түркістан қаласындағы «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында IV Халықаралық ТҮРКСОЙ студенттік театр фестивалінің жабылу салтанаты өтті. 5–7 қазан аралығында ұйымдастырылған халықаралық өнер додасына Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан елдерінің жоғары оқу орындарынан студенттер, жетекші оқытушылар мен профессорлар қатысты. Фестивальдің негізгі мақсаты – түркі елдерінің жас театр мамандары арасында шығармашылық байланысты нығайту, кәсіби тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау және ортақ мәдени ...

Читать далее »

Ұлттық өнер ұлықталған күн

Шымкентте халқымыздың музыкалық мұрасы дәріптелді. Қалада Республика күніне орай «Шымкент сазы» дәстүрлі өнер кеші өтті. Концертте «Қаратау» фольклорлық ансамблі мен «Қазына» би ансамблі өнер көрсетіп, ұлттық өнеріміздің мән-мағынасын айшықтай түсті. Сондай-ақ елімізге танымал дәстүрлі орындаушылар сахна төрінде өз шеберліктерін ортаға салды. Кеш барысында көрермендер Кетбұға, Сүгір, Қазанғап пен Құрманғазының өлшеусіз күйлерін, Асан Қайғы мен Нартайдың терең мағыналы термелерін тыңдады. Халық ...

Читать далее »

Түркістанда 200-ге жуық шебердің басын қосқан халықаралық қолөнер жәрмеңкесі өтті

Түркістан қаласында «Turkistan Brand Craft Fair – 2026» халықаралық қолөнершілер және экологиялық өнімдер жәрмеңкесі өтті. Қолөнершілер орталығында ұйымдастырылған шараға Қазақстанның барлық өңірлерінен және шетелден 200-ге жуық шебер қатысып, өз өнімдерін таныстырды. Халықаралық жәрмеңкеге Түркияның «KUYAM» қолөнершілер бірлестігінің төрайымы Зубейде Атан Бұлбұл, Үндістанның World Crafts Council ұйымының вице-президенті Сундип Кумар бастаған шетелдік өкілдер қатысты. Шара барысында шетелдік қонақтар қазақстандық шеберлердің жұмыстарымен ...

Читать далее »

Түркістанда «Отбасы – ұлттың тірегі» облыстық байқауы өтті

Түркістан қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Отбасы күніне орай «Отбасы – ұлттың тірегі» атты облыстық байқау өтті. Шараның ашылуында Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов және «Әділет» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының міндетін уақытша атқарушы Халима Жантөреева сөз сөйлеп, қатысушы отбасыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар отбасы құндылықтарының қоғамдағы маңызына тоқталды. Байқаудың негізгі мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ұлттық салт-дәстүрді насихаттау және ...

Читать далее »

Бала үні – әлем үні

Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасында Халықаралық Композиторлар одағының және Қазақстан Авторлар қоғамының мүшесі, композитор, әнші Айзада Бекенқызының шығармашылығына арналған «Өнер мен сөз үндестігі» атты тағылымды кеш өтті. Шара барысында қаламгер-сазгердің «Бала үні – әлем үні» атты жаңа кітабының тұсаукесері ұйымдастырылып, өмірі мен шығармашылығына арналған көркемделген кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Кештің шымылдығы қонақтарды қарсы алудан басталып, жүргізуші Құндызай Нұрланқызы шараның мақсаты ...

Читать далее »

«Құстар фестивалі» қойылымы сахналанды

Шымкент қалалық жастар театры үшінші маусымының шымылдығын «Құстар фестивалі» қойылымымен ашты. Жақсылық пен жамандықты қатар көрсеткен спектакль көрерменді адами қасиеттерге баулиды. Ақ пен қараның аражігін ажыратуға үндейді. Бұл туралы толығырақ әріптесім тарқатады. Құстар фестивалі. Қалың көрерменге осындай атаумен жол тартқан қойылымның мән-маңызы айрықша. Мұнда түрлі жаратылыс иелері дау-дамайға түсіп, әлеуметтік мәселені астарлы түрде жеткізеді. Қоғамдағы түйткілдерді қаузап, көркем тілмен бейнелейді. ...

Читать далее »

В Шымкенте прошел этнопознавательный фестиваль «Текемет Fest»

Традиционные ремесла — это бесценное духовное наследие казахского народа, отражающее его многовековой уклад жизни. Особое место в этом ряду занимает искусство валяния войлока и создания изделий из шерсти, передающееся из поколения в поколение. В целях популяризации и сохранения этого уникального культурного кода в Шымкенте состоялся этнопознавательный фестиваль «ТЕКЕМЕТ FEST». Масштабное мероприятие было организовано Центром обычаев и традиций при Управлении культуры, ...

Читать далее »

Шымкентте «Текемет Fest» этно-танымдық фестивалі өтті

Қазақтың дәстүрлі қолөнері – халқымыздың тұрмыс-тіршілігімен бірге жасасып келе жатқан рухани мұра. Әсіресе, жүннен бұйым жасап, киіз басу өнері – атадан балаға жалғасқан ұлттық шеберліктің бір көрінісі. Осы құндылықты кеңінен насихаттап, ұрпақ санасына сіңіру мақсатында Шымкентте «ТЕКЕМЕТ FEST» этно-танымдық фестивалі өтті. Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығы ұйымдастырған шараға еліміздің ...

Читать далее »

Шымкентте ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған инттеллектуалды сайыс өтті

Өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, ата-бабадан қалған асыл салт-дәстүрлерімізді жаңғырту және жастардың шығармашылық қабілетін қолдау мақсатында ұйымдастырылған шараға 7-9 сынып оқушылары, «Дәстүр мен таным» үйірмесінің мүшелері қатысты. Шараға Әдеп-ғұрып және салт-дәстүр орталығының маманы Ләззат Ретбекқызы қатысып, ұлттық салт-дәстүрлердің мәні мен маңызы, оларды жас ұрпақ тәрбиесінде дәріптеудің маңызы жөнінде сөз қозғады. Мерекелік кеш қазақтың әуезді «Үкілі қыз» әнімен басталып, қатысушыларға ...

Читать далее »

«Voice of Turan — 2026» қазақ әндері фестивалі басталды

Түркістанда «Voice of Turan — 2026» қазақ әндері фестивалі басталды. Халықаралық байқауға әлемнің 19 елінен танымал өнер жұлдыздары қатысып жатыр. Олар 3 күн бойы жұптық және жекелей сында қазақ әндерін шырқайды. Биылғы байқаудың ерекшелігі қандай? Фестивальдің ашылу салтанаты «Керуен сарай» туристік кешенінде ашық аспан аясында ұйымдастырылды. Шетелдік қатысушылар елге белгілі өнер шеберлерімен бірге танымал қазақ әндерін және заманауи хит әндерді ...

Читать далее »

В Туркестане торжественно открылся международный конкурс казахских песен «Voice of Turan-2026»

В комплексе «Караван-сарай» под открытым небом стартовал международный фестиваль казахских песен «Voice of Turan-2026». В церемонии открытия приняли участие заместитель акима Туркестанской области Ертай Алтаев, лауреат Государственной премии Республики Казахстан Толеген Мухамеджанов, известные звезды страны, гости и жители города. В первый день международного конкурса участники, прибывшие из Франции, Испании, Италии, Сан-Марино, Туниса, Венесуэлы, Индонезии, Ватикана, Беларуси, Болгарии, Тывы, Грузии, Армении, ...

Читать далее »

Түркістанда халықаралық «Voice of Turan – 2026» қазақ әндері байқауы салтанатты түрде ашылды

«Керуен сарай» туристік кешенінде халықаралық «Voice of Turan – 2026» қазақ әндері фестивалі басталды. Ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Қазақстан Республикасының Мемлекетік сыйлығының лауреаты Төлеген Мұхамеджанов, еліміздің танымал жұлдыздары, қала қонақтары мен тұрғындары қатысты. Халықаралық байқаудың бірінші күні Франция, Испания, Италия, Сан-Марино, Тунис, Венесуэла, Индонезия, Ватикан, Беларусь, Болгария, Тыва, Грузия, Армения, Мексика, Қырғызстан, Куба, Гвинея, Қарачай-Черкес Республикасы, ...

Читать далее »

Әндері ел жадында, үні сахнада

Шымкент қаласының өнердегі қара шаңырағы Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры 98-маусымын жаңа қойылыммен ашты. Жаңа маусымның шымылдығы елге танымал әнші әрі композитор Ержан Серікбаевтың шығармашылығына арналған «О, қала» қойылымымен түрілді. Бұл қойылымның көрермен үшін орны бөлек. Өйткені Ержан Серікбаевтың әндері оңтүстік өңірінің ғана емес, күллі қазақтың жүрегінен орын алған. Арада жылдар өтсе де, оның әуезді әндері сахнадан түспей, ...

Читать далее »

Түркістанда 200-ге жуық шебердің басын қосқан халықаралық қолөнер жәрмеңкесі басталды

Түркістан қаласындағы Қолөнершілер орталығында «Turkistan Brand Craft Fair – 2026» халықаралық қолөнершілер және экологиялық өнімдер жәрмеңкесі басталды. Жәрмекенің салтанатты ашылуына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев арнайы қатысып, іс-шараның маңызына тоқталды. – Баршаңызды Түркістан төрінде өтіп жатқан «Turkistan Brand Craft Fair-2026» фестивалінде қарсы алу мен үшін үлкен құрмет. Өздеріңізге белгілі, туризм Түркістан облысы экономикасының басым саласының бірі. Үкімет және әкімдік ...

Читать далее »

Сыр өңірінде «Шымкент сазы» шарықтады

Қызылорда қаласының «Өнер орталығында» «Шымкент концерт» концерттік ұйымы өнерпаздарының қатысуымен «Шымкент сазы» атты концерттік бағдарламасы өтті. Кеш барысында Қазақ ұлт-аспаптар оркестрінің орындауында Шәмші Қалдаяқов әндеріне жазылған увертюра, Сүгірдің «Ыңғайтөк», Серік Әбдінуровтың «Ордабасы» және Төлеген Момбековтің «Салтанат» күйлері асқақтай шырқалды. Сонымен қатар, дәстүрлі өнер мен эстрада бағытында «Дәстүрлі әндер шеруі», Сүгірдің термесі, Агустин Лараның «Гранада» туындысы, сондай-ақ заманауи және халықтық әндер ...

Читать далее »

«Voice of Turan – 2026»: Халықаралық байқаудың жеребе тарту рәсімі өтті

Түркістандағы «Фараб» кітапханасында Халықаралық «Voice of Turan – 2026» қазақ әндері фестивалінің жеребе тастау рәсімі өтті. Әншілер кезекпен өз нөмірін таңдап алды. Салтанатты рәсімге Түркістан облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры, аталмыш жоба продюссері Мейіржан Алиакбаров арнайы қатысып, байқау қатысушыларына сәттілік тіледі. Биыл жетінші рет ұйымдастырылып отырған ән додасына 20 елден үміткер бақ сынауға келді. Олар алдымен Қожа Ахмет ...

Читать далее »